№1 дєріс Психология ѓылымыныњ жалпы мєселері



бет5/22
Дата26.04.2023
өлшемі338 Kb.
#87354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Абульханова-Славская К.А.Деятелность и психология личности.-М.: Наука, 1980.

  2. Гиппернейтір Ю.Б. Введени в общую психологию. –М., 1988.

  3. Рубинштейін С.Л, Основы общей психологии.- М.,1988.

  4. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте: Психолог иследование.- М.: Просвешение, 1968.

  5. Бодалев А.А. Психология личности. – М.: Мысль,1988

  6. Леоньтев А.Н. Деятелность. Сознание. Личность.-2-е изд. –М.: Политизлат , 1977.

3 дәріс


Психикадық құбылыстарға сипаттама. Психологиядағы танымдық процестер.Түйсік. қабылдау, зейін.

1.Түйсік таным негізі.
2.Түйсіктердің физиологиялық негіздері. Түйсіктердің жіктелуі және негізгі түрлері,
3. Қабылдау туралы жалпы ұғым .Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері мен түрлері

1.Түйсік таным негізі
Біз енді танымдық психикалық процестерді қарастыруды бастап,ең алдымен,олардың ішіндегі ең қарапайымы - түйсіктерге тоқталамыз. Түйсік – бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнің ішкі күйлерінің жеке қасиеттерін бейнелеуде көрінетін қарапайым психикалық процесс.Бұл процесс материалдық тітіркендіргіштердің сәйкес рецепторларға тікелкй әсері нәтижесінде жүзеге асады. Рецептор – бұл дененің үстінде немесе оның ішінде орналасатын және табиғаты жағынан әр түрлі тітіркендіргіштерді физикалық,химиялық,механикалық және т.б. қабылдауға және оларды жүйкелік электр импульстеріне түолендіруге арналған арнайы органикалық құрылғы. Түйсіктер біздің дүниежүзіндегі білімдеріміздің ғана емес , сондай-ақ біздің сезімдеріміз бен эмоцияларымыздың да қайнар көзі болып табылады. Эмоциялық күйзелістің ең қарапайым түрі – бұл түйсіктің сезімдік немесе эмоциялық тоны,яғни түйсіктермен баланысты болатын сезім. Мысалы кейбір түстер дыбыстар,дыбыстар мен иістердің, олардың мініне,олармен байланысты болатын естеліктер мен ойларға тәуелсіз,бізде жағымды және жағымсыз сезімді тудыратыны бәрімізге жақсы белгілі. Ал енді түйсіктердің адам тіршілік іс-әрекетіндегі рөліне келер болсақ, оның рөлі өте зор. Себебі олар бізге сыртқы дүние және өзіміз жайлы білімдерді береді. Сыртқы ортаның сан-алуан әсерлері,дыбыстары мен бояулары,иістері мен температурасы,мөлшері және т.б.жөнінде мәліметті біз сезім мүшелеріміз арқылы алып,оларды жан-жақты танып білеміз. Сезім мүшелерінің ақпаратты алу,сұрыптау,жинау және миға жіберу процестері негізінде әсер еткен объектінің адекватты бейнесі қалыптасады. Осындай күрделі процесс, В.П.Зинченконың пікірінше,үздіксіз болып отырады. Сезім мүшелері – сыртқы дүниені адам санасына жеткізетін каналдар. Сезім мүшелері адамның сыртқы ортада және өз ішкі күйінде бағдарлай алуына мүмкіндік береді. Адам қоршаған дүниеден ақпаратты алу тепе-теңдікте немесе баланста болу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет