1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі фольклор теориясына қатысты     ой-толғамдар



бет25/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі фольклор теориясына қатысты     ой-толғамдар

А.Байтұрсынов қара сөз бен дарынды сөз жүйесін сөз ету барысында, əдебиеттің тегі мен түрі мəселесіне келгенде фольклор жəне əдебиет тарихына шолу жасап өтеді. Бұл турасында З.Қабдолов:«Мұның өзі бір қарағанда əдебиет туралы ғылымның екі саласын (тарихы мен теориясын) қосып, қойыртпақтап жібергендей көрінеді. Бірақ байыбына барыңқырасақ, ол мұнда да əдеби- теориялық ұғымдар қалыптастырып, өзінің «Əдебиет танытқышын» тағы да сөз өнерінің əсем əліппесінде айналдырады», — деген пікір білдіреді. Алайда автор фольклор туралы ой-толғағанда оны жанрлық тұрғыдан классификация жасаудың алғашқы жобасын жасап, ғылыми анықтамасын жазып шықты. М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» 1927 жылы, Х.Досмұхамедовтің «Қазақ халық әдебиеті» 1928 жылы шыққаны белгілі. Ендеше осы екі еңбектегі қазақ фольклорының жанрлық тұрғыда жүйеленуіне негіз болған да осы «Әдебиет танытқыш» екені даусыз. Реті келгенде айта кетуге тура келеді. Жалпы алғанда кеңестік дәуірдегі фольклортану саласындағы еңбектерге Ахаңның «Әдебиет танытқышының» теориялық және әдіснамалық тұрғыдағы жетекшілік рөлі назардан тыс қалып келді. Ұлттық фольклор тарихын зерттеушілер тарапынан тарихи салыстырмалық сипатта тереңдете қарастырылса, бірталай жағдайдың беті ашылар еді.

Біздің ойымызша, автор фольклор туралы ой- толғағанда оны жанрлық тұрғыдан классификация жасаудың алғашқы жобасын жасап, ғылыми анықтамасын жазып шықты.

Ал əдебиет тарихына келгенде, А.Байтұрсынов оны дəуірге бөлуде өзіндік көзқараспен қарайды. Жазба əдебиетті діндар дəуір жəне ділмар дəуір деп бөлгенімен, кейін оны сындар дəуір деп тармақтайды да, ол ұлы Абайдан басталады деп көрсетеді. 20-жылдардың бас кезінде жазба əдебиетті Абайға дейін жəне кейін деп бөлген көзқарас ғана бола алды. Р.Мəрсеков «Қазақ əдебиеті жайынан» («Қазақ», 1914, № 112) атты мақаласында «жазудың қазақ арасына көбірек тараған заманындағы əдебиет» деп атаған дəуірді, М.Əуезов «Қазақ əдебиетінің дəуірі» («Шолпан», 1923, № 5) мақаласында «көшпелі дəуір əдебиеті» атаған кезеңді (Абайға дейінгі) сөз еткенде діни сарын мен шығыстық сюжетті желілерді жырлау басым болғанын атап көрсеткен болатын. Сондықтан да болар, А.Байтұрсынов бұл кезеңді «діндар дəуір» деп атап, оған қисса, хиқаят, мысал, насихат (үгіт), мінажат, мақтау, даттау, айтыс, толғау, термені жатқызады. Бəрін дұрыс демеген күннің өзінде қисса мен хиқаятты фольклорлық жанрға бірде енгізіп, бірде енгізбей келгеніміз, əдебиет теориясынан орын бермегеніміз рас қой.

http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1106193&simple=true&lang=kk




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет