1. Диэлектриктегі электростатикалық өріс. Электр өрісіндегі диполь. Поляризацияланғыштық. Ығысу векторы, диэлектриктер өтімділік


Фотон энергиясы, жиілігі, толқын ұзындығы



бет5/18
Дата15.12.2023
өлшемі2,69 Mb.
#139649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
1. Диэлектриктегі электростатикалы ріс. Электр рісіндегі дипо

Фотон энергиясы, жиілігі, толқын ұзындығы.

М.Планктың идеясын дамыта отырып, А.Эйнштейн жарық кванттық түрде шығарылады, жұтылады және таралады деп тұжырымдады; яғни жарық дискретті, ол бөлшектерден тұрады. Жарық кванттары фотон деп аталады. Эйнштейн гипотезасына сәйкес фотон энергиясы
, (9.1)
мұндағы  – жарық толқынының циклдік жиілігі.
Фотон с = 3∙10м/с жылдамдықпен қозғалады. Фотонның импульсі
, (9.2)
мұндағы  – толқындық вектор модулі  , ол жарық толқындарының таралу жылдамдығы векторының бойымен бағытталған. Бұл формуланы векторлық түрде жазуға болады
. (9.3)
Фотон энергиясы мен импульсы арасындағы байланыс
. (9.4)
Фотонның массасы
, (9.5)
бірақ басқа бөлшектерден айырмашылығы, фотонда тыныштық масса болмайды  .
Сонымен, фотон – электромагниттік сәуле шығару кванты. Басқа бөлшектер сияқты оның энергиясы, импульсы, массасы бар. Фотонның осы корпускулалық сипаттамалары толқындық сипаттамаларымен – жиілікпен және толқындық вектормен байланысқан.
№ 8 ЕМТИХАН БИЛЕТІ



  1. Шала өткізгіштердің электрөткізгіштігі. Таза шала өткізгіштердің, меншікті электрөткізгіштігі.

Шала өткізгіштер – қалыпты температурадағы меншікті электр кедергісі r = 10-3 ¸ 109 Ом∙см болатын заттар, өткізгіштерде бұл сипаттама r < 10-3 ¸ 10-6 Ом∙см арасында, ал диэлектриктерде r > 109¸1018 Ом∙см. Шала өткізгіштердің металлдардан негізгі айырмашылықтары:


а) таза шала өткізгіштердің электр кедергісі температураға тәуелдігі жоғары болып келеді. Олардағы кедергінің температуралық еселігі КТЕ = − (5¸6) % / ºС, металдарда КТЕ = (0,4 ¸ 0,6) % / ºС;
б) шала өткізгішке қоспа қосылса оның меншікті кедергісі азаяды. Мысалы, германийге 10-5 % мышьякты қосу оның кедергісін 200 есе азайтады, ал қорытпалардың кедергісі қорытпа құрамына кіретін жеке металлдардың кедергісінен әрқашан үлкен болады.
Шалаөткізгіштердің металдардан ерекшелігі оларда ток тасымалдаушының екі түрі болады. Олар: электрондар мен кемтіктер. Электрондар валенттік аймақтан өткізгіштік аймаққа өткен кезде валенттік зонада кемтіктер (бос орындар) пайда болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет