1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары Жауабы


Әл-Фарабидың қайырымды (ізгілікті) қала мен надан қалалардың сипаттары және надан қалалардың түрлері туралы ойлары



бет20/67
Дата15.02.2023
өлшемі325,34 Kb.
#68026
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67
Байланысты:
1. Åæåëã³ ñàòàðäû äíèåòàíûìäû ñòàíûìäàðû ìåí ðóõàíè íäûëû

27. Әл-Фарабидың қайырымды (ізгілікті) қала мен надан қалалардың сипаттары және надан қалалардың түрлері туралы ойлары.
Әл-Фарабидің «Қайырымды қала­сында» теңсіздік орын алады. Тек рухани ғана емес, дәулет теңсіздігі де, себебі «Қайы­рымды қала» тек өзінің қажет­тілігімен шектелген еңбек етушілер тұратын «қажеттілік қаласыз» мүмкін емес. Олар қажетін өзара көмек арқылы табады және төзімділік пен көну арқылы аман-саулыққа қол жеткізеді. Жалпы адам қоғамдастығын философ екі түрге бөліп көрсетеді: толық және толық емес. Толық қоғамдастықтың өзін үш түрге бөлген: үлкен, орташа, кіші. Үлкен қоғамдастық деп ол бүкіл жерді мекендеуші барлық адамдардың жалпы қоғамдастығын көрсетеді. Ал орташа қоғамдастық дегеніміз білгілі бір халық ретіндегі қоғам дейді, кіші қоғамдастық ол белгілі бір қала ретінде көрсетілген. Толық емес қоғамдастыққа келер болсақ, әл-Фараби оларды төртке бөліп қарастырған. Олар: квартал, көше, үй және ауыл. Соңғысы қала құрамында көрмегенімен ол қалаға қызмет көрсетуші толық емес қоғам ­болып табылады. Жоғары деңгейдегі дамуы мен игілікке адам ең бірінші ретте ең кіші дегенде қалада ғана қол жеткізе алады деп көрсеткен. Кез келген нәрсеге шын көңіл білдіріп, шынайы таңдау жасап талаптанып жетуге болатындықтан, кез келген қалада бақытқа қол жеткізуге болады дейді. Әрбір тұрғыны бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесетін қайырымды қала деп түсіндіріледі. Сол сияқты қайырымды қала, қайырымды тұрғындар (халық) ­болады дейді. Әл-Фараби өз трактатында: «Адам толығымен жетілуі үшін ол көптеген мәселелерден тәуелді болады. Себебі ол барлық өзіне қажетті нәрселерді жалғыз өзі жасай алмайды, әрі қол жеткізе ­алмайды» дейді. Сондықтан адам өзінен басқа да адамдардың қоғамдастығында өмір сүруі керек және сонда ғана ол толық жетіліп, бақытқа қол жеткізе алады дейді. Бірақ ол басқа адамдарға қатысты да қоғамдастықтың құраушысы болып ­табылады. Осылайша, қоғамдастықтың әрбір мүшесінің іс-әрекеті оның әрбір мүшесіне қажетті нәрселердің барлығын тауып береді дейді. Қауым адамдары бір-біріне көмек көрсетулері арқылы ғана кемелділікке жетіп, тыныштығын сақтайды және үйлесімді өмір сүреді. Бірақ олардың барлығы толық мәнге ие бола алмайды және қоғамның да түрлері көп. Ойшыл толық мәнді қоғамды үшке бөледі: ұлы, орташа, шағын және оларды барша адамзат баласының қоғамдарының тұтас жиынтығы дейді. Игілік пен кемелділік дәрежесіне ең бірінші қала жетпек. Бақыт – әл-Фараби этикасының орталық санаты – дербес болып саналмайды. Қайырымды қалада бақыт адамдар, мейірімділік, әділдік және әдемілік арқылы жүзеге асырылады. Жұмыстарда өзара көмектесу мақсаты үшін біріккен шынайы бақытқа ие адамдардың бірлескен қаласы қайырымды қала және адамдар бір-біріне бақытқа жету үшін көмектесетін қоғам өз алдына қайырымды қоғам болып табылады. Қала болмысы – адамның кемелденген денесі мен оның мүшелері секілді. Дене мүшелері тіршілік ету мақсатында бір-біріне көмектесіп отырады және өздерінің қабілеттері мен жаратылыстарына қарай бөлінеді. Дәл сол секілді қала бірлестіктері де қабілеттеріне байланысты бөлінеді. Данышпан ізгілікті қоғамды қалай ­билеу керек, оның бөлшектері туралы, әділ билеудің әдістері мен билеушінің қабілеті, белгісі, негізгі шарттары жайлы­ пайымдайды. Қала басшылары қала бірлестігінің мүшелері болуы үшін тек табиғи қасиеттерімен ғана емес, өнер секіл­ді қасиеттерімен де мүшелікке енеді. Ал қала бірлестігінің басшысы бо­йын­дағы қасиеттерімен өзгелерден кемелді болғандықтан жоғары тұрады және мәртебелі. Ол қаланы тәртіпке кел­тіруші, жол сілтеуші, мұны әл-Фараби адам тәніндегі жүрекпен теңестіреді. Әрбір адам өмір сүруі мақсатында «әуел бастан-ақ Бірінші Себептің үлгісі мен мақсатына жету үшін жаралған, міне нақ осының арқасында олар ең мәртебелі басқыштарға шығып отыр». Сондықтан да қаланың әрбір мүшесі өз қызметтеріне сәйкес қала бас­­­шысының мақсаттарын көздеулері тиіс. Әл-Фараби «Қайырымды қала» ­деген сау әрі ешбір мінсіз адам мінезіне ұқсас дейді. Себебі оның әрбір мүшесі ден­саулықты сақтау үшін бір-біріне көмектесіп өмір сүреді. Бірақ адам дене­сіндегі мүшелер бір-біріне табиғаты, атқа­ратын қызметіне байланысты айырма­шылық жасайтындығы сияқты қала тұр­ған­дары да өздерінің қызметі мен қоғам­дағы орны бойынша айырмашылық жасайды деген. «Қайырымды қала» басшылары және билеушілерінің келесідей төрт түрі ­болады: – шынайы билеуші ( барлық қасиеттерге ие бірінші басшы); – шынайы билеуші жоқ болса қайы­рымды қаланы ең лайықтылар басқарады; – егер жоғарыда аталғандардың екеуі де болмаса, бірінші билеушілермен енгізілген ерте заңдарды және ережелерді білетін және орындайтын «заң бойынша билеуші» қаланы басқарады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет