1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы



бет56/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   183
Байланысты:
хирургия жауап ауызша экзамен

Крон ауруының асқынулары:Жыланкөздер,Артқы шығару аймағының зақымданулары,
Ішек стеноздары,Ішектің перфорациясы,Ішектен қан кету,Уытты мегаколон, Екіншілік амилоидоз,В12 тапшылықты анемия.
Аспаптық және лабораториялық зерттеулер:
Жалпы қан анализінде -В12 тапшылықты, теміртапшылықты, постгеморрагиялық анемиялардың белгілері, лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарлауы.
Биохимиялық қан анализінде -жедел фазалық көрсеткіштердің жоғарлауы, гипоальбуминемия, гиполипидемия, гипогликемия, гипокальцемия.
Нәжістің анализі: стеаторея, Грегерсеннің оң сынамасы, белоктың болуы, микрофлораның дисбактериозға тән өзгерістері.
Рентгенологиялық зерттеу: (энтероскопия, ирригоскопия)
Шырышты қабаттың көлемі әртүрлі жаралары, “тас көше” көріністері, ішек контурындағы тікен тәрізді өспелер, зақымданған ішек бөліктерінің қысқаруы.
Эндоскопия (сигмоидоскопия, колоноскопия) кезінде – шырышасты қабаттың ісінуі, тамыр өрнегінің жойылуы, инфильтрациялық фазадағы жаралар, ішектің стриктуралары.
Шырышты қабатты морфологиялық зерттеу кезінде -биоптатта туберкулоидтық және саркоидтық типті гранулемалар анықталады.


Крон ауруын емдеу принциптері:
Дәрісіз ем
Диета №4, 4б
Өршу кезінде аз-аздан жиі күніне 5-6 рет тамақтандыру;
Диарея ұзақ уақыттан келе жатса белок мөлшерін көбейту 1,3-2г/кг тәулігіне;
Қантты мол тағамдарды шектеу, себебі ол аурудың өршуіне түрткі болады;
Іш өтуін тоқтату үшін лактозасыз (сүтсіз) тағамдарды ішкізеді;
Стеаторея болса- майдың мөлшерін шектеу;
Темірдің, фолий қышқылының, майда еритін витаминдердің тапшылығын жою.
Дәрілік емі
Дерттің ауырлығына байланысты. Қабынуды тез басу үшін вена ішіне гидрокортизон 100мг күніне 3 рет 5 күн енгізеді. Қосымша трихополды 500мг күніне 3 рет ішкізеді. Жүрек айнуы басылған соң гидрокортизонды преднизолонға ауыстырады, оны тәулігіне 40 мг ішкізе бастайды. Ауыр анемия болса гемотрансфузия жасалады.
Егер науқастың жағдайы жақсармаса асқынуға күдіктену қажет, бұл кезде хирургиялық ем көрсетіледі.
5-аминоқышқыл туындыларымен емдеу-глюкокортикоидтардың альтернативті емі болып табылады. Сульфасалазин күніне 2 г ішкізеді, месалазин күніне 1200 мг (преднизолонмен қатар).
Дисбактериозды емдеу-метронидазол 400-500 мг күніне 3 рет немесе ципрофлоксацин 500мг күніне 2 рет.
Стероидты ем нәтижесіз болса цитостатиктер беріледі-азатиоприн 2-2,5мг/кг тәулігіне преднизолонмен бірге, ұзақтығы 1 ай.соңғы кездері преднизолонмен бірге циклоспорин 5-10мг/кг/тәул қолданылуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет