1)Егуден кейін кездесетін асқынулар
Липодистрофия –май тіндерінің сорылуы, тері астында шұнқыр пайда болады. Осы
Асқынудың алдын үшін егу жасайтын орындарды жиі ауыстырып тұрады.Шприцке
Инсулин сорып алу үшін, алдымен бос шприцке инсулиннің қажет мөлшеріндей ауаны
Сорып алады, оны флаконға жібереді. Егілетін жерді тері антисептигімен сүрткенде, тері
Құрғағаннан кейін егу жүргізіледі.Инені суырып алғанда орнына залалсыздандырылған
Құрғақ мақта шаригін басады.
Инфильтрат – тері астына және бұлшық етке ине егілгеннен соң, ине егілген жерде
Болатын қатаюдың пайда болуы. Егер:
- инъекция өткір емес инемен жасалса;
- бұлшық ет инъекциясына қысқа ине қолданғанда;ине егу орнын дұрыс таңдамаса;
- бір орынға жиі ине егу жасалса;
- салқын ерітінділер қолданса, иньекция жасаған жерде қолға сезілетін инфильтрат пайда
Болады.
Инфильтрат пайда болған жерге қыздырма компресс және жылытқыш қою қажет.
Абсцесс — пиогенді мембранамен жан жақындағы ткаңдерден шектелген жұмсақ
Ткандердің іріңді қабынуы. Себебі ине егу барысында антисептика мен асептика ережелері
Сақталмайды.
Медикаментозды эмболия — майлы ерітіңділерді тері астына немесе бұлшық етке
Салғанда қан тамырларына түсіп, оны бітеп қалады, соның салдарынан тканнің некрозына
Алып келеді. Некроздың белгілері — ине егілген аймақта ауру сезімі үдеп, ісініп,
Жергілікгі және жалпы дене қызуы кетеріледі. Егер май көк тамырда болса, қан ағымымен
Ол өкпе қан тамырларына барады. Өкпе қан тамырлары эмболиясының белгілері: кенеттен
Пайда болатын тұншығу ұстамасы, жөтел, ентігу, тахикардия, артериялық қан қысымыңың
Төмендеуі, дененің жоғарғы бөлігінің көгеруі (цианоз), кеуденің қысылу сезімі. Тіпті
Өлімге алып келуі мүмкін.
Майлы ерітіндіні саларда сақталуы қажет ереже: ампуланы алдын ала жылыту, ине егу
Орнын дұрыс тандау, қан тамырына түспегендігіне көз жеткізуі үшін поршеньді тартып
Құру. Қан пайда болған жағдайда ол жерге салуға болмайды. Басқа жерге немесе инені сәл
Ары қарай итеріп, тағы да тексергеннен кейін ғана салған жөн. Поршеньді тартын көргенде
Қан болмаса ғана салуға болады.
Ауалық эмболия көк тамыр ішіне инъекция жасағанда немесе ерітінді құйғанда ауа кету
Салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл асқынуда майлы эмболия сияқты қауіпті болып
Табылады. Клиникалық белгілері де соған ұйқас.
Жүйке сабауының зақымдануы — көк тамырға және бұлшық етке ине еккенде болуы
Мүмкін.
Себептері:
- механикалық – ине егу орнын дұрыс тандамауы;
- химиялық — дерілік заттардың депосы нерв талшықтарына жақын орналасқанда.
Асқыну ауырлығы әртүрлі невриттен (нервтің қабынуы) параличке (нерв қызметінің
Болмауы) дейін болуы мүмкін.
Тромбофлебит – тромбтың түзілуімен қатар жүретін көк тамырдың қабынуы. Белгілері:
Ауру сезімі, терінің қызаруы, көк тамыр бойында инфильтраттың пайда болуы, дене
Қызуының көтерілуі. Бір көк тамырға жиі ине еккенде немесе өткір емес инені
Қолданғанда кездеседі.
Гематома (тері астына қаннық ұюы) — тамырды дұрыс теспегенде тері астында қара-көк
Дақ пайда болады. Бұл жағдайда тамырды тесуді тоқтатып, бірнеше минут ине егілгенорынға
спиртке малынған мақтаны басу керек. Ал гематома орнына спирттік компресс
Қойылады.
Сепсис – жалпы жұқпалы ауру, көк тамырға ине еккенде және көк тамырға
Залалсыздандырылған ерітінділерді құйғанда асептика ережелерін қатаң бұзғанда дамиды.
Вирусты Гепатит В,С және ВИЧ-жұқпа -ине егу барысында асептика ережелерінің
Бұзылуымен байланысты, ине егілгеннен кейін бірнеше айдан кейін дамуы мүмкін.
Аллергиялық реакциялар – қызамық, ринит, конъюктивит, Квинке ісігі түрінде кездесуі
Мүмкін. Аллергаялық реакциялар ішінде ең қатерлісі анафилактикалық шок.
Анафилактикалық шок дәрілік затты енгізгеннен соң бірнеше секунд немесе бірнеше
Минут аралығында дамиды. Неғұрлым шок тез басталса, соғұрлым ағымы нашар, тіпті
Өліммен бітуі мүмкін. Анафилактикалық шоктың белгілері: артериялық қан қысымы
Төмендейді, бронхтары тарынып, есін жоғалтады, терісі қызарады, қышитын бөртпелер
Басады, құсады, жүрегінің жиі соғуы байқалады. Өлім жедел тыныс алудың
Жеткіліксіздігінен, жедел жүрек-қан тамыр жеткілііксіздігінен дамиды.
Анафилактикалық шоктың пайда болу себептері:
- дәрілік заттарды парентеральды жібергенде;
- вакциналар, сарысулар парентеральды жібергенде,
- жәндікгерде шағып алғанда;
- тамақ аллергендері.
2) 25% магний сульфатын енгізу ерекшелігі:
Дәріні көк тамырға және бұлшық етке енгізеді. Бұлшық етке магнезияны егу өте
Ауырсынатынын және ұлпаларға тез сорылмайды білу керек.
Егу алдында дәрілік ерітіндіні t-37ºС дейін су моншасында жылыту керек.Магний сульфат
Ерітіндісі бұлшық етке ререң ұзын ине арқылы енгізіледі. Егу жасағаннан кейін енгізген
Жерге жылытқыш қою керек.
° Инсулинді егу ережесі:
Инсулин тері астына тамақтанудан 30 минут бұрын енгізіледі. Инсулин флакондарда 5 мл
Ден шығарылады. 1 мл-де 40 Ед инсулин бар, арнайы инсулин шприцін қолданамыз және
Аралас шприцті қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |