1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


Эстетика. Эстетикалық категориялардың көркем туындыдағы көріністері



бет34/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65
Байланысты:
ЭКЗАМЕН ӘТ

Эстетика. Эстетикалық категориялардың көркем туындыдағы көріністері

Эстетика – болмысты суреттеудегі әдебиеттің адамның эсетикалық санасын байытып, жан тазалығы, эстетикалық ләззат беретін әдемілікті идея мен мақсатқа сай суреттеу. Эстетиканы анқтаудың үш шарты бар: 1) тұтастық, 2)үйлесім, 3) айқындық.


  1. Көркем туындыдағы психологизм




  1. Әдебиеттегі бейне және бейнелілік (образдылық) мәселелері

Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Бұл мәселені дұрыс таратып түсіну үшін, әуелі, әдебиеттің объектісі - өмір болғанда, предметі – адам екенін ескеруіміз керек. Кітап не туралы жазылған, симфония не туралы, сурет не туралы салынған, қандай сұрақ болсын жауап біреу – адам туралы, адамның әсемдігі, адам рухының керемет күштілігі, оның қасиеттері туралы. Өнер туындысының бәріне ортақ мазмұн адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты. Адам тағдыры суреткер үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі. Мұнда әңгіме дайын әдеби қаһарман жөнінде емес, сол қаһарманды жасаудағы қаламгердің бүкіл творчестволық іс-әрекеті, ойы, қыры. Ойдан шығару жалпы образға бартын жол, суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Ойдан ышғару шығармада суреттелген шындықтан шалғай

жатқан оқыс нәрсе емес. Сол шындықты сұрыптау, саралау тәсілі. Шындыққа суғарылған адам тұлғасын әрі жинақтау, әрі даралау тәсілі. Әдебиеттегі образ екі түрлі мағынада қолданылады: 1) көркем бейне, кейіпкер, тип. 2) суретті сөз. Образдылық суреттілік, яғни сөздегі сурет. Әдебиеттегі адам бейнесін жасау сан түрлі амал-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Ал жинақтау тек типтендіру тәсілімен жүзеге асады. Типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын, қалыптасуымен қатар оның ішкі ерекшелгін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек оқшау танытып тұратын оның тек өзіне тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашанда оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жатады.

әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз-ақ жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы тұрғыдан түсінген жөн. Портрет (французша «бейнеленген» деген мағына береді) – әдеби кейіпкердің сырт-көрінісін, кескін-кейпін, бой, тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің зор мәні бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әртүрлі жағдайда, күрес-тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы өзінің әрекет, қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып, жазушы портреттік сипаттарға көңіл бөледі. Негізгі қаһарманның келбеті, бой, тұлғасын, жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп әсерлі бейнелеуге мән береді.

Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде-бір өрнек - өмір суреті жоқ және болуы да мүмкін емес. Бұл ретте, көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әшейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсіл десек, ағат айтқан болмаймыз. Өйткені адамның сыры мен сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл-күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы мүмкін емес. Пейзаж (французша «ел-жер» деген мағына береді) - әдеби шығармаларда жаратылыстың, яғни табиғаттың әсем көрінісі, көркемдік бейнесі. Суреткер әдеби шығармаларда көркемдік ойлаудың ажары ретінде, образдық жүйенің арқауы ретінде табиғат келбетін ерекше бір ұсталықпен суреттеуі.

Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан.

Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрлі: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ т.б.

Образдың қазақшасы-көркем бейне. Бұл- кеңірек ұғым. Ең қарапайым мағынасында образ- суретті сөз.

Күлімсіреп аспан тұр

Жерге ойлатып әр нені (Абай)

Әдебиет теориясында образ деген ұғымның екі түрлі мағынасы бар. «Күн кірпігі от шашқан» деген бір ауыз ғана сөзді алсақ, бұл да образ. Бірақ бұл образдың тар мағынасы. Ал кең мағынасында образ- белгілі бір әдеби шығармадағы адам, көркем бейне. Оның эстетикалық мәні зор. Ол- әрі нақты, әрі кеңейтіле көрсетілген күрделі характер, типтік тұлға. Образдылық- суреттілік, сөздегі сурет. Осындай түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әр сөз өзара қатар түзеп, тіркес құрағанда, біртүрлі бір қиял жетпес қызық айнаға айналып, оның бетіне ақиқат шындықтың өзгеше айшық өрнегі сурет-сәулесі түсетін тәрізді. Образдылық осылай пайда болады.

Гималай- көктің кіндігі,

Гималай жердің түндігі. (І.Жансүгіров) Бұл метафора тәсілімен жасалған сурет. Байқап қарасақ., образдылық дегеннің өзі әр сөзге оның о бастағы заттылығын қайтып беретін секілді, сөйтіп, затты сөзді нақтыы суретке айналдыратын тәрізді. Сөз химиясын игеру- образға тек қана осы жолмен баруға болады. Образдылық үшін сөзбен салынар сурет нақты болумен қатар, мейлінше шын және дәл болуы шарт. Суреттіліктің жөні осы екен деп, сөйлем ішін эпитетпен, теңеу, метафорамен сықай беру-жөнсіз.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет