1. Ежелгі елдердегі жер кадастрының даму тарихы



бет6/6
Дата19.04.2023
өлшемі36,36 Kb.
#84300
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
КДТ реферат

Қорытынды
Жер - қоғамның негізгі және аса қажет байлығы. Жер тек мемлекеттер арасындагы шекара гана емес, сондай-ақ халықтың тұрғылықты жері, азық-түлікпен және шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі табиғи ресурс, тұрғын үй құрылысы және елді мекендерді, өнеркәсіптерді, көлік, энергетика, су және орман шаруашылығын дамыту үшін негіз болып табылады.Жерді пайдалану Қоғамдағы адамдар мен әлеуметтік топтар арасында қалыптасқан әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастар формаларының бірі. Оның жүйесі мен түрлері өндірістік қатынастардың тарихи дамуы мен ауысуына байланысты өзгеріп отырады. Жерді сол қоғамда қабылданған заңдарға сәйкес пайдаланады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы (егінші, мал бағушы тайпалардың бөлініп шығуы) және осыған байланысты отырықшылыққа көшу алдымен рулардың, тайпалардың және қауымдардың арасында, содан соң жеке жанұялардың арасында жер бөлінісін туғызды. Мұның өзі жерді пайдаланудың тұрақты формаларының құрылуына әкелді. Егістік жер, мыс., қауым меншігіне қалғанымен, әр егінші өзіне пайдалануға берілген егістікті өз күшімен өндейтіндей етуі үшін қауым мүшелерінің арасында жер дүркін-дүркін қайта бөліске салынып тұрды. Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай жер әр түрлі дәрежеде, көбінесе, егіншілік, жайылымдықтар мен шабындықтар үшін пайдаланылады. Ол үшін жерді құнарландыру мәселесін қолға алып, жер байлығын мал өсіру мен егіншілікте тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Әлемдік тәжірибеде жылжымайтын мүлік иелерінің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау тұрақты Мемлекеттік экономиканың негізгі факторы болып табылады. Бұған жылжымайтын мүлік объектілері, олардың құқық иелері туралы деректермен сенімді, сапалы және қауіпсіз жұмысты толық қамтамасыз ететін заманауи кадастрлық жүйелер ықпал етеді. Өзекті және шынайы мәліметтермен тізілімдерді қалыптастыру кадастрлық жұмыстарды геодезистер немесе кадастрлық инженерлер жүргізу шеңберінде жүзеге асырылады. шет елдерде кадастрлық қызметті ұйымдастырудың заманауи формаларына шолу жасалады. Атап айтқанда, кадастрлық жұмыстарды жүргізуге лицензиялар беру шарттарының мәселелері, қауымдастықтар мен кәсіби ұйымдардың мүшелеріне жоғары талаптар қойылады, сондай-ақ кадастрлық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызмет түрлері бойынша жалпы сипаттама беріледі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Қазақстан Республикасының жер кодексі [Мәтін]. - Алматы : ЮРИСТ, 2015. - 116 б. - 600т. 00т.
2.Т.М.Блисов Жер кадастры: Оқу құралы - Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2015. – 94 б.
3.Жер кадастры : оқулық / Т.Есполов, Т.Жоламанов, Т.Пентаев, О.Абралиев; ҚР Білім және ғылым м-трлігі.- Алматы, 2013 ж..- 264 б.
4.Сейфуллин Ж.Т. Қазақстанның жер кадастры [Мәтін]: Оқу құралы / Ж.Т. Сейфуллин, Г.Н. Нюсупова, Г.Ж. Сейтхамзина. - Алматы : Қазақ университеті, 2013. - 240б. - ISBN 978-601-247-870-9
5. http://lib.kaznau.kz/Res/ebook_110/index.html#ps



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет