15.Жүрек жарақатының хирургиялық емі. Журек пен перикардтың жарақаттары көбінесе тесіліп-кесілген және оқ тиген болады. Жүрек жарақаттарында жұмсақ тіндердің сыртқы жарасы әдетте, кеуде куысының сол жақ жартысының алдыңғы жағында немесе бүйірінде орнала- сады. Дегенмен де, 15-17% жағдайда ол жүрек проекциясынан тыс кеуде не- месе құрсақ қабырғаларында орналасады. Жүрек және перикард жарақаттары көбінесе басқа ағзалардың зақымдануымен қосарланады. Бұл кезде, әсіресе сол өкпенің жоғарғы немесе төменгі бөліктері жиі зақымдалады.
Клиникалық көрінісі мен диагностикасы.Жүрек пен перикардтың жарақаттары келесі белгілермен сипатталады: кан кету, жүректің тампонадасы симптомдары және шок. Жарақат алған наукастардың жағдайының ауырлығы бірінші кезекте жүректің жедел там- понадасымен, яғни - перикард куысына құйылған каннын жүректі кысып сығуына байланысты болады. Жүрек тампонадасынын пайда болуы үшін пе- рикард қуысына 200-300 мл қан құйылса жеткілікті, ал 500 мл қан құйылса жүректің токтау каупі туады. Тампонада нәтижесінде жүректін калыпты диастолалык толуы бұзылып, оң және сол қарыншалардың минуттық және екпінді келемдері жедел төмендейді. Осы кезде ОВК жоғарылайды, ал жүйелі артериялык кысым тез арада томендейді. Жүректің жедел тампонадасының негізгі симптомдары: тері және кілегей кабыктардын цианозы, мойыннын беткей көктамырларының кеңеюі, жедел демікпе, жиіленген жіп тәрізді пульс, пульс толуынын дем алғанда төмендеуі, артериялык кысым деңгейінің төмендеуі. Бас миының жедел ишемиясы салдарынан естен тану, естін адасуы, кейде козгалыстык козулар туындауы мүмкін. Физикалдык зерттеу кезінде жүрек шекарасының кеңеюі, жүрек және жүрекұшылық дүмпулерінің жоғалуы, жүрек үндерінің ұяндалуы анықталады. Өкпенін бірге жарақатталуы кезінде гемопневмоторакс пайда болады, оган теріасты эмфиземасының болуы нұскау болады, жарақаттанған жакта тыныс алу бәсендеп, перкуторлык дыбыс кыскарады.
Рентгенологиялық зерттеу кезінде көбінесе үшбұрышты немесе шар тәрізді формада көрінетін, жүрек көлеңкесінің кеңейгендігі және пульсациясынЫҢ күрт бәсеңдеуі анықталады. Перикард қуысында сұйықтықтың жиналғанын анықтауға мүмкіндік беретін УДЗ мен КТ маңызы зор. ЭКГ-да миокард ишемиясының белгілері ретінде вольтаждың төмендеуі тіркеледі.
EMI.Жүрек жарақаттары кезінде жедел операция жасалуы қажет. Операциялык жету жолын тандау сыртқы жараның орналасуына байланысты болады. Көбінесе төртінші-бесінші қабырғааралық сол жақ алдыңғы-бүйір торакотомияны жиі қолданады. Сыртқы жара төстің жанында орналасса, ұзына бойлық стернотомия жасалады. Перикардты ашып, тез арада жүректі жалаңаштайды. Жарақат тесігін саусақпен жабу арқылы уақытша қан ағуды тоқтатады. Осыдан кейін перикард қуысын қан мен қан ұйытқыларынан босатады. Жараны тігіп, жаракат тесігін түпкілікті жабады. Жүректі мұқият зерттеп, баска жерлерде зақымданулардың жоқтығына көз жеткізгеннен кейін операцияны аяқтайды. Операция барысында міндетті түрде жоғалтқан қанды толықтыратын, гомео- стаз бұзылысын дұрыстайтын интенсивті терапия жүргізіледі. Жүрек тоқтап қалған жағдайда оған массаж жасалып, жүрек ішіне эпинеф- рин енгізеді. Қарыншалардын фибрилляциясы кезінде дефибрилляция жаса- лады. Барлык шаралар өкпенің жасанды желдетілуі (ӨЖЖ) барысында іске асырылады. Болжам Нәтижесі жараның көлемі мен орналасуына, тампонада симптомдарынын ауырлығына, қан жоғалту көлеміне, операция жасау мерзімі мен реанимациялык іс-шаралардың толықтығына байланысты болады.
Көктамырға сұйықтық және қан компоненттерін құю. Перикардтың пункциясы. Тампонаданы емдеудің жалғыз тиімді әдісі-перикардиальды пункция. Бұл процедурада дәрігер перикардты инемен тесіп, сұйықтықты шприцпен сорып алады. Пункция жасамас бұрын пациентке қанның нашар түсуі аясында ми гипоксиясының дамуын болдырмау үшін оттегі беріледі.Перикардиальды Пункция 15-тен 60 минутқа дейін созылады, содан кейін науқас міндетті түрде ауруханада 2-3 күн бақылауда қалады. Перикардты декомпрессионды пункция кезінде бірінші минутта гемодинамиканың көрсеткіштері жақсарады, ентігу мен кеудедегі ауырсыну азаяды.
Перикард қуысының дренажын ашық операция арқылы жасауға болады: жүрекке қол жеткізу үшін төс сүйегі немесе кеуде бұлшықеттері кесіледі, содан кейін жүрек жарасы тігіледі немесе тромб алынып тасталады және перикард қуысы жуылады. Бұл әдіс перикардиальды қан кетуге, іріңді эффузияға және перикардиальды қуыстағы тромбозға қолданылады.Операция пневмоторакс немесе жүрек бұлшықетінің жарақаты сияқты асқынуларға әкелуі мүмкін. Дегенмен, науқасты басқа жолмен құтқару мүмкін емес, сондықтан операцияның пайдасы ықтимал қауіптерден асып түседі.
Торакотомия.Жүрек жарақаттарын диагностикалау жеңіл көрінгенімен, салдарымен күресу өте қиын. Жедел жағдайларға дайындық, ауыр салдардың алдын алары сөзсіз. Бұл операция кеуде қуысының сол жақ бөлігінде қабырға торының алдыңғы жолдарына өту және жүрекке массаж жасау үшін 6-8 см кесу арқылы жасалады. Антеротеральды торакотомия қабырға торының жарақатынан кейінгі жүрек ауруы жағдайында қолданылады.