1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы



бет25/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   183
Байланысты:
хирургия жауап ауызша экзамен

Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру – бұл клиникалық белгілерге тән және/немесе өңештің дисталды қабынбалы өзгерістерінің дамуына әкелетін асқазан немесе дуоденальды ішіндегісінің өңешке тез немесе тұрақты қайталанатын лақтыруымен сипатталатын және гастроэзофагельды аймақ мүшелерінің моторлық-эвакуаторлық функцияларының бұзылуымен шарттастырылған созылмалы қайталанатын ауру.
Этиология:

Асқазан ішіндегі заттың өңешке кері өтуіне жол бермейтін – асқазан – өңештік сфинктер. Сау адамда бұл сфинктер тамақты жұтқаннан 1,5 – 2,5 секундтан кейін ашыла бастайды, 5 – 12 секунд ашылып тұрып, қайтадан жабылады. Сонымен, кардиальдік сфинктер жұтқанда ғана ашылып, басқа уақытта жабық күйінде болады. Кардиальдік сфинктердің гипотониясы немесе оның спонтанды релаксациясы асқазан – өңештік рефлюкстің дамуына әкеледі.
Өңештің төменгі сфиктерінің гипотониясын туғызатын себептер:

  • Коффеинге бай сусындарды, шай, кофе, какаоға құмарлық немесе коффеин қосылған дәрмектерді (кофетамин, цитрамон) ұзақ қолдану

  • Өңештің төменгі сфиктерінің тонусын төмендететін дәрмектерді жиі қолдану (кальций антогонистері, миоспазмолитиктер, нитраттар, холинолитиктер, анальгетиктер, теофиллин, бұрыш жалбызы) немесе зиянды әдеттер – темекі тарту, ішімдік.

  • Кезбе нервтің зақымдануы (қантты диабетте дамитын вагустық нейропатия)

  • Жүктілік (сфиктер тонусының төмендеуіне эстрогенемия мен прогестеронемияның жоғарлауы және құрсақ іші қысымының биіктеуі

Өңештің төменгі сфинктерінің спонтанды релаксациясын туғызатын себептер:

  • Невроздан өңеш перистальтикасының бұзылысы (дискенезиясы), бұл жағдайда асқазан – өңештік рефлюкс жұтқан кезде пайда болады.

  • Жүйелі склеродермия

  • Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы (өңеш тесігінің жарығы 50 – ден асқан адамдардың 1/3 – де кездеседі)

  • Тамақты қомағайланып көп және тез ішу, бұл кезде тамақпен бірге ауа көп жұтылады, осыдан асқазан ішіндегі қысым биіктеп, рефлюкс пайда болады.

  • Метеоризм

  • Жара ауруы, әсіресе 12 елі ішектің (асқазан – өңештік рефлюкс науқастардың 1/3 – де болады)

  • Дуоденостаз

  • Асқазанда ұзақ бөгеліп, асқазан ішіндегі қысымды биіктететін ауыр тағамдар (майлы ет, тоң май қосылған немесе өткір, қуырған тағамдар және ұн өнімдері – макарон, вермишель, нан, печенье)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет