1. Ежелгі елдердегі жер кадастрының даму тарихы


Грекияда қазіргі заманға сәйкес бірыңғай ұлттық кадастр жүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұлыбритания



бет5/6
Дата19.04.2023
өлшемі36,36 Kb.
#84300
1   2   3   4   5   6
Грекияда қазіргі заманға сәйкес бірыңғай ұлттық кадастр жүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұлыбритания – карта жасауда компьютер әдістерін қолдануда әлемде көшбасшы болып саналады және ол үшін деректер санды түрде болуы әдетте белгілі жай. Осыған орай топографиялық карталардың көп болуына байланысты бұл процесс ұзаққа (онжылдарға) созылады.

ЗЕРІТТЕУ БӨЛІМІ
Америка құрлығындағы жер кадастрының дамуы
Америкалық кадастр ең алдымен, жерді жылдам, тиімді қоныс- тандыруға бағытталса, одан кейін салық салумен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған. АҚШ-та болған экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер көпсалалы кадастр құруға мәжбүр етті. Қазіргі тандағы америкалық кадастрлык жүйе акпаратты жинау, сақтау және іздеуде бастапкы бірлік ретінде парцелерді пайдаланады, олар көшелердің қиылысуы бойынша файлдарға біріктірілген. Файлдарды жинақтау үйлердің адресі, жер пайдаланудағы бағаналар нөмірлері бойынша және парцелл нөмірі бойынша жүргізіледі. Копсалалы кадастрдың негізін дәл геодезиялык желі, дәл карталар, жер пайдалану шекаралары жайлы зандык жазбалар және жерді есепке алу мағлұматтары құрады.Алайда, АҚШ-та біркелкі Жер Зерттеу жүйесін пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып табылады, себебі әр штаттың өзіндік заңдары, талаптары бар. Жер Зерттеу жүйесінің кұрылымы әр штатта әртүрлі болып келеді. Қазіргі танда Жер Зерттеу Жүйесінің бірнеше түрлері пайдаланылады. Ірі қалаларда коммуникацияларды тіркеу және есепке алу жүйелері құрылады, мағлұматтарды баскарудың автоматтандырылған жүйесі кұралады, орманшаруашылық басқармаларында ірі орман массивтерін түгендеу енгізіледі. 60-жылдардың басында АҚШ-та жаңа жерге орналастыру заңнамасын жоспарлау мен жасап шығару мәнінің өсуіне, со- нымен катар компьютерлік техниканы дамытуға байланысты, жерлерді есепке алуда жер акпараттык жүйелерді құруға аса мән берілген.
АҚШ-та құрылған жер ресурстарына байланысты көптеген акпараттык жүйелер, кеңістіктік емес (мәселен, есепке алынатын) және кеңістіктік, яғни олардың арасында географиялык акпарат- тық жүйелер, жер және басқалары (мәселен, әлеуметтік-эко- номикалык) деп екіге бөлуге болады. Жер акпараттық жүйелердің ішінде есептік бірліктері парцеллдер болып табылатын жүйелер айрықша рөлге ие.
АҚШ-тағы жер меншігінің негізгі бірлігі жеке дара жер телімі, ол жерлерде жергілікті жердің қызықтыратын объектілері орналаскан. Жер телімі үш белгісі: адресі, геодезиялык мағлұ- маттары және бағалаушы индексі арқылы анықталады. Жеке жер телімдерімен коса картада көлік және теміржолдар, гидрография көрсетіледі. Бұндай карта дәлдігіне қарамастан сұранысқа ие. АҚШ-та жалпы ақпараттық жүйелер кұруды жоспарлауға талпыныс жасалды, оның негізіне аэрофототүсірілім негізінен алынған картографиялық материал құрайды. Карта мазмұнын қарастырғаннан кейін әр жер теліміне бағалау индексі, жер пайдаланушы жайлы ақпарат және жер телімінің орталык коор-динаттары беріледі. Бұл координаттар мағлұматтарды басқару жүйесіне енгізіледі. олардын мемлекеттік координаттар жүйесімен біріктірілгені абзал. Жерді есепке алу жүйесін басқарма тобы жүзеге асырады. Жер акпараттык жүйесі АҚШ-тың тек бір округінің ғана емес, баскаларының да қажеттіліктерін қамтуы керек. Себебі біреулерінде файлдар болса, енді бірінде ортақ жүйеге қосуға жататын мағлұматтары бар карталар болады.Осы аталған жүйеде жұмыс жасау аясында Бербанк каласында (Калифорния штаты) Information Graphies корпорациясында копсалалы Кадастр құрудың ғылыми тәжірибелі жобасы кұрылды, ол төрт кадастрлық жүйені (қоғамдық жұмыстарды; сумен камтамасыз ету, электр желісі және кәріз жүйесін; газбен камтамасыз етуді; теледидар кабельдерін) біріктірді.Сандық карталарды кеңістіктік үлгілерді кұруға пайдаланады. Федералдык комитеттің ұсынысы бойынша, мағлұматтар банк- теріне жүйелердің 1 және 1 тәртіптегі тіреулік геодезиялык желілері беріледі. Осы жүйенің және жасанды интеллект техно- логияларының көмегімен мағлұматтар файлдары құрылады. Негізгі талаптары икемділік және файлдардағы акпараттарды бөлу.Карталарды немесе оның жекелеген бөліктерін қайта сызу жарамсыз деп табылады. Қазіргі таңдағы құрал-жабдыктар мен әдістемелердін арқасында мағлұматтарды заңсыз қолданудан коргайтын жер акпараттық жүйе кұрылады. Тиісті кұнын төлеген кез келген тұтынушы жалпы жүйеге кіру құқығын ала алады. ол жер шекараларымен байланысты сот үдерістерін кыскартып, барлык даулы жағдайларды әкімшілік жолмен немесе келіссөз жүргізу аркылы шешуге мүмкіндік береді.1974 жылдан бері Форсис округінде (Солтүстік Калифорния штатында) пайдаланылып келе жатқан көпсалалы тіркеу жүйесі заманауи технологияларға негізделген, ол компьютерлік техно- логияларды, геодезиялык жетістіктерді және фотограмметрия- ны, автоматтандырылған картографиялауды кең қолданады. Бұл тіркеу жүйесінде жерге меншік құқығы жайлы мағлұматтар, пар- целлдармен топтастырылған, жерге меншік иелері арқылы ар- найы көрсеткіштері, сонымен қатар әрбір парцеллдің орналасқан жерін көрсететін кадастрлық нөмірі болады. Әр парцеллге сандық түрдегі 485 сипаттама енгізілген. Қазіргі танда Солтүстік Каро- лина штаты бойынша жерді көпсалалы тіркеу жүйесі құрылуда (1986 жылы 100 штаттық округтің 65 округі қатынасқан).
Аляска штатының Табиғи ресурстар министрлігі жасаған ресурстык және кадастрлык кешендік есепке алу жүйесі 6 өзара байланыскан бағдарламаларды қамтиды. Алғашқы бағдарлама ол НАСА кең көлемді бағдарламасы, осының аркасында АҚШ- тың 95% аумағына 1:63360 көлемдегі біртұтас және 1:120000 көлемінде ак-кара түсті ресурстык фотографиялык түсірілім жасалған. Бұл жасалған түсірілімдер жерге орналастырушы бю- роның автоматты сандык жүйесіне енгізілген. Екінші бағдар- ламаның мақсаты геодезиялык бақылауды жүзеге асыратын ортографиялык картографиялау. Үшінші бағдарлама теніз шекараларын анықтауға бағытталған. Төртінші бағдарлама кадастрлык картографиялауға арналған, оның басты мақсаты жер телімдерінің шекараларын бекіту. Бұл мақсатта жерді тіркеудің компьютермен, сызба машиналарымен жабдықталған автоматтандырылған жүйесі құрылған. Жүйеге түскен барлык мағлұматтар компьютерлік жалынын файлдарында сакталатын болады. Бесінші бағдарламаның максаты аймақтық тиімді жоспарлауды жүзеге асыратын ресурстық картографиялау бағ- дарламасын құру (штаттың ресурстары жайлы барлык мағ- лұматтарды жинау және кешенді жүйе құру). Штат ресурстарын түгендеу картографиялау 1:250000 көлемінде жүзеге асырылады. жекелеген аудандарда 1:63360, 1:31680 және одан ірірек көлемде жүзеге асырылады. Алтыншы багдарлама жерді пайдалану және аймакты игеруге байланысты шешім қабылдауды камтамасыз ететін жер акпараттық орталықты кұруды көздейді.Массачусетс штатынын жер тіркеулік жүйесінің негізгі максаты жеке меншік иелігіндегі жер құқығы жайлы накты мағлұматтардың аркасында жерді баска адамға беру үдерісін жаксарту, мағлұматтар базасын жер меншігін шынайы бағалап, салык салу үшін, жер телімдері жайлы негізгі мағлұматтарды камтамасыз ету, мемлекеттік және жеке меншіктегі жерлерге жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу максатында, қалалық және аймактык жоспарлау жерлерін игеруге тиісті базалык ақпаратпен камтамасыз ету болып табылады. Висконсин штатының жағалау аймағының көпсалалы акпа- раттык жүйесінің кадастрлык максаты жерге байланысты мағлұматтарға тиімді бақылау жүргізу максатында база құру: Калифорния штатында төтенше жағдайларда (жер сілкінісі кезінде) инфрақұрылым мен жер пайдалану тұрақтылығын және өмір сүруге кажетті мағлұматтар базасын құру болып табылады.Канадада жер ресурстарына қатысты көптеген ақпараттык жүйелер бар, алайда қолдағы бар немесе жоспарланғандарының арасында кешендісі жок. Жерлерді түгендеудің жүйелі жұмыс- тарын жүргізу максатында ЭВМ жүйесімен жабдықталған, оқуға, сақтауға, ресурстардың әртүрлі карталарын сараптап және салыстыру мақсатында, әлеуметтік және экономикалык ақпараттар, түгендеу карталардан мағлұматтар базасына аудару, нақты бір жер пайдалану түріне жер ареалының көлемін таңдап алу және есептеу мақсатында, сонымен қатар шығарылатын карталар негізінде салалық карталар жасау. Осы техниканың аркасында салыстырмалы сараптама, мәселен, картаның 6000 беті, ескі әдіс бойынша 1650 адам күшін және ұзақ жылдык жұмысты қажет ететін жұмыс бірнеше тәулік ішінде жасалады. Осылайша, жерлерді түгендейтін компьютерлік бағдарламалар әртүрлі мағлұматтардың жиналуы мен сақталуы ғана емес, кеңістіктік және сандық сараптама жүргізуге мүмкіндік береді.1981 жылы POLARIS жер ақпараттық жүйесі жасала баста- ды, ол 1 жыл мен 5 жыл аралығына есептелген, осыған бай- ланысты жерлерді тіркеу жүйесін жақсарту мақсатында жаңа заңнамалар, мәселен, жер иеліктерінің шекараларын қамтитын сандык файлдар кұру және оларды картографиялау қабылданды. Өз кезегінде Онтарио провинциясының Табиғи ресурстары министрлігі арқылы 45 жер индекстері және ЭВМ көмегімен кұрылған жер индекстерінің тізімі құрылған, ол провинцияның жартысынан көп бөлігін алып жатыр.Британдык Колумбияның Жер, парк және тұрғын үй құры- лысы министрлігі аркылы жерге деген кұкықты белгілеу үшін провинцияның қауымдық жерлерінің ақпараттык жүйесі құрылған. Бұл провинцияда 60 мекеме жер ресурстары жайлы акпараттарды жинайды.1987 жылы Альберта провинциясында ақпараттық жүйелерді басқаратын бағдарлама қабылданған, нәтижесінде жер ресурстарына қатысы бар 150 жүйе табылған және тіркелген. Саскачеван провинциясында негізгі қалалық жерлерде сандық кадастрлык картографиялау жасалып, олар содан кейін ауылдык жерлерге таралады.Квебек провинциясында 1985 жылдан бері жер кадастры ре- Формасын геодезиялык негіздерді жаңарту максатында базалык карталар жасалады және 1:20000 және 1:10000 көлеміндегі сандык негіздегі кадастрлык карталарды, сонымен қатар көпсалалы максатта пайдаланатын жерлердің есебін құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет