2.Темпераменттиптері - Темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Темперамент типтері – тұлғаның психикалық қасиеттерімен сәйкес келетін заңды құбылыс немесе байланыс. Красис (лат.- темперамент) – Гиппократ бойынша қатынас, пропорция. Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ.Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole - өт), меланхолик(melaschole – запыран). Темперамент типологиясының ішіндегі конституциялық типология (Э. Кречмер еңгізген). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.
3.Тақырыптық апперцепциялық тест жүргізу, қорытындылау -Тақырыптық апперцепциялық тест ( ТАТ ) ТАТ жобалық әдістемелер тобына жатады. Олар әлеуметтік ортада және қарым-қатынастарда көрінетін тұлғаның ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Толық тест зерттелетін адамға ұсынылатын ситуациялық суреттердің бірнешеуінен тұрады (6 – 30- ға дейін). Тест үшін арнайы , салынған ситуациялар 2 негізді талаптарға сай келетін , суреттер алынған. Егер заттар мен адамдар анық салынбаған болса, бұл ситуациялардың композициялары да дәл сол уақытты объективті анық емес болады. Бұл суреттерді өзінше қабылдағанды талап етеді. Зерттелетін адам әр қабылдауға өзінің білімін, жеке тәжірибесін, өзінің іс-әрекет әдістерін, өзінің бағаларын қолданады.
Әр суретті еркін әңгіме ретінде көрсету керек :
а) дәл осы кезде, оның ойынша, суреттегі нәрсені сипаттау .
б) осы жағдайдың тууына не себеп болды.
в) әрі қарай не болатынын болжап көру.
г) суретте салынған адам бейнелерінің сезімдері туралы абыл беру.
д) адамдардың ойын таба білу.
Омбреданоның пікірінше барлық жобалық тесттер сияқты ТАТ тұлғаның ерекшеліктерін оның жауаптарында кескіндейді. Бірақ, басқа тесттерге қарағанда , ТАТ бұл әртүрлі өмірлік ситуациялардағы тұлға іс-әрекетінің ерекшеліктерінің толық суретін көрсетеді.