Диагностикасы .Өнештін ХИМИЯЛЫҚ күйігі зақымдалуыНЫҢ жедел сатысында, рентгенологиялык зерттеулерден ағзаның закымдалуы дәрежесі жөнінде мәлімет ала алмайтындығымызды, ал эзофагоскопия жасау өңеш перфора- циясы каупін арттырып жіберетіндігін ескере отырып, диагнозды анамнездік деректерге сүйене отырып негіздейді.
EMI.Жедел сатысында ауырсынуды басу үшін ауру сезімін басатын дәрілерді енгізеді. Сілекейлену мен өңеш спазмын төмендету үшін атропин, пирен- зепин, ганглиоблокаторлар колдануга болады. Организмнен улы шыгару үшін, кажетті жағдайлар болса, асқазанды және ауыз куысын тез арада көп мөлшердегі сумен жуады немесе көп су ішкізіп, жасанды түрде кұсык тудыра- ды. Кышкылдармен күйгенде, ішке қышқылдарды бейтараптандыратын пре- параттар береді. Негіздермен уланғанда 1-1,5% сілте немесе лимон қышқылы ерітінділерін береді, ал алғашқы 6-7 сағатта антидоттар енгізеді. Стационарда шокка қарсы және интенсивті дезинтоксикациялык терапия жүргізеді, жүрек гликозидтерін, антибиотиктерді, преднизолонды (тәулігіне 2 мг/кг) тағайындайды. Сілте эссенциясымен уланғанда және тамырішілік гемолиз дамығанда ішке 5% натрий гидрокарбонатын тағайындайды, жеделдетілген диурез жургізеді. Жедел бүйрек жетіспеушілігі кезінде гемодиализ жасауға көрсеткіштер туындайды. Көмейдің күйігі орын алған науқастарда асфиксия белгілері байкалса, трахеостома салады. Өңеш перфорациясында шұғыл операция жасауға көрсеткіш туады. Аурудын жедел сатысынын барлык кезендерінде ауыз куысына мұқият күтім қажет. Өңештің тыртыкты тарылуынын алдын алу үшін наукастарға бірінші тәуліктен бастап, құрамы күнбағыс майы, бензокаиннен тұратын миксту- раны әрбір 30-40 минут 1-2 жұтымнан береді. Өңеш спазмын азайту және жұтынуды жақсарту мақсатында кальций каналдары блокаторларын (нифеди- пин және т.б.), изосорбид динитратын, суытылған сұйық тағам тағайындайды. Микстура мен тағамды ерте қабылдау өңешті «жұмсақ» буждауды жүзеге асы- рады. Тыртыкты тарылудың дамуына глюкокортикоидтарды (кортизон, пред- низолон тәулігіне 2 мг/кг) парентералды енгізу кедергі жасайды, олар енеште тыртыктардын пайда болуын тоқтатады және азайтады. Қазіргі танда өңешті 1-1,5 ай бойы ерте буждаумен (9-11 тәуліктен бастап) қатар, гиалуронидаза- ны 2 апта бойы тері астына енгізуді колдану жөн деп саналады. Өңештен ажырап түспеген некроздалған тіндердің жоқ екеніне көз жеткізу үшін, буддын (сүмбілеудің) алдында эзофагоскопия жасау керек. Дурыс ем жүргізілген күннің өзінде де, буждаумен жазылып кетпейтін тыртықты стриктурадан дамыған өңеш стеноздары наукастардың 6-10%-да орын алады. Өнеш перфорациясы каупіне орай буждауды дөрекі жүргізу кауіпсіз шара бо- лып саналмайды