Іс-әрекет психологиясы. Іс-әрекеттің психологиялық теориясы. Психологиядағы тұлға мәселесі.Қарым-қатынас психологиясының ерекшеліктері Жоспар Іс-әрекеттің жалпы психологиялық сипаттамасы
Іс-әрекеттің теориясы және психология пәні
Әрекет пен белсенділік физиялогиясы
Қозғалу дағдысының қалыптасу процесі және белсенділік принципі
Іс-әрекет –адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субъектінің өзара қатынасының динамаикалық жүйесі.
Тірі материяның өлі материядан, жоғары формалардың төмен формалардан айырмашылығы – белсенділікте. Адамның белсенділігі өте көп қырлы. Жануарға тән түрлі формаларға қоса, адамда белсенділіктің ерекше формасы – іс-әрекетті айтуымызға болады. Іс-әрекетті адам белсенділігінің ерекше түрі ретінде анықтауға болады: ол мәдениеттің материалды және рухани дүниесін құрайды, өзінің қабілеттерін дамытады және адам қолмен сана арқасында құрал жасап, оны іс-әрекетті қолданылуы – жануар белсендігінен әрекеті продуктивті, өнімді сипатқа ие. Жануар белсенділігінен тағы бір айырмашылығы: егер жануар белсенділігі тек биялогиялық қажеттіліктерден туса, адам іс-әрекетіне өнер, танымдық қажеттіктер түрткі болады. Сонымен қатар адам іс-әрекетінің формалары жануарларға тән емес, күрделі қимылдық үйренулер мен дағдылар мен байланысты. Мәселен, баланы кішкентайынан бастап түрмыстық заттарды қолдануға (қасық, пышақ, орындық, сабын) үйретеді. Соның нәтижесінде жануар белсенділігінен өзгеше заттық іс-әрекет пайда болады.
Сонымен, адам іс-әрекетінің жануар белсендігінен негізгі айырмашылықтарына тоқталатын болсақ:
Адам іс-әрекеті продуктивті, творчествалық сипатқа ие. Ал жануар белсенділігі табиғатта берілгеннен басқа ешнәрсе жасай алмайды.
Адам іс-әрекетті құрал немесе әдіс ретінде қолданылатын мәдениеттің материалды және рухани дүниесімен байланысты.
Іс-әрекет адамды, оның қабілеттері мен қажеттіліктерін, өмір шарттарын дамытады. Ал жануарлар белсенділігі негізінен олардың өзінде және өмір шарттарын өзгертпейді.
Адам іс-әрекеті, оны орындаудағы түрлі формалар мен әдістер – тарихи өнім болып табылса, жануардың белсенділгі бтологиялық эволюциялық нәтижесі болып табылады.
Заттық іс-әрекет адамға туыла берілмейді, ол заттарды қолдануда мәдени түрде белгіленіп қойған. Мұндай іс-әрекетті оқу және тәрбие барысында қалыптастырып, дамыту керек. Ал жануарлар белсенділгі алдын-ала, яғни геонетиптік тұрғыда берілген.
Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілгі, ал кез-келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады.
Іс - әрекет тек бірғана мотив үшін іске аспайтынын айта кету керек. Кез келген ерекше іс-әрекет мотивтердің жиынтығына негізделуі мүмкін. Мотивтердің бірі әрдайым жетекші, ал екіншісі тұрлаусыз болады. Осы тұрлаусыз мотивтер ынталандыдру-мотиві болып келеді.
Мтоивтер мақсаттың қалыптасуымен әрекеттерді туғызады. Біз атап кеткендей, мақсат әрқашанда саналы болады, ал мотивтің өзін екі үлкен классқа бөлуге болады: іс - әрекеттің саналы және санасыз мотивтері. Мысалы: саналы мотивтерге өмір мақсаттарын жатқызуға болады. Бұл мақсат –мотивтер. Мұндай мотивтердің болуы үлкен адамдардың көпшілігіне тән. келесі класқа мотивтердің көпшілгі жатады. Белгілі жасқа дейін кез келген мотивтер санасыз болып келуін айта кету керек.
Санасыз (бейсанасыз) мотивтер санада ерекше формада көрінеді. Олардың формасы екеу: эмоциялық және тұлғалық мағына.
Іс - әрекет теориясында эмоциялар іс-әрекет нәтижесінің мотивке деген қатынасын бейнесі ретінде сипаттайды. Мотив жағынан алғанда іс-әрекетсәтті өтіп жатса, оң эмоциялар пайда болады, ал егер сәтсіз өтіп жатса, теріс эмоциялар болады. Адам күйін басқаратын эмоциялар туралы А.Н.Леонтев ғана зерттеп қоймай, сонымен қатар бұл туралы Э.Фрейд, У.Кэннон, у.Джеміс, Г.Ланге тәрізді ғалымдар жазған.
Іс - әрекеттің психологиялық теориясы ондаған жылдар бойы кеңес психологиясында жетекші болғанының себепшісі – дәл осы аспект. Осы уақытқа дейін біз тек қана сыртқы бақылаушыға көрінетін практикалық іс-әрекетті сөзетіп келдік. Бірақ іс-әрекеттің басқа түрі бар, ол – ішкі іс - әрекет. Ішкі іс-әрекеттің функциялары неден тұрады? Ішкі әрекеттер сыртқы әрекеттерді дайындайды. Олар адам әрекеттерін үндемеуге көмектеседі. Бәрінен бұрын олар қателіктер жасамауға мүмкіндік туғызады.
Ішкі іс-әрекет екі негізгі қасиеттермен сипаталады: біріншіден; ішкі іс-әрекет құрлымы сыртқы іс-әрекет құрлымымен бірдей. Олардың айырмашылығы тек - өту формасында. Ішкі іс-әрекет пен сыртқы іс-әрекет арасындағы айырмалық ішкі іс-әрекет қимылдары шынайы заттармен емес, олардың бейнелерімен жүзеге асады.
Екіншіден; ішкі іс-әрекет сыртқыдан интериоризация процесі жолымен пайда болады.
Іс-әрекет теориясының авторлары ішкі іс-әрекет арқылы сана проблемасы мен психикалық процесттердің талдауы деген мәселелерге тоқталады. Іс-әрекет теориясы авторларының ойы бойынша, психикалық процестердің талдауы деген мәселерге тоқталады. Іс-әрекет теориясы авторлардың ойы бойынша психикалық процестерді іс-әрекет позициясынан талдауға болады, өйткені кез-келген психикалық процесс белгілі мақсатпен жүзеге асып, өзінің операциялық-техникасы болады.
Қортынды ретінде іс-әрекеттің психологиялық тоериясының әдіснамалық маңызына тоқтала кетейік. Кеңес психологтарының ғылыми жұмыстары мен зерттеулерінің көпшілгі іс-әрекеттік ыңғай принципіне негізделеді. Мұнда адамның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, адам іс-әрекетінің психикалық аспектілері немесе іс-әрекеттің заңдылықтары зерттеледі.
Психомоторика туралы жалпы түсінік.Осы бөлімде бізкеңес психологиясының орталық түсінігімен таныстық, ол іс-әрекет. Іс-әрекет – бұл өте күрделі және көп аспектілі құбылыс. Бұл құбылысты психикалық және физиологиялық процестер бірлігінің арқасында пайда болады. Кеңес ғалымдарының ішінде өміріміздің керекті шарты ретінде әрекетке ең алғаш болып көңіл аударған И.М.Сеченов. Бұл мәселені ол "Бас мидың рефлекістері" деген кітабында дамытады.
Әрекет ұйымдастырудың механизімдері. Психологияда қазіргі таңдағы әрекет физиологиясы туралы түсінікті эксперименталды түрле дәлелдеген белгілі ресейлік ғалым Н.А.Бернштейн.
Жоғарғы білімі бойынша невропотолог-дәрігер, алғылыми қызығушылғы бойынша физиолог болған Н.А.Бернштейн ғылыми әдебиетте белсенділік принципін жақтаушысы болды. Бұл принцип іс-әрекет теориясының негізі болып есептеледі. 1947 жылы Бернштейіннің "Әрекеттің құрлымы" деген негізгі кітабы шықты. Бұл кітап мемелкеттік силыққа ие болды.
Бернштейіннң зерттеу объектісі – қалыпты организім және адамның қимылдары. Бернштейіннің зерттеулерінде еңбек қимылдарын көп көңіл бөлінді.Бернштейн жасаған алғашқы қортынды мынадай болды: ол әрекетті басқарудың жаңа принціптерін ұсынды. Ол сенсорлық коррекциялық принципі деп аталады.Қозғалу дағдысының қалыптасуын Бернштейін өте жете қарастырған. Бұл процестерді қарастыра отырып, ол үлкенірек кезеңдерге жіктелетін жеке фазаларды бөліп шығарады. Бірінші кезеңде қозғалыспен алғашқы танысу кезеңі болады. Бернштейіннің ойы бойынша, барлығы қозғалыстың құрамынан бастлады, яғни оны неден бастау керек, қалай орындау керек, қозғалыстың қандай элементтері, қандай ретпен орындалу керек деген сияқты сауалдар.
Бұл фазадан кейін келесі фаза келеді, ол алғашқыға қарағанда еңбекті талап етеді – қозғалыстың ішкі картасының анықталу фазасы.
Осы процестерден кейін біз қозғалыстың автоматтануына тоқталайық. Осы кезеңде жеке компонентердің толық немесе толық қозғалыстардың берілуі жүреді. Нәтижесінде жетекші деңгей жартылай немесе түгелдей бұл әрекет туралы міндеттерден арылады.
Соңғы, үшінші кезеңде стандарттау мен тұрақтанудың арқасында дағдының тегістелуі жүреді.
Жоғарыда сипатталған қозғалыс теориясы Бернштейінің белсенділік принципімен тығыз байланысты. Белсенділік принципі реактивтілік принципіне қарма-қайшы болып келеді.
Сонымен қатар белсенділік принципіне философиялық аспектісін айта кетейік. Философияның орталық сұрауларының бірі – ол өмір және тіршілік әрекеті дегеніміз не деген сауал. Әдетте, бұл сауалға, тіршілік әрекеті дегеніміз – қоршаған ортаға бейімделуідің үздіксіз процесі, деп жауап береді. Бернштейіннің ойынша, ол қоршаған ортаға бейімделудің үздіксіз процесі емес, ішкі бағдарламалардың іске асуы. Мұндай іске асу кезеңде организм әртүрлі кедергілерді бастан кешіреді. Бейімделу процесі де жүреді, бірақ оның маңызы азырақ.
Қортындылай келсек Бернштейін теориясының психологиядағы маңызына көңіл аударайық. Осы теорияның арқасында психологияда физиология тұрғысынан белсенділік принціпінің әділдігі расталады. Яғни, іс-әрекеттің психологиялық теориясы да мақұданады. Бернштейін зерттеулерінің нәтижелеріне сүйене отырып психика – адам іс-әрекетінің белсенділігінің қайнар көзі деген қортынды жасай аламыз яғни белсенділік - тек физиологияық емес, сонымен қатар әлеуметтік және психикалық деңгейде көрінетін әрбір адамға тән қасиет.