1. Диэлектриктегі электростатикалық өріс. Электр өрісіндегі диполь. Поляризацияланғыштық. Ығысу векторы, диэлектриктер өтімділік


Тұрақты токтың магнит өрісі. Ток элементтерінің өзара әсерлесу заңдылықтары. Ампер, Эрстед тәжірибелері. Био-Савар-Лаплас заңы



бет4/18
Дата15.12.2023
өлшемі2,69 Mb.
#139649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
1. Диэлектриктегі электростатикалы ріс. Электр рісіндегі дипо

2. Тұрақты токтың магнит өрісі. Ток элементтерінің өзара әсерлесу заңдылықтары. Ампер, Эрстед тәжірибелері. Био-Савар-Лаплас заңы
Био-Савар-Лаплас заңы - кез келген тогы бар өткізгіштің dl элемент өрісінің бір нүктесіндегі магнит өрісінің бағыты мен шамасын анықтайды. Осы заңға сәйкес I тұрақты электр тогының вакуумдегі магнит өрісі келесі өрнекті қанағаттандыруы тиіс
(5.6)
Модулі , (5.7)
мұндағы  – ток элементінің тудыратын магнит өрісінің магнит индукция векторы;
- ток тығыздық векторының бағытымен сәйкес келетін ток элементі;
– осы элементпен өрістің қарастырылған С нүктесін қосатын радиус-векторы, (5.2 суретті қара);
Гн/м – магнит тұрақтысы; I – өткізгіштегі ток күші.
векторы С нүктесінде оң бұранда ережесі бойынша  және   векторлар жазықтығына перпендикуляр бағытталған
№ 7 ЕМТИХАН БИЛЕТІ



  1. Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадейдің электромагниттік индукция заңы.

Магнит өрістерінің әсерінен электр қозғаушы күштерінің пайда болуы электромагниттік индукция деп аталады.
Электромагниттік индукция құбылысының екі түрі бар:
1) индукциялық ЭҚК (индукциялық ток) айнымалы магнит өрістерінің әсерінен пайда болады;
2) индукциялық электр кернеуі материялық денелердің магнит өрістерінде қозғалуы кезінде пайда болады.
Электромагниттік  индукция құбылысын 1831 ж. Фарадей ашты. Оның кітабында электромагниттік индукция магнит өрісінің әсерінен өткізгіштерде токтың пайда болуына алып келеді делінген. Максвелдің тұжырымы бойынша электромагниттік индукцияның пайда болу себебі - магнит өрісінің құйынды электр өрісін тудыруына байланысты. Бұл тұжырым электромагниттік индукцияның жалпы тұжырымы болып табылады.
Фарадей индукциялық токты екі түрлі тәсілмен 1.1 Сурет алудың жолын анықтады (1.1 суретті қара).
1 тәсіл – К қозғалмайтын катушка өрісінде Р рамканы жылжыту (немесе оның жеке бөліктерін).
2 тәсіл – рамка Р қозғалмайды, бірақ магнит өрісі К катушка қозғалғанда немесе катушкадағы ток күшін өзгерту есебінен өзгереді.
Нәтижесінде бірінші текті құбылыстар үшін электромагниттік индукция заңы (немесе Фарадей заңы) алынды: Тұйық контурда пайда болатын электромагниттік индукцияның ЭҚК сан жағынан осы контурмен шектелген бет арқылы өтетін магнит ағынының уақытқа байланысты өзгеру жылдамдығына тең және таңбасы бойынша қарама-қарсы:
.
Индукциялық токтың бағыты Ленц ережесі бойынша анықталады: индукциялық ток әрқашан өзін тудырған себепке қарама-қарсы әсер ететіндей болып бағытталады. Екінші текті индукциялық құбылыстың мысалы ретінде біртекті магнит өрісінде  магнит индукция векторына перпендикуляр  жылдамдықпен қозғалатын тогы жоқ, ұзындығы  өткізгіш алынады. Өткізгішпен бірге қозғалған әрбір электронға магнит өрісі тарапынан Лоренц күші әсер етеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет