1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


М.Жұмабаевтың ақын табиғаты туралы өлеңіндегі метафоралар қызметі



бет48/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

80. М.Жұмабаевтың ақын табиғаты туралы өлеңіндегі метафоралар қызметі
Метафора, ауыстыру (грекше metaphora) – ой бейнелілігін күшейту үшін заттар мен құбылыстарды өздеріне ұқсайтын, кейде тіпті ұқсамайтын басқа нәрселермен жақындастыратын, бір-біріне балайтын, сол арқылы суреттеліп отырған затқа не құбылысқа мүлдем жаңа мағына беретін троптың ең әсерлі түрі. Құбылту да суреткердің идеялық, эстетикалық мақсатына сай жасалады.
Мысалы, М.Жұмабаев «Берниязға» деген өлеңінде махаббаты үшін басын өлімге қиған ақынды балаға, бөбекке балай отырып, ақын табиғатының аңғал, сенгіш мінезін, албырт, қиялшыл жасқа тән елден ерек тұлғасын сомдағанын аңғарамыз:
Өмір – дала, ақын – бала қаңғырған,
Жан сусынын көз жасымен қандырған.
Ақын - бөбек, өмір – көбік, тылсымды,
Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған.

81. С.Елубайдың «Ақ боз үй» трилогиясының тақырыбы мен идеясын талдау
С.Елубайдың «Ақ боз үй» трилогиясы ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы аумалы-төкпелі дәуір шындығынан бастап, жаппай ашаршылықты, елге төнген нәубет пен асыра сілтеу науқанын, қазақы дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып ала жаздаған заман құқайын, тағдыр тауқыметін шынайы бейнелейді. «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» кітаптарынан тұратын трилогия кеңес дәуірінің жетпіс жылдай өмірінің шындығын, көлеңкелі тұстары мен келеңсіз құбылыстарын бүкпесіз бейнелейді
«Ақ боз үй», «Мінәжат» романдары ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін жылдарын қамтыса, трилогияның үшінші кітабы — «Жалған дүние» романы (2001) айтулы «тоқырау заманы» кезеңіне арналған. «Ақ боз үй» трилогиясы өзінің көркем құрылымы, суреттілігімен де ерекшеленеді. Смағұл Елубайдың жазушылық шеберлігі осы шығармасынан айқын көрінеді. Романның жазылуына басты себеп – кеңес кезіндегі ашаршылыққа ұшыраған халықтың хал-ахуалы. «Асыра сілтеудің» ықпалы айбарлы аждаһадай ел ішін біршама күйзелтті. Ел басқарып отырғандардың осындай жұғымсыз қылықтарын, пасықтығын шынайылықпен көрсете келіп, әділеттілікке үндейді. Шығарма астары заманының жақсылары – білімді, парасатты дана адамдар, ел қамын жеген ерлер, береке-бірлікті ұстанған жандар дегенді ұғындырады. Сол кезеңдегі елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарды, жұт болған ауыр жылдар қасіретін жазушы шынайылылықпен суреттеген. Мінекей, осындай ізденістер нәтижесінде «Ақ боз үй» трилогиясы жазылды. Романға арқау болған негізгі жағдай – 1930 жылдардың апаты, нәубетті заманның шырғалаңы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет