1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Әл-Фарабидың іліміндегі мемлекет басшысына қойылатын 12 талап және олардың рухани-адамгершілік сипаты



бет23/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
28. Әл-Фарабидың іліміндегі мемлекет басшысына қойылатын 12 талап және олардың рухани-адамгершілік сипаты. Әл-Фарабидың іліміндегі мемлекет басшысына қойылатын 12 талап және олардың рухани-адамгершілік сипаты: Әбу Насыр әл-Фарабидің мол мұрасы­ның ішінде мені ерекше қызықты­рып, ерекше таңғалдырғаны – «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деген трактаты. Айталық қазір «мемлекеттік басқару құрылымы» деген ұғым бар. Мемлекет құрылысы толық зерттелген бүгінгі күнде мұндай ұғым таңсық та емес шығар. Бірақ ол осыдан ХІ ғасыр бұрын, қаланың құрылымы және оларды басқару жолдарын жан-жақты көрсетіп кеткен. Мысалы, өз кестесінде қаланың өз ішінде ауылдардан, орамдардан, көшелерден, үйлерден тұратынын есептеп, қалалардан мемлекет құралатынын, ал мемлекеттердің бүкіл әлемді құрайтынын жазған. Содан кейін қаланы басқару жолдарын жазған. Қала басшысы қандай тұлға болуы керектігін, оның бойында қандай қасиеттер 28) болуға тиіс екенін ашып көрсеткен. Әл-Фараби «қала басшысы 12 қасиетке ие болуы қажет» дейді. Осыған қысқаша тоқтала кетейін. Қала басшысы болатын адамға қойылатын бірінші талап – оның он екі мүшесі сау, денсаулығы мықты болуы керек. Екіншіден, айтқан сөзді жылдам ұғып, оны тез арада игеріп алуға тиіс. Үшіншіден, сөзді тыңдай білетін және жадында сақтай алатын, түсінетін адам болуы абзал. Төртіншіден, ақылды, парасатты және ең ұсақ-түйек деген мәселенің өзін назардан тыс қалдырмайтын адам болуы қажет. Бесіншіден, ойларын анық және нақты жеткізетін шешен (оратор) болуы керек. Алтыншыдан, басшы боламын деген кісі білім мен ілімге махаббаты зор, оқудан шаршамайтын, өзінің рухани байлығын ұдайы жетілдіре беретін адам болуы керек. Жетіншіден, тамақ жеу мен сусын ішу мәдениетін меңгерген, құмар­лықты жек көретін адам болуға тиіс. Сегізіншіден, шындықты сүйетін, өтірікке және оны айтатындарға төзбейтін адам болуы қажет. Тоғызыншыдан, жаны таза, намысын бағалайтын адам болуы керек. Оныншыдан, ұлы ғұлама өз трактатында «динар, дирхамға мойынсұнбайтын» деп жазған, яғни бүгінгі тілмен айтсақ, «парақорлықты жек көретін адам» басшы болуға лайықты деп есептейді. Он біріншіден, табиғатынан адалдықты жақсы көре­тін, арамдықты және тиранияны жек көре­тін адам болуы керек. Трактаттағы он екін­ші талап – басшы өз айналасындағы адам­дарға және басқаларға әділ болатын, әді­лет жолындағыларға көмек беретін және әді­леттілікпен болған шығындарды өтей­тін, еш нәрседен қорықпайтын батыл адам болуға тиіс. Басшыға қойылатын бұдан артық қандай біліктілік талабы болуы мүмкін?! Әл-Фараби қоғам дұрыс болу үшін онда өмір сүретін адамдар дұрыс болу керек деп біледі. Ал адамдардың алдына белгілі бір мақсат қойып, соған жету үшін барынша ұмтылатыны белгілі. Сонда адам тіршілігінің бар мәні бақытты болуға саяды. «Екінші ұстаз» адам өмірінің ең жоғары сатысы саналатын «бақыт» категориясына тоқталып, оған философиялық тұрғыдан сыпаттама, терең талдаулар жасайды. Ол «Адамзат кемелдігінің ең биік дәрежесіне жеткен» адамды бақытты адам санайды. Адам бақытты болу үшін ол өмір сүріп отырған елдің басшысы да кемел адам болуы керек», «Адамдар ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға тиіс» деп біледі. Осындай оймен басшыға қойылатын алты талапты атайды:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет