Мифтік аңыз әңгімелер, поэма, повесть, роман. Миф – табиғаттан тыс жай және «таңғажайып» құбылыстар мен оқиғалар туралы аңыз-әңгімелер.
Поэма (грекше poiema – жасаймын, тудырамын) – өмір құбылыстарын кеңінен қамтитын, баяндауға немесе лирикалық сюжетке құрылған, көлемі үлкен, өлеңмен жазылған шығарма.
Повесть - әңгімеден анағұрлым көлемді, романнан кіші келіп, мазмұны терең, бас қаһарманмен байланысты өмір шындығы кеңірек суреттелетін орта көлемді эпикалық үлгі.
Роман жанрының басты ерекшеліктері мынадай:
1) Романда негізгі назар жеке адам тағдырына, оның тұлға ретінде қалыптасуы мен өсуіне жинақталып, кейіпкер өмір сүрген қоғам, орта, уақыт ауқымында жан-жақты сомдалады. Сонымен бірге роман адамдардың жеке өмірін, өзара қарым-қатынастарын ғана емес, ұлттық-тарихи ауқымдағы оқиғаларды да кескіндейді.
2) Оның композициясы күрделі, көп желілі және ол үлкен кеңістік пен уақытты, тұтастай дәуірлерді, ғасырларды қамтиды.
3) Бұл жанрдың мүмкіндігі мол болғандықтан оған көпдауыстылық тән, баяндау барысы автордың сөзімен қатар басқа баяндаушылардың сөзімен ауысып отырады.
4) Романда басқа прозалық жанрларға қарағанда оқиғалар жүйесі, кейіпкерлер кеңірек қамтылады, олардың мінез-құлқы дайын күйінде алынбай, даму үстінде суреттеледі.
5) Романда белгілі бір тарихи кезеңнің шындығымен қатар халықтың дәстүрлі мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, яғни ұлттың рухани-мәдени бейнесі де көркем бейнеленеді
42 Әдеби процесс. Көркемдік даму заңдылықтары Әдеби процесс (үдеріс) – әр ұлт әдебиетінің әр түрлі дәуірлерде түрліше қалыпта даму үрдісі, сонымен қатар әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи дамуы, жанды қозғалысы. Термин 1920 жылдардың соңында мәдени контекст аясында көркемдік тұтастық ретінде танылған әдебиеттің тарихи болмысын, эволюциясын сипаттау мақсатында пайда болды. Бұл ұғым 1960 жылдардан бастап ұдайы қолданыста жүр. Тарихи-теориялық талдау әдеби процесс эволюциясының сызық бойымен, бірқалыпты дамымай, тұрақты және өтпелі кезеңдердің диалектикалық тұрғыда ауысып отырғанын көрсетеді.
Әдеби процесс терминімен белгілі бір ел мен дәуірдің әдеби өмірін, сонымен қатар одан да ауқымды, бүкіл әлемдік деңгейдегі көп ғасырлық әдебиеттің даму тарихын белгілейді. Әдеби үдеріс әрбір тарихи кезеңде әлеуметтік, идеологиялық және эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан сапалы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген қарадүрсін шығармалардан көпшілікке арналған әдебиеттерге дейін өз бойына жинап, үздіксіз сіңіріп отырады. Әрбір әдеби шығарма – өзі жазылған тарихи дәуірдегі қоғамдық шындықтың айнасы. Өмірдің даму заңдылығы көркемөнерге де тән. Әдеби процесс - әр халық, ұлт әдебиетінің даму үрдісінің белгілі дәуірлердің әр кезеңінде әр түрлі жағдайда, алуан қалыпта болып отыруы.
Әдеби үдеріске тән ерекшеліктің бірі – дәстүр жалғастығы. Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиеттанудағы ең өзекті мәселелердің қатарында саналады. Себебі әдебиет дамуының, өркендеуінің негізі, жалпы тіршілік дамуының тетігі - дәстүр мен жаңашылдық. Бұл екі ұғым бір-бірімен байланысты, бірінен екіншісі туындайды. Жаңара да жалғаса дамып отыратын әдеби процесс күрделі диалектикалық даму заңдылығына бағынады.
Әдеби үдеріс бір ғана ұлт әдебиетінің шеңберінде ғана емес, әлемдік әдебиет ауқымында да бір мезетте бір-біріне ұқсас және бірін-бірі қайталамайтын әдеби кезеңдерден, дәуірлерден тұрады. Әдеби үдеріс үздіксіз жалғасып, әрбір жаңа дәуір өзіне 202 дейінгі көркемдік жетістіктерге сүйенеді. Мысалы: әлемдік әдебиеттің көркемдік даму тәжірибесінде символизм, экспрессионизм романтизм әдісінің аясында қанат жайды, яғни ХХ ғасыр басындағы модернистік бағыттар романтизмнің көркемдік дәстүрлерімен нығая түсті. Жаңа тарихи тұс дәстүрлі құндылықтарды игере отырып, әдеби үдерісте жаңа дүние тудырады, яғни адамзаттың сан ғасырлар бойы жинақтаған көркемдік қазынасына өз үлесін қосады.
Әдеби үдерістің маңызды құрамдас бөлігінің бірі халықаралық әдеби байланыстар болады. Әдеби үдеріс аясында әдеби бағыттар мен ағымдардың белгілі бір ұлт әдебиетінде орын тебуінің бірнеше факторлары бар екені белгілі. Соның бірі – тарихи-әлеуметтік фактор, бірі – ұлттық дәстүр аясында пісіп жетілген қажеттілік (заңдылық), енді бірі - әдеби байланыстар. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің әлемдік әдеби процеспен байланысы М.Әуезов, С.Талжанов, Ш.Сәтпаева, Е.Лизунова, Р.Қайшыбаева, С.Тойшыбаева, К.Канафиева, М.Маданова, Ө. Күмісбаев, Б.Мамыраев т.б. зерттеулерінде қарастырылады. Шетел әдебиетіне ықылас қазақ әдебиетінің әлеуметтік-тарихи және эстетикалық мақсаттарынан туындады.
Әдеби процеске ең алдымен әлеуметтік-тарихи құбылыстар әсер ете отырып, екі түрлі фактор басты бағыт береді: ұлттық-мәдени дәстүр мен жалпы адамзаттық, әлемдік мәдениеттің әсері. Ұлттық топырақтан сусындап, ұлттық дәстүрден қол үзбеу және әлемнің көркемдік даму тәжірибесін өз мүддесі тұрғысынан игеру - әрбір ұлт әдебиетінің жемісті дамуының басты шарттарының бірі болмақ.