№1 дєріс Психология ѓылымыныњ жалпы мєселері


Түйсіктердің жіктелуі және негізгі түрлері



бет7/22
Дата26.04.2023
өлшемі338 Kb.
#87354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Лекции по психологии

1.3.Түйсіктердің жіктелуі және негізгі түрлері
В.Вундтың энергетикалық жіктеуі.1898 ж В.Вунд рецепторлардың адекватты тітіркендіргіштердің энергиясына тәуелділік классификациясын ұсынды. Ол механикалық,химиялық және жарықты сезгіштікті қабылдауға арналған рецепторлардың келесі үш типін бөліп шығарды: 1)механорецепторлар тканьдердің деформациясының, жиырылуының немесе жылжуының механикалық энергиясын қабылдайды. Олар бүкіл дененің бетінде және ішінде орналасқан: теріде,бұлшық етте,сіңірлерде,тамыр қабырғаларында т.б. 2)хеморецепторлар – рецепторлардың анағұрлым ежелгі тобы. Химиялық заттарға сезгіштік бірклеткалық организмдерде де болады. Жоғары дамыған сезгіштік насекомдардың хеморецепциясына тән. 3)фоторецепторлар – жарықтық энергияны қабылдайды. Жарықтық тітіркендіргіштерде сезгіштік филогенез де прогрессивті түрде дамыған. Оның эволюциясы – көру мүшесі көздің өзгеруімен байланысты. 1906ж Ч.Шерингтон организмде орналасуы мен атқаратын қызметі бойынша сенсорлық процестердің жіктеуін шығарды. Ол сезгіштіктің үш тобын бөліп көрсетті:интероцепция,экстероцепция,проприоцепция. 1)Экстрорецептивті деп сыртқы тітіркендіргіштердің әсерлеріне сезгіштікті айтады. Ол бес негізгі модалдықтан тұрады – көру,есту,сипап сезу,иіс және дәм сезу. Экстрорецептор маңызды бағдарлаушы және реттеуші қызметін атқарады. 2)Проприоцептивті - дененің немесе оның бөліктерінің кеістіктегі орналасуы мен қозғалысына сезімталдық. Қозғалысты қабылдауға арналған проприоцепцияның түрін кинестезия деп атайды. 4)Интероцептивті – организмнің ішкі ортасында жүретін алмасу процестеріне сезгіштік. Мұның қатарына механо және хеморецепторлар кіреді. Олар барлық ішкі мүшелерде кездеседі. Ал енді түйсіктің түрлеріне келетін болсақ, оның негізгілеріне : тері түйсіктері жанасу,қысым,сипап сезу,температуралық түйсіктер,ауырсыну түйсіктері,дәм сезу,көру,есту,күй-қалып пен қозғалыс түйсіктері (статикалық және кинестетикалық), сондай-ақ органикалық түйсіктер (аштық,шөлдеу,жыныстық түйсіктер,ішкі мүшелерді түйсіну және т.б.) 1.Органикалық түйсіктер. Олар біріншіден организмнің органикалық қажеттіліктерімен байланысты туады,екіншіден ішкі мүшелердің қызметінің бұзылу кезінде пайда болады. Органикалық түйсіктерге аштықты,шөлді түйсіну,жүрек-қан тамырлық,тыныс алу және жыныстық жүйеден келетін түйсіктер,сонымен қатар жалпы көңіл күйдің жақсы немесе жаман сезімдік негізін құрайтын айқын емес,ажыратылмайтын түйсіктер жатады. 2)Тері сезгіштігі сезім мүшелерінің классикалық физиологиясы бойынша төрт түрге бөлінеді: ауырсыну,жылулық,суықтық,жанасу және қысым. 1.Аырсыну түйсігі биологиялық өте маңызды қорғаныс бейімі болып табылады. Сипаты мен күші бойынша қиратушы тітіркендіргіштердің әсерінен ауырсыну организм үшін қауіпті әсерлер жөнінде белгі береді. 2.Температуралық түйсіктер бізге жылулық пен суықтықтың түйсігін береді. Бұл сезгіштік дене температурасын рефлекторлық реттеу үшін үлкен маңызға ие. Сезім мүшелерінің классикалық физиологиясында жылулық пен суықтыққа сезгіштікті екі,бір-біріне тәуелсіз сезгіштік түрлері ретінде қарастырады. 3.Жанасу,қысым түйсіктері өзара өте тығыз байланысты.Қысым қатты жанасу болып табылады. Ауырсынумен салыстырғанда жанасу мен қысым түйсіктерінің салыстырмалы нақты локализациясы болады. 4.Есту түйсіктері сөйлеу мен музыканы қабылдаумен байланысты.есту түсіктері есту рецепторына әсер ететін дыбыс шығарған денемен тудырылатын және ауаның кезекпен шоғырланып,сиреуі болып табылатын дыбыстық толқындарды бейнелеу. 5.Көру түйсігі көзге жарық сәулесінің әсері нәтижесінде пайда болады. Біздің көзіміз жалпы түстерді емес,белгілі бір қашықтықта орналасып,түрлі формада,көлемде және т.б. болады. Көру бізге объективтік шындықтың барлық осы көп түрлі қасиеттерін бейнелендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет