1. Егде жастағы халық санының, әлеуметтік және демографиялық теңсіздіктің өсуі



бет2/7
Дата01.09.2022
өлшемі29,14 Kb.
#38353
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ТРЕНДТЕР

Командалық оқу
Бірлескен оқу, сыныптастармен тәжірибе алмасу оқушылардың ұйымдастыру қабілеті мен ұжымдаса жұмыс істеу дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді. Материалды тереңірек зерттеуге көп мүмкіндіктер туындайды.
Жобалық-бағдарланған оқу (Project-Based Learning – PBL) Жобалық-бағдарланған оқыту балаларға алған білімі мен дағдыларын қолдана білуді, нақты практикалық мәселелерді шешуді үйретуге бағытталған. Мұндай оқытудың артықшылығы: топтық жобаларды орындау барысында оқушылардың белсенді ұстанымы (жобада белсенді жұмыс істеу); балаларды өзін-өзі реттеу дағдыларын үйренуі, ұжымдық жұмыс дағдыларын дамыту, оқушылардың ынтасына оң әсер ету.
Концептке бағдарланған оқу (Concept-Based Learning – CBL)
Соңғы бірнеше жылда «үлкен идеялар» маңызды теориялық негіздері бар және іс жүзінде жүзеге асырылатын әртүрлі пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын қалыптастырудың маңызды тәсілдерінің біріне айналды. Бұл тұжырымдаманы анықтауда тұжырымдамалық-бағдарланған оқытудың кеңірек шеңбердегі теориялық әзірлемелеріне сүйенеді. CBL-дің негізгі идеясы – фактілер мен тақырыптар тізімдерін игеруден концепт ретінде тұжырымдалған жиынтықтарды игеруге бағдарлау. Оқудың бұл түрінде фактілер мен тақырыптар әрдайым осындай концептілермен берілген кеңірек мәнмәтінде жазылады. Олар әртүрлі материалдарды жалпы көрініске жинақтайтын байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді.
Мұндай оқытудың негізгі мақсаты – дерексіз ұғымдар мен модельдерге негізделген теориялық ойлауды дамыту.
Идеяға негізделген оқыту концептілер мен жинақтап қорыту деңгейіне көтерілуге бағытталған.
Концепт – бұл мысалдар жиынтығын жіктейтін (жалпылайтын) идеяны ұйымдастыратын менталдық құрылым. Концептілер – кең ауқымды, абстрактілі, уақыттан тыс, көптеген мысалдары бар әмбебап идеялар (Линн Эриксон).
Қазіргі уақытта елдегі көптеген жетекші білім беру мекемелері мен мектеп жүйелері «ауқымды идеялар» құрылымын өздерінің білім беру бағдарламаларында үрдіс (тренд) ретінде бейімдейді және қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет