48. Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» атты еңбегі Француз классицистерінің теоретигі Н.Буало болды. Көпшілік оның алдында құрақ ұшып жүгіріп, оның кекесінді бағасынан, әділ сынынан қорқатын. Алайда сыншы шын дарындарды қадірлейтін. Оның өнер теоретигі ретіндегі зор беделі күллі Еуропада ХҮІІ ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталып романтизм дәуіріне дейін дүркіреп тұрды. Буало француз классицизмі қалыптасып, өз жемісін беріп жатқан уақытта әдеби сахнаға шықты. Ол негізінен ақындардың тәжірибелерін жалпылап, қорытындысын шығарып берді. Классицизм теориясы, оның жетістіктері мен кемшіліктері Буало атымен тығыз байланысты. Н.Буалоның классицизм теориясы жөнінде жазылған еңбегі «Поэтикалық өнер» деп аталды. Буало авторларға «дарын» дегеннің түсіндірмесінен бастайды да, тым алшаққа кетіп трагедияны «қайғыға толы жүздеген өліктермен» толтыра бермеуге, ештеңеге қажеті жоқ майда-шүйдені суреттей бермеуге, тым асқақтап аспанға көтеріліп кетпеуге, тым төмендеп, былғаныш лайсаңға түсіп кетпеуге» кеңес береді.[3] Яғни жазушыларды салмақтылыққа, ұстамдылыққа, мазмұндылыққа, әр нәрсенің шегін, өлшемін сезіне алуға шақырады. «Ақиқаттан асқан әдемілік жоқ» деген Буало сөздерімен келіспеуге болмайды. Жекелеген ақындарға баға беру үстінде де ол нәзік талғам танытады. Саналылық, ақыл, ой әдеміліктің синонимі ретінде қарастырылады. Ақыры «Сананы сүйіңіз, ол сіздің өлеңіңізде өмір сүріп, оған көрік беріп тұрсын» дейді.
49.Әдебиет сынының қоғам өміріндегі рөлі Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Ә.с. да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады. Ә.с-нда берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Ә. с. көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.
Ә. с-ның тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауда Ә. с-ның рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың,
Ыбырай Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты
айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. Ұлттық әдебиетіміздің түрлі мәселелері жайлы С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлұлы, С. Сұлтанбек Қожанов, Ы. Ыдырыс Мұстанбаев, Досмұхамедов, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бәйділдин, Х. Жүсіпбеков, Е. Бекенов, Ш. Тоқжігітов, Б. Кенжебаев т.б. өз ойларын ортаға салып, әдеби өмірде белсенділік танытты. 80 ж-дардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі бетбұрыстар қазақ Ә. с-ына да тың серпіліс әкелді; алға жаңа міндеттер қойды. Мұндай үлкен міндеттерді атқаруға сынның ғыл. сипаты артып, әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті. Қазіргі кезде Ә. с. жан-жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды. Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала, сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публист. немесе ғыл. очерк), сын-монография т.б. жанрлық түрлері дами бастады.