1. Ежелгі елдердегі жер кадастрының даму тарихы


Шетелдердегі жер кадастрының негізгі принциптері



бет3/6
Дата19.04.2023
өлшемі36,36 Kb.
#84300
1   2   3   4   5   6
Шетелдердегі жер кадастрының негізгі принциптері:
1. Кадастр, егер анықталатын аумақта толық жүргізілмесе оны пайдасы
шамалы.
2. Жұмысты қомақты іргетаста жүргізу керек.
3. Шығындар шамасы кадастрды жүргізуден түсетін орташа пайдадан кем
болуы тиіс емес.
4. Жазулар бірнеше мақсатқа қызмет етуі керек.
5.Кадастрлық бірлік бірыңғай жер бірлігі болуы керек және заңмен
сенімді қорғалуы керек.
6. Жазуларға кететін шығындарды үкімет бекітуі керек.
7. Жер-есеп жүргізу жүйелерін жобалау келешекке бағытталған болуы
керек.

3. Еуразия құрлығы елдеріндегі жер кадастры


Европалық кадастрлар, жоғарыда айтылғандай, тура немесе жанама француздық кадастрдың үлгісі болып саналады. Француз кадастрының басты мақсаты жерге салық салуды қамтамасыз ету. Қазіргі француз кадастрының негізгі міндеттері 3 топқа жүгінеді: техникалық (кадастрлық жопарларды құрастыру); жер (сәйкестендіру және жер учаскелерін жазу - парцелл, олардың жер иелерін анықтау); салықтық (жерді бағалау және жер салығының нормасын негіздеу және анықтау).Қазір Францияда жүргізіледі: кадастрлық бюроларда сақталған қолжазбалық кадастрлық жоспарларды фотоматериалдың айқын негізіне ауыстыру; стандартты кадастрлық жоспарларды көптеп өндіру немесе шығару; кейбір үлкен коммуналардың жоспарларын сәйкестендіру (идентификация); аймақтардағы сапасы төмен заманғы кадастрларды қайта өңдеу; кадастрлық жоспарлардың микрофильмдерін жасау; кадастрлық құжаттарды микрофишаларды шығару; жер туралы файлдарды тұтынушыларға тапсыру.
Германиядағы кадастрлық жүйе салық кадастрынан дамып, заң жүйесінің бір бөлігі болып рәсімделген және иеленушілер мен иелік ету мәліметтерінен тұрады, сонымен қатар жер пайдалау функциялары туралы толық мәліметтер және топографиялық түсірулер деректері. 1970-шы жылдардан бастап жерлер, округтар және үлкен қалаларда жылжымайтын мүліктер туралы деректердің (Жер туралы кітап, жылжымайтын мүлік кадастры, картографиялық материалдар) автоматтандырылған банктері құрылған. Осыған орай қазіргі кезде Германияда әртүрлі ақпараттық қызметтермен байланыстар арқылы жер және жылжымайтын мүліктер туралы деректердің көпмақсатты автоматтандырылған банкі құрылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет