1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


Қазақ поэзиясындағы осындай портреттің тамаша үлгісі



бет31/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
Қазақ поэзиясындағы осындай портреттің тамаша үлгісі— Қыз Жібектің сүлулығын бейнелеу, Ақ Жүністің көркін суреттеу. Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясында Тоғжанның портреті де бірнеше тұста өте әсерлі суреттелген. Мысалы: “Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғханның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөрік, білек толған неше білезіктері — баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мүрын, қара көз қыздың хіп-хіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабар хендеттің жебесіндей.Тоғхан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса, сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір хазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар ханның хеңіл әсем қанатындай. Биікке,

алысқа мегзейді... Абай көпке шейін Тоғхан хүзінен көзін ала алмай, телміре қарап қалады".

Әдебиеттегі портреттің өзгешелігі, мысалы, суретші бояумен кескіңдеген портреттен айырмасы, ол адамның бет-әлпетін, кейпін тұтас бейнелемей, көбінесе жекелеген ерекшеліктер, есте қаларлықтай сипат-белгілер, көркемдік детальдар арқылы көрсетеді. Суретші жасаған портретте адамның бет-пішіні, өң-шырайы, келбеті қалайда бүтіндей

алынады, ал әдебиет шығармасында портрет бояумен емес, сөзбен мүсінделгендіктен, кейіпкердің бет-пішіні, кескін-кейпі суреттелген жеке сипат-белгілері негізінде ойша толықтырылып көзге елестетіледі. Сондықтан мұнда портретке қажетті бөлекше қасиет-белгілерді екшеп, дәл көрсетудің, үтымды көркем детальдар қолданудың маңызы

айрықша болады.Қылқалам шебері кейіпкердің түсін түстеп, кескін-келбетін көзбен айқын көретіндей түрлі бояумен нақтылы бейнелегендіктен мүнда портреттің өзгеге ешбір ұқсамайтын даралық сипаты басымырақ болады Ал әдеби шығармадагы портретті алсақ, оның даралық қасиеті өзіншек бөлек, мұнда сурет өнерівдегі портретке қарагавда кейіпкердің бет-әлпетін, кескінін ойша еркін елестетуге мүмкіндік молырақ.

Ахметов 3.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет