1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы


Негізгі диагностикалық шаралар тізімі



бет183/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   183
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жарақатты көзбен көріп тексеру жəне жарақат каналының траекториясын анықтау.
2. Жүрек жиегі шекараларын перкуссиялап анықтау.
3. Пневмоторакс пен гемотораксты анықтау үшін жүргізілетін перкуссия.
4. Жарақат болған жердегі өкпе жəне жүрек жұмысының бұзылыстарын анықтау үшін жасалатын аускультация.
5. АҚҚ өлшеу жəне ЖСЖ санау.
6. ТАЖ санау.
7. Көзбен көріп тексергенде орталық веналық қысымның жоғары кернеулігінің белгілерін анықтау (беткейлік мойын венасының ісінуі, беттің ісінуі).
8. Магистральды веналарды катетеризациялағаннан кейін ОВҚ деңгейін анықтау.
9. Есі дұрыстығын анықтау.
Жедел жəрдем беру тактикасы:
1. Асфиксияның алдын алу немесе жою – ауыз жəне мұрын қуысын қан ұйындыларынан, бөгде заттардан тазарту.
2. Көкірек жарақаты кезінде асептикалық таңғыш қою.
3. Ашық жəне қақпақшалы пневмоторакс кезінде герметик таңғыш қою.
4. Көкіректің ауқымды ақауы болса жарақатқа стерильді сүлгі қойып бетіне полиэтилен қағаз қойып фикацияайтын циркулярлы таңғыш қою.
5. Сыртқы қақпақшалы жəне міндетті түрде ішкі қақпақшасы пневмоторакс болса плевралық қуысты 2-3-ші қабыртқа аралығына бұғананың ортаңғы сызығы тұсынан 3-4 Дюфо инесін енгізіп дренаж жасау, иненің бос шетіне резеңке қақпақша жалғaу.
6. Көлемді гемоторакс болса 7-8 қабыртқааралыққа ортаңғы қолтықасты сызығы плевра тұсынан қуысын дренаждау.
7. Кристаллоидты жəне коллоидты ерітінділерді құю, егер АҚ анықталмаса инфузия жылдамдығы 300-500 мл\мин, І-ІІ дəрежелі шок жағдайында 800-1000 мл мөлшерде ерітінділерді құю. Қанайналым бұзылыстарының айқын түрінде тамыр ішіне декстрандар немесе гидроксиэтилкрахмал 5-10 мл\мин мөлшерінде АҚ 90-100 мм с.б. қалпына келгенше құю керек.
8. Гемодинамиканың көрсеткіштері нашар болса регидратацияға қарамастан вазопрессорлық препараттарды құю. Бұл шара стационарға жеткізгенше жүрек тоқтап қалуды болдырмау үшін алдын алу үшін жəне уақытты ұзарту үшін жасалынады.
9. Психомоторлы қозу кезінде седативті препараттар беру.
10. Ауырсыну сезімін басу үшін жəне қақырықты түсіру үшін: 2мл 0,005% фентанил ерітіндісін, 1мл 0.1% атропин ерітіндісін құю керек.
11. Жіті тыныстық жеткіліксіздігі кезінде маска арқылы оттек беру.
12. Көкіркортаның үдемелі эмфиземасында – алдыңғы көкірекортаны дренаждау.
13. Шокпен жəне тыныс бұзылыстарымен күресу үшін зақымданған жақта Вишневский тəсілмен вагосимпатикалық блокада жасау.
14. Жіті тыныс жеткіліксіздігінің үдеуіне байланысты ӨЖЖ жəне кеңірдекке интубация жасау.
15. Нəтижелі қанайналым тоқтауы анықталса – рессуситациялық шаралар жасау.
16. Зардап шеккен адамдарды көлденең жағдайда жəне жартылай отырған қалыпта, басын 30 градусқа көтеріп тасымалдайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет