46. Қазақ драмматургиясы. Драмалық тек табиғаты. Драма - эпос пен лирика сиякты басты әдеби тектердің бірі. Драманың эпостан бірнеше айырмашылықтары бар:
1) Драмада эпосқа қарағанда баяндау мен суреттеу жоқ;
2) Ол сахнаға қойылу үшін жазылады;
3) Режиссер және актерлер өнерімен бірлікке түсіп, қосымша бейнелеу мүмкіндіктеріне ие болады;
4) Драманың әдеби мәтінінде негізгі екпін кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен тіліне, диалог пен монологтарға, сюжетке түседі;
5) Сахна өнерімен тығыз байланыста болғандықтан драмада эпоспен салыстырғанда көркемдік шарттылықтар мол (мысалы, «төртінші қабырғаны» елестету, «сыртқа» қарап сөйлеу, кейіпкерлердің өз-өзімен оңаша сөйлесуі, сахналық ым-ишараттардың молдығы т.б.);
6) Қаһарман бейнесі эпостағыдай толық, жан-жақты, барлық тәсілдер арқылы суреттелмейді, бірақ оның сөйлеу мәнеріне, тіліне аса мән беріліп, психологиялық салмақ жүктеледі;
7) Қаһарманға мінездеме сюжет және оның іс-қимылы, әрекеттері арқылы беріледі.
Драманы қазіргі кезде ғалымдар әдеби тек ретінде емес, синтетикалық өнердің ерекше бір тармағы ретінде пайымдайды. Драмада құрылымы шартты түрде негізгі (диалог, монолог) және қосалқы (сахналауға арналған сілтелеуші ақпарат) бөлімдерден тұрады. Драма театрлық көрініске негізделуі керек, оның аяқталуынан музыкалық хабар арқылы беретін партитурасын таба білу керек. Ол сахнадан естілетін сөздің құдіретін оятып, көзбен тамашалаған көрініс арқылы көрерменді еліктіреді. Драманың басты құрамды бөлігі - шиеленіс туғызатын қарама-қарсы жағдайлардың немесе бір- бірімен тартысқа түскен топтардың, адамдардың қақтығысы. «Драманың» мағынасы ауқымды, тар мағынасында актерлар ойнау үшін жазылған ол пьеса, кең мағынасында, миметикалық ерекшелікке ие кез-келген қойылым.
Драмадағы түйінді нәрсе қимыл-әрекет, ал әрекет қақтығыс нәтижесінде дамиды, сондықтан драмалық туындыны талдауды қақтығыстың дамуын айқындаудан бастаған жөн. Драманың, сахналық қойылымның өз шарттылықтары бар. Мысалы, ерте дәуірлердегі грек драмасында хордың міндетті түрде болуы басты шарт болатын. Сахнаны ашатын, жабатын шымылдық - драмалық шарттылық, әрі іс-әрекеттің орны. Әртістер драмалық қойылымда образға еніп, өз рөлін шынайы сомдай білуі қажет, өйткені көрермендер оларды сол кейінкердей қабылдайды. Шынайы өмірде адамдар бір- бірімен риторикалық монолог түрінде сөйлесе бермейді: бұл да драмалық шарттылық болып табылады. Оңашадағы монолог (кейіпкер жалғыз қалғандай өзімен сырласатын кезі) та - драмалык шарттылық. Тіпті театрдың өзі, көрінбейтін төртінші қабырғасы, сахнада не болып жатқанын көретін көрермендер де драмалық шарттылық. Әдебиеттің қай қай түрі де бірнеше жалпыға ортақ әдістерді қолданады, алайда драмадағы әдістер сан алуан болып келеді. Ол әдебиеттің басқа түрлеріне қарағанда оқырман немесе көрермен көз алдарына елестету үшін көп жұмыс істейді.
Драмадағы көркемдік әлемнің өз ерекшелігі бар: барлык мәлімет кейіпкерлердің өзара әңгімесі мен авторлық ремаркалар арқылы беріледі. Сондыктан драма оқырманнан емеурін, тұспалдар арқылы кейіпкерлердің сыртқы келбетін, заттық әлемді, пейзажды көзге елестете алатын қиял мен ойдың жүйріктігін қажет етеді. Драмаға берілген авторлық ремаркаға кейде субьективті бояудың да араласуы мүмкін, кейде кіріспе сөздеравтордың баяндау монолоғына ұласып кетуі де ықтимал. Мысалы, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясының 1922 жылғы «Тарихи әңгіме ескі қазақ тұрмысынан» деп аталған алғашқы нұсқасы мынадай «Сөз басымен» беріледі:
«Ардақты оқушы! Кей кездерде қазақтың өткен күнін сен де еске алушы едің! Атаңның кешірген дәуренін, істеген ерлігін, тауып айтқан сөзін жұбанышпен, құрметпен сөйлеуші едің ғой. Қайратына қуанушы едің, ақылына сүйінуші едің. Өз заманыңды қызығы кетіп азған заман, ел берекесі кетіп тозған заман деуші едің. Кешегі арқаның ескек желі желдеткен ала тудың астына жиылған жер қайысқан қол қайда? Оның орнында бұл күнде күңгірт пішінді, қоңыр момын қазақ ақсақ-тоқсағын түртпектеп жүр. Кешегі ұраншыл ел, аламаншыл батырдың орнына қараңғы түнді жамылып, ағайынның малын жетектеуді өнер қылған қорқақ ұры жүр. Кешегі сарнаған қобыз, тамылжыған шерлі сыбызғы, күңіренген домбыра дауыстары қайда, о да өшкен. Бұл күнгі Дала жым-жырт мұңды, жүдеу... Кешегі сері жігіт, ерке ақын әнін тоқтатқан... дауысын өшірген, тыңдаушы қазақ қаяуланған... Окушы! Зор кеуделі оқыған болсаң, сен де осы мінезден арылған жоқсың. Атаңның ескі жолында сен де жүрсің. Өлі де окушы қара қазақ болсаң ойлан. Өзіңді өзің сына. Сен де осы аурумен ауырып жүрсің. Туысқан бауыр, туған ел! Ойлансаң осыған ойлан, сынасаң осыны сына. Алдымен, көзіңнің құйрығымен өз ішіңе үңілін өт» [1, 156-157].
Ұлттық әдебиетімізде драманың теориялық мәселелері туралы алғаш ғылыми пікір айтқан, осы жанрдың қазақ әдебиетінде қалыптасуына көп тер төккен М.Әуезов драманы «суретті әдебиет ішінде көпке жететін, дегені дөп тиетін, әсері мол болатын түр»деп анықтайды. М.Әуезов - драма жанрын алғаш зерттеушілердің бірі ғана емес, жаңа сипаттағы туындылар берген жасампаз драматург. Өның «Еңлік-Кебек» трагедиясы қазақ драматургия өнерінің тұңғыш тұсауын - кескен туынды. Халықтың ежелден бері сақтап келе жатқан фольклорлық мұралары - батырлық, ғашықтық, тарихи жыр- лардың тақырыбы мен сюжетін негізге ала отырып, ол «Айман- Шолпан», «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Бекет» сынды уақыт сынына төтеп берген драмалық шығармалар тудырды.
М.Әуезов драманың басқа жанрлардан көркемдік ерек- шелігі туралы: «конфликт өлеңді белгілейтін поэтика - элементтері сияқты драматургияның негізгі компоненті. Драмалық шығарманы анықтап, проза, поэзиядан бөлшектеп тұратын шартты белгі жалғыз-ақ конфликт. Әрбір пьеса шиеленіскен қайшылықтарға, жігер, сезім, ой, еңбек, мақсат, т.б. құрылады. Осы қарама-қарсы ағымдар оқиғаның орталық, параллель және қосалқы линияларында конфликт тудырып дамытады. Ал конфликті нағыз сауатты жазылған драманың өзегі, негізі болады» - дейді.
Осы пікірді бағдар тұтсақ, драмадағы басты нәрсе динамикалық тартыс. Күшті әрекет, қарқынды қимыл, мазмұнды диалогтар драма жанрының басты көрсеткіші. Драма авторлық баяндаулардан ада. Оқиға кейіпкер сөзі арқылы дамиды. Диалогтар мен монологтар арқылы болмыстың сан алуан шындығын ашуды көздейтін драма сахнаға қойылу үшін жазылады. Драманың көркемдік дәрежесі оның тілдік сипатымен анықталады. Драмалық шығарманың қуаттылығы да, әлсіздігі де тілінен көрініс табады. Сондықтан тіл драманың өзіндік қасиетін танытатын басты қаруы.
Қазақ драматургиясы туралы Ә.Тәжібаевтың «Қазақ драматургиясының очеркі» (1964), М.Дүйсеновтің «Қазақ Драматургиясының жанр, стиль мәселесі» (1977), Е.Жақыповтың «Дастаннан драмаға» (1979), Н.Ғабдуллиннің «Ғ.Мүсірепов драматург» (1982) сынды арнаулы еңбектері жазылған болатын. Жанрдың осы ерекшелігін ескерген театр сыншылары Б.Құндақбаев, А.Тоқпанов, Қ.Қуандықов, У.Садықова, Ә.Сығай, Б.Нұрпейісовалар еңбектерінде драматургия хақында аса құнды пікірлері бар. Әйтседе, драматургияның теориясын айқындауда ғалым Р.Нұрғалиевтің «Телағыс», «Драма өнері», «Арқау» т.б.еңбектерін ерекше атап өткеніміз жөн.
Ұлттық әдебиетімізде драма жанры трагедия, комедиямен бірге дүниеге келді. Жанрлардың өзіндік байланыстары да бар. Жанрлық жіктеудің шарттылық екенін де есте шығармауға тиістіміз.
Драмалық тектің тарихи дамуы. Әлем әдебиетіндегі Драманың қалыптасу тарихы б.з.б. V ғасырларда қалыптасты