1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары Жауабы


Әл-Фарабидың іліміндегі болмыстың бастамалары жайлы көзқарастары



бет17/67
Дата15.02.2023
өлшемі325,34 Kb.
#68026
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67
Байланысты:
1. Åæåëã³ ñàòàðäû äíèåòàíûìäû ñòàíûìäàðû ìåí ðóõàíè íäûëû

23. Әл-Фарабидың іліміндегі болмыстың бастамалары жайлы көзқарастары.
24. Әл-Фарабидың ақыл-ойдың (интеллекттің) түрлері жайлы ойлары.
Әл-Фарабидің эманациялық теориясы мұсылман философиясының бүкіл тарихымен екі жақты байланысты: ол теологиялық және философиялық ойдың алдыңғы бағыттарында орын алған ілімдерді өзінде біріктіреді, және өз кезегінде Әбу Насырдың соңынан ерген көптеген ғалымдар үшін теориялық түзілімдердің бастауы қызметін өзі атқарады. Өз ілімінде Әл-Фараби аспан мен ай асты мәселелерін біртұтас етіп біріктіреді. Негізінен ақылмен танылатын және өзгермейтін болмыстармен айналыса отырып, ол, сондай-ақ, денелік және өзгермелі болмыстарды да назардан тыс қалдырған жоқ. Философ мәңгілік әлемді өзгермелі әлемнен бөліп қарайды, дегенмен Бүтін және көптік арасына байланыс орнатады. Әл-Фарабидің эманация теориясы өзінде теология мен космология мәселелерін біріктіреді. Ақыл барлық затты жасампаз ете отырып, жалғыздан тарайды. Бұлай болу себебі, құдай өз субстанциясын біледі, барлық игіліктің бастауы өзі екенін біледі, - деп есептейді Әл-Фараби. Құдайдың әрекеті мен жасапмаздығы ойлау процесінде, интеллектуалдық процесте жүзеге асады. Ойлау мен болмыстың өзара қатынасы Әл-Фараби философиясында жаратылыстың ұлы да сымбатты көрінісімен берілген. Адамзат ақыл-ойының эволюциясын Әл-Фараби таным процесіне қатысатын адам жанының қабілеті мен бөлшектеріне байланысты зерттейді. Адам интеллекті – бұл туа біткен қабілет, - деп көрсетеді Әл-Фараби. Бұл алғашқы интеллектіні философ потенциалдық және алғашқы материалдық интеллект деп атайды. Ол тәжірибеге дейін болады, яғни адамзат ие болғанға дейін болады. Тәжірибе пайда болып, сақталғаннан кейін потенциалдық ақыл актуалды ақылға айналады. Таным процесінің екі жақты сипаты бар: ол потенциалды ақыл-оймен қатар потенциалды ақыл жететін нәрселерді де жүзеге асыруды көздейді. Материалдық болып табылатын заттардың субстанциясында өзбетінше актуалды интеллект болу қабілеті жоқ. Бұл объектілердің мүмкін, яғни потенциалды танылудан актуалды танылуға өтуі үшін материядан да асқан субстанциялы мән қажет. Өзінің “Ақыл (деген сөздің) мағынасы жайындағы пайымдама” деп аталатын шығармасында Әл-Фараби интеллект деген сөздің түрлі мағынада пайдалануы туралы жазады. Бірінші - қарапайым сөзде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші – мутакаллимдердің түсінігінде, парасат теріске шығарылған кезде айтылады. Үшінші – Аристотельдің “Екінші Аналитика” атты шығармасында берілген мағынада, интеллект жанның қабілеті болып табылады. Туа біткен қасиеті арқылы әмбебап, ақиқат және қажетті шарттар жөнінде анық мағлұмат алу үшін адамға жағдай жасайтын жан қабілеті деп қарастырылады. Төртінші мағынасы – тағы да Аристотельдің “Этика” деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Мұнда Аристотель интеллект деп өзіне сәйкес келетін тектегі объектілерге ұдайы қолданудан келіп туатын сол жанның бір бөлігін айтады. Бұл өзі жүре келе тәжірибеден туады, жан бұл тәжірибені объектідегі әрбір дара нәрседен алады. Пікірлер мен шарттардың анықтығы ерік істерінен туады; оның қабылданатыны немесе қабылданбайтыны ерік істерінің табиғатында болады. Жанның нақ осы бөлігін Аристотель “Этиканың” алтыншы кітабында интеллект деп атаған, - дейді Әл-Фараби. Интеллект сөзінің бесінші мағынасы Аристотельдің “Жан туралы” трактатынан алынады. Мұнда Аристотель интеллектті төрт түрге бөледі: а) потенциалды; б) актуальды; в) жүре келе дарыған және г) әрекетшіл интелект. Потенциалды интеллект дегеніміз формаларды жүзеге асыратын субстанция болып табылады. Форма деген ұғым Аристотельде, Әл-Фарабиде мән (сущность) деп алынады. “*Акл би л фи*л” – “актуальды интеллект”. Бұл мағынаға Аристотельдің “ойлауды-ойлау” деген ұғымы сай келеді. Мұнда Әл-Фараби ойлау мен болмыстың ұқсастығы қатынасын дамытады. Таным әрекетіне жеткенге дейін интеллект екі жағынан потенциалды. Субъект жағынан интеллект, әлі өзі дамытпаған пайымдау қабілеті ретінде потенциалды. Объект жағынан, оның потенциалды болатын себебі затқа ой жүгіртуге, оны ақылмен пайымдауға болады, оған мүмкіндік бар. Ақылмен пайымдауға болатын парықтарды – “интеллекция объектілерін” пайымдау, оларды потенциалдылықтан нақтылыққа айналдыру арқылы потенциалды интеллект актуалды интеллектке, яғни шын интеллектке айналады. Егер субстанциядан абстракцияланған интеллекцияның пайымдағыш объектілері осы парықта жүзеге асатын болса, онда бұл объектілері интеллекцияның актуальды объектілеріне айналады. Субстанциядан абстракцияланудан бұрын бұлар интеллекцияның потенциалды объектілері болып еді, ал субстанциясынан айрылып, олар актуальды объектілерге айналды. Актуальды интеллект, бұлар актуальды пайымдалғыш болғандықтан интеллектінің формалары болып табылатын интеллекцияның пайымдағыш объектілерін пайымдағанда, бұған дейін актуальды деп саналып келген интеллект жүре келе дарыған интеллектіге айналады. Болмыста пайымдалғыш парықтар пайда болады. Заттың формалары, ақылмен пайымдалатын интеллекция объектілері ретінде, тек жан дүниесінде өмір сүреді. “Жан туралы” трактатының үшінші кітабында Аристотель айтқан әрекетшіл интеллект дегеніміз ешуақытта да материяда болмаған және онымен мүлдем байланысы жоқ абстракцияланған форма, - деп түйіндейді Әл-Фараби. Әрекетшіл интеллект дүниеде бар нәрселердің ішінен алдымен ең жетілгендерін таниды, ал материалдық формалар әрекетшіл интеллектіде материядан абстракцияланған болып табылады. Әрекетшіл интеллект материяға өзінің парқында бар қасиетті береді, бірақ материя оларды түрліше қабылдайды. Әл-Фараби философиясында онтология мен гносеология өзара байланысты, олардың тамыры бір, олар Мән туралы бірегей іліммен біріктірілген. Аристотельдің ізімен Әл-Фараби бастапқы бастаулар туралы мәселе қояды, бірақ ай асты әлемінің табиғатын қарастырумен шектеліп қоймайды, нақтылықты табиғи жолмен Бастапқы Мәнмен байланыстырып тұрған ғарыш қабатына көз тігеді. Бастапқы Мән Әл-Фараби үшін Аристотельдің әрекетсіз алғашқы қозғаушысынан айтарлықтай ерекшеленеді. Ол барлық болмыс пен ойлаудың жанды бастауы болып табылады. Әбу-Насыр Алғашқы Мән анықтамасына жанды және Өмір тәрізді дәстүрлі емес ұғымдарды қосады. Әл-Фарабидің көзқарасымен алғанда жанды деп Алғашқы Мәннің бөлінбес сипаты болып табылатын барлық белгілінің ішіндегі ең үздік білім иелерін атайды; адам туралы бұлай айту, оны үздік түсінікпен қабылдаушы ретінде қарастыруды білдіреді. Жансыз болмыс түрлеріне қатысты алғанда, жанды ұғымы даму барысында Алғашқы мәннің табиғатының нәтижесі болып табылатын және оның өз табиғатынан бөлінуін қайталайтын құбылыстарды бейнелейді. Адами қасиеттерге қатыстыра отырып, Әл-Фараби Алла-Тағаланың ұлылық, кереметтік және даңқ тәрізді сипаттамаларын қарастырады. Бұл мәселелер туралы мағлұматтарды Әл-Фарабидің “Азаматтық саясат”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары” атты шығармаларында кездестіре аламыз. “Ізгілік қаласында” философ “Бірінші себептер” ұғымын енгізеді және оны ең алдымен, материяны қажетсінбейтін болмыс ретінде қарастырады. Әл-Фараби денелер болмысы мен акциденциялардың шарты болып табылатын бастаулардың алты үлкен сатыларын көрсетеді: бірінші сатыда – бірінші себеп, екіншісінде – екінші себеп, үшіншісінде – харакетшіл ақыл, төртіншісі – жан, бесіншісі – форма, алтыншы – материя. Алғашқы үш себеп денелер болып табылмайды және денелерден тұрмайды. Соңғы үш себеп денелерде орналасқан, бірақ денелер болып табылмайды. Әл-Фараби денелердің алты тегін бөліп көрсетеді:
аспан денелері;
ақылды тіршілік иелері;
ақылсыз тіршілік иелері;
өсімдіктер;
минералдар;
төрт элемент (от, ауа, су, топырақ).
Табиғи заттар материя мен формадан тұрады. Әр дене өз формасы арқылы болмыста сақталуға құқылы, ал материя арқылы ол өзге болмысқа ие болуға құқылы. Материя форманың болуының арқасында тіршілік етеді, форманың арқасында денелік субстанция актуальды субстанцияға айналады, себебі ол өз формасынсыз өмір сүрсе, болмыс тек потенциалды ғана болып табылады. “Азаматтық саясатында” Әл-Фараби осы ойға қайта оралады. Материя тек форманың субстраты ғана болып табылмайды, сонымен бірге форма үшін де тіршілік етеді. Форманың тіршілігі – материяның бірінші мақсаты. Форма болмаған жағдайда материяның тіршілігі бекер болған болар еді. Табиғи нәрселердің арасында бекер ештеңе болмайтындықтан, бастапқы материя формадан азат болуы мүмкін емес. Әрі қарай Әл-Фараби формаларды акциденциялармен салыстырады: “Формалардың акциденцияға ұқсастығы, олар басқалар сияқты өз тіршілігі үшін субстрактқа ие болуы керек. Формалардан акциденциялардың ерекшелігі, субстраттар олар үшін де, олардың алып жүрушісі болу үшін де өмір сүрмейді. Форма субстраттарына, дәлірегі материяға келетін болсақ, олар формаларды алып жүруге арналған”. Әл-Фарабидің жүйесінде “харакетшіл ақыл” екі әлемнің ортасындағы шекарада орналасқан. Әрекетсіз субстрат тәрізді материя “харакетшіл ақылдан” туатын формаларды алады. Ай асты әлемі тек “харакетшіл ақылдың” ғана емес, аспан сферасының да ықпалына ұшырайды. Халықтардың алуан түрлілігінің, яғни табиғи халықтардың мінез-құлқы мен тілдерінің айырмашылығының себебін Әл-Фараби дәл осы аспандық себептерінің әсерінен, аспан денелерінің орналасуындағы айырмашылықтан іздейді. Әл-Фараби ізгілік ұғымын парасатты теориялық, парасатты практикалық, ұмтылушы, елестетуші және түйсінуші тәрізді бес жан күйлерімен байланыстырады. Тек парасатты теориялық күш ғана бақытқа жеткізеді, - деп көрсетеді философ. Бақыт дегеніміз – ол абсолюттік игілік. Фарабидің айтуынша, адамдар көп нәрселерді өзінің өмірінің мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар өзіне ұнайтын, керекті нәрселер. Адам бақытты ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл парасат күші арқылы ғана пайымдайды. Бақытты дұрыс түсінетін адамдар – данышпан адамдар. Бақыт, Әл-Фарабидің пікірінше, адам кемелденуінің шегі. Ақыл туралы ілімі Әл-Фарабиде болмыс туралы ілімі тәрізді, бір негізге ие. Даналық, Әл-Фарабидің түсінігінде, әлем иерархиясының барлық сатысын және осы сатылар арасындағы байланыстың сипатын білу дегенді білдіреді. “Ғылымдар классификациясы туралы” трактатында Әл-Фараби өз заманында белгілі болған ғылымдардың бәріне шолу жасайды. Бұл – лингвистика немесе тіл туралы ғылым, логика, математика, физика, метафизика, азаматтық ғылым, юриспруденция және дін ілімі. Әл-Фарабидің саяси космологиясы айқын исламдық сипатқа ие. “Бақытқа жету” туралы трактатында философия мен дін ілімі арасындағы айырмашылық туралы өз түсінігін береді. Бұл екеуі де заттардың соңғы принциптері мен олардың тіршілігінің бастауы туралы түсінік береді, адам тіршілігінің соңғы мақсаты жоғарғы бақытқа қол жеткізу екенін түсіндіреді. Бірақ философия анық дәлелдемелер береді, ал дін сенім береді. Философия діннен бұрын пайда болған деп санайды Әл-Фараби. Оның ойынша, билік етуші адам философияны меңгеруі тиіс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет