1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Ә.Кекілбаевтің «Ханша-дария хикаясындағы» құбылту мен айшықтау құралдарына талдау жасау



бет49/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

82. Ә.Кекілбаевтің «Ханша-дария хикаясындағы» құбылту мен айшықтау құралдарына талдау жасау
«Ханша-дария хикаясы» (1968) повесінің идеясы – жауыздықты, қанішерлікті, тойымсыздықты əшкерелеп, адалдықты, пəктікті, адамдықты ардақтау.
Əбіш Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры” мен “Ханша-дария хикаясы” роман-повестері бастан-аяқ түстен тұрады десе де болады. Бұл шығармалардың идеялық, көркемдік тұтастығын құрайтын түс-ішкі монологтың бір элементі ретінде кейіпкердің көңіл-күйін, санасында үздіксіз жүріп жатқан психологиялық процесті бейнелейтін бірден-бір тəсіл. Қазақ прозасында əдеби түс көруді талдауға соншалықты мəн беріп, одан үлкен философиялық, ой, əлеуметтік-қоғамдық мəселе көтеретін Əбіш Кекілбаевтың көркемдік əлемі əлі де ашылмай жатқан арал секілді.
“Ханша-дария хикаясындағы” Гүрбелжін ханымның қыз күніндегі мен ерге шыққаннан кейінгі үнемі кіретін бір мазмұндағы түстері т.б. Бұл түстердің поэтикасын талдау, мағынасын оқып-тану /прочтение смысла сна/ арқылы біз көркем шығарманың шындығын, кейіпкердің бүкіл табиғатын, шын бет пердесін, ішкі иірімдерін, көңіл-сана түкпіріндегі құпия сырды, адам жанының психологиясына тереңдей енеміз. Біздің ұлттық əдебиетімізде ежелден қалыптасқан түс көру тəсілін талдау туралы ұғым-сенім,салт-дəстүр мен жору символикалары Ə.Кекілбаев шығармаларында жаңаша өң алып, олар үлкен əлеуметтік, философиялық, ғибраттық, психологиялық та қызмет атқаратын болды. Тіпті, жазушының көркемдік əлеміндегі əдеби түстердің адам тағдырын, оның қоғамдағы орны мен азаматтық ар-абыройын да түбегейлі өзгертіп, Ақиқат алдындағы қиянатын мойындатуға да мəжбүр ететін бейнелеу құралы екендігіне көз жеткіземіз. Өмірдің мəңгілік құндылығы да осы əдеби түстерді талдау тұсында кеңінен əңгімеленеді. Əдеби түстер мазмұны мына өмірдің жалғандығын, бүгінгі тақ пен мансаптың, байлық пен бақтың өтпелілігін тұспалдайды. Осы түстер арқылы философиялық, психологиялық тереңдіктерге бару, бүкіл адамзат баласына ортақ “мəңгілік құндылықтар”, кезең, орта, уақыт таңдамайтын мəселелер жөнінде ой толғау тек Ə.Кекілбаев түстеріне, оның қаламгерлік қуатына тəн қасиет. Сондай-ақ, жазушы əдеби түстерді сюжет құруда жəне шығарманың бүкіл көркемдік-құрылысын ажарландыруда бірден-бір айшықты бояу, бейнелеу құралы ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет