1. Дифференциалды психология пәні мақсат, міндеттері


Билет № 6 1.Орта және тұқымқуалаушылықтың байланысы -



бет8/38
Дата20.06.2023
өлшемі82,41 Kb.
#102530
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Билет № 6
1.Орта және тұқымқуалаушылықтың байланысы - Адамның жеке басының дамуында тұқым қуалаудың және қоршаған ортаның атқаратын рөлін түсіну үшін генотип және феготип деген ұғымдардың маңызы зор. Генотип-организмнің тұқым қуалаушылық негізі, оның хромосомдарында жинақталған гендердің қосындысы. Басқаша айтқанда, бұл- организмснің өз ата-анасынан алатын генетикалық конституциясы (ден құрылысы). Фенотип –организмнің жеке даму барысында қалыптасқан барлық қасиет, белгілерінің жиынтығы. Фенотип организмнің дамуы іске асатын сыртқы ортамен өзара әрекеттесуіне байланысты айқындалады. Генотиптен фенотиптің айырмашылығы сол, фенотип организмнің бүкіл өмір бойында өзгереді. Сөйтіп, фенотип генотиппен сыртқы ортадан тәуелді болады. Бұл ұрықтас егіздердегідей, бірдей генотиптер түрліше ортаға тап болса, түрліше фенотиптер беруі мүмкін. Фенотипке әсер ететін факторлардың бәрін ескере отырып, адамның фенотипін құратын бірнеше элементтерді атауға болады:
А) гендерде хабарланған биологиялық нышандар; ә) табиғи және әлеуметтік орта;
б) жеке адамның іс-әрекеті ; в) ақыл-ой (сана, ойлау).
Тұқым қуалау мен ортаның адам дамуындағы өзара қарым-қатынасы адам өмірінің бүкіл өнбойында болады. Алайда организмнің қалыптасу кезеңдерінде: ұрықтың өсіп- өнуі, баланың емшектегі кезінде, сәбилік, балалық, жас өспірімдік кездерінде оның маңызы ерекше болады. Міне дәл осы кезеңдерде адам тұлғасының қалыптасуы мен дамуы айрықша күшті болады.
2. Темперамент теориялары - Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады: 1. Гуморальді теориялар; 2. Конституционалды теориялар; 3. Жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты темпераментті түсіндіруші теориялар. «Гумор» сөзі сұйықтық дегенді білдіреді. Ағза сұйықтықтары қозғалымпаз, оның динамикалық бөлігі. Сондықтан мінез-құлық ерекшеліктерін ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырады. Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай сұйықтық басым болса, соған байланысты 4 темперамент типінің бірі сай келеді: қан басым болса - сангвиник типі, сөл басым болса - флегматик типі, сары өт басым болса - холерик, қара өт басым болса - меланхолик типі. Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің басым болуы климат жағдайына және адамның айналысатын іс-әрекетіне байланысты. Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші конституционалды теориялар қатарына Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері жатады.Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик. Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Темперамент теорияларының үшінші тобын құрайтын жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты теориялар қатарына И.П. Павлов еңбегі жатады. Жүйке процестерінің қасиеттері қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет