73.М.Мақатаевтың «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» өлеңіндегі эпитеттер Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады.
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар – бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар – бусанып терлегенім,
Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,
Секілді бәрі менен көз алмаған,
Кең дүние кенде етсең сыбағамнан,
Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.
Бұл үзінділердегі «жаутаңдаған жанар», «кең дүние, бұйрат құмдар, бура бұлттар» эпитет, адамға берер әсері алдыңғы өлеңдерден өзге. Өйткені, ақын мұнда алдыңғы үзіндіде адамдық арының таза екендігін дәлелдейді. Жаутаңдаған жанардан сұрақтың тұрғанын, күмән келтірудің ізі тұрғандығын эпитет арқылы әсерлі етіп көрсетті.
Кең дүние – тұрақты эпитет, ал әдебиетте бұйра сөзін жаңаша «т» дауыссызды қосу арқылы қолданған, түйенің бурасы болушы еді, бұл жерде сол бурадай, үлкен деген мағынада жаңаша мағына білдіріп, жаңа тіркес өніп тұр.
74.М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» атты шығармасының экспозициясы. Шығармадағы сюжеттің даму кезеңдері мен композициясы Сюжеттің экспозициясы – бұл шығарманың басталуы. Бірақ, шығарманың экспозициясы – негізгі оқиғаның басталуы емес, сол шығарма туралы суреттеме немесе оқиға туралы деректер. «Ойпыр-ай, не деген, не деген биік. Көріп пе ем осыны бұрын, көрмеп пе ем? Не қылған қап-қара?... Не қылған құлазыған жалғыздық... Тау зорайып, пішіні суып аспандап барады. Аяғының астына қарай алар емес... Төменгі жағы көз алдында құлазып, шаншылып тас құзға айналып барады. Ар жағы? Қарай алмай көзін жұма берген сияқты. Қап-қара боп, азнап ашылып бара жатыр. Тұнжыраған түпсіз қара қуыс... Ажал иісі аңқиды».-экспозиция.
М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінде этносоциум заңдылықтарына қарсы дәрменсіз, қорғансыз Ғазизаның өлімімен тұстас долданған ақ түтек боранның үдей соғуы осы қасіреттің лейтмотиві секілді. Долы, мейірімсіз боран, қыс пейзажы қыздың трагизмін күшейтуде көркемдік қызмет атқарады. Әңгіменің басталуында суреттелетін тау суреті трагедиялық әсер мен жалғыздық, жатсыну сарынынан емеурін танытады. Шығармада символикалық мәнге ие болған «бауыры көбінесе бораннан босамайтын», «бауырын жайлаған ел малын өлтіріп, өзге ел аман отырғанда, шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын» Арқалық тауының, Күшікпай зиратының қатыгез, ызғарлы сипаты өмірдің үрейлі де таусылмас қайшылығына, енді болатын сұмдық дүниеге әзірлейтіндей.
Ком.талдау
Басы: «Қорғансыздың күнінде» шығарма пейзажбен басталады: «С. қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. (Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп, дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында көлденең созылып жатқан тұрқы он шақырымдай болғанмен, енсіз кереге сықылды, жалғыз тау.
Сюжеттің дамуы – бұл нағыз оқиғаның басталар тұсы. Әңгімеде автор оқиғаны бастау үшін сахнаға Ақан мен Қалтайды шығарады және олар тура Күшікбай кезеңінің тұсында келе жатыр.
Сюжеттің шиеленісуі - Оқиғаның қым-қиғаш тартыстарға толып, шиеленісуі. Оқырманның енді не болар екен деп, күйінуі немесе аһ ұрып өкінуі, оқиғаны одан әрі қиындата түседі. Бірақ, тартыс, шиеленіс бірден болмайды. Оған жағдай туғызу керек. Ол жағдай - ситуация, ал нағыз шиеленіскен жай - конфликт болады.
Сюжеттің шарықтау шегі (кульминация) – бұл негізгі оқиғаның аяқталуы. Көлемді шығармаларда бірнеше конфликт, бірнеше кульминация бола береді. Оқиға немен аяқталды? Ақанның зорлығына шыдай алмаған Ғазиза өлгісі де келеді. Бірақ, қауқары жоқ әже, соқыр шешенің бұдан өзге сүйенер ешкімі жоқ екенін, бұның қайғысын олардың көтере алмайтынын, өзінің шынымен қорғансыз екенін ойлап, әбден қиналған қыз ең құрыса әке зиратына барып мұңын шағу үшін, ешқандай паналығы жоқ Арқалықтың суық түнінде бейітті бетке алып жүре береді.
Соңы: Жиылған ағайындары көп іздемей-ақ екі жас бейіттің арасында жатқан Ғазизаның өлі денесін тауып алды.