1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы



бет18/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   183
Өңеш ахалазиясының ағымдары
Жедел және ауруы біртіндеп басталған науқастарда симптомдары уақыт өте келе үдейді: дисфагия күшейеді, регургитация жиі болады.Аурудың жиі асқынуы өңеште тағам қалдықтары тұрып қалу есесінен іркілмелі эзофагит болып табылады. Жеңіл жағдайларда шырышты қабаттың гиперемиясы және ісінуі болады, ал ауыр жағдайларда тарылған аймақтан жоғары орналасқан эрозия, жаралар болып табылады. Кейінірек қан кету, өңештің перфорациясы, периэзофагит дамуы мүмкін.Созылмалы эзофагит өңеш және кардияның қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін.
Клиникалық көрінісінің сипатына қарай ахалазияның төрт кезеңін ажыратады:

  1. I кезең — өңештің кеңеюі болмайтын тұрақсыз функциональді тарылуы;

  2. II кезең — өңештің айқын кеңеюінсіз тұрақты тарылуы;

  3. III кезең— айқын өңештің кеңеюімен төменгі өңеш сфинктерінің бұлшықет қабаттарының тыртықты өзгерістері;

  4. IV кезең— кардияның айқын тарылуы, өңештің үлкен дилатациясы, ұзаруы, S-тәрізді деформациясы және эзофагитпен.

Сонымен қатар, ахалазияны 3 формаға бөледі: I кезеңге сәйкес гипермотильді, II кезеңге сәйкес гипомотильді және III—IV кезеңдерге сәйкес амотильді деп ажыратады.
Емі
Консервативті терапияны ахалазия кезінде аурудың бастапқы кезеңдерінде, сонымен қатар, кардиодилятацияға қосымша әдіс ретінде және науқастарды оперативиі емге дайындаған кезде жүргізеді. Тағам механикалық және термиялық жағынан аяулы болуы керек. Тамақтану бөлшектеп, соңғы тамақтану ұйықтар алдында 3-4 сағат бұрын болуы керек. Дисфагияның аурудың I—II кезеңінде азаюын нитропрепараттар, ганглиоблокаторлар, кальций антагонисттерін— нифедипин (коринфар және ұқсас препараттар) қолдану арқылы қол жеткізугі болады. Эзофагит кезінде өңешті анти­септикалық әлсіз ерітінділерімен шаяды.
Ахалазияны емдеудің негізгі әдісі баллонды пневматикалық кардиодилататор көмегімен кардиодилатация болып табылады. Оның мәні өңештің тарылған аймағын күштеп кеңейтуде.Аурудың әртүрлі кезеңінде кардиодилатацияны жасауға болады.Оның қарсы көрсеткіштері өңеш веналарының варикозды кеңеюімен портальді гипертензия, айқын эзофагит, қан аурулары болып табылады.
Хирургиялық емді келесі көрсеткіштер бойынша өткізеді:

  • Кардиодилатацияны жасауға мүмкіншілік болмағанда (әсіресе балаларда);

  • Кардиодилатацияның қайталамалы курстарынан кейін емдік әсердің болмауынан;

  • Кардиодилатация кезінде болған өңештің ерте анықталған жыртылулары ;

  • Ахалазияның амотильді формасы (III-IV кезең Б. В. Петровский бойынша);

  • Өңештің қатерлі ісігіне күманданған кезде. Хирургиялық емге ахалазиямен ауыратын науқастардың 10—15% жатады.

  • Геллер бойынша Экстрамукозды кардиомиотомияны баллонды дилатацияны сәтті қолданып жүргендіктен қазіргі уақытта сирек жасайды.Бұл операция кезінде өңешке зонд кіргізіп,өңештің терминальді бөлімінің тек бұлшықет қабатын 8-10 см дейін ұзына бойы кеседі. Геллер бойынша кардиотомияны пептикалық эзофагиттің алдын алу үшін Ниссен бойынша фундопликациямен бірге жасайды.90% науқастарда операция нәтижелері жақсы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет