7. Ежелгі түркілердің дүниетанымдық түсініктері және олардың рухани негіздері Түркілердің орасан-зор аймаққа еркін таралып, қоршаған ортаны жылдам игеруініңөзі олардың əлем туралы дүниетанымың кең болғандығынан екені белгілі. Түркілердің дəстүрл дүниетаным жүйесі мынадай негізгі ұғымдарды біріктірді:Тəңірі — түркілердегі Жаратушы, жарылқаушы, бақылаушы жəне жауап алушы Құдай. Жер-Су — түркілердің Тəңірі берген Отаны, өмір сүру кеңістігі, мекені. Ұмай — əлемнің əйел бастауы, балалар мен əйелдердің жебеушісі, қолдаушы. Құт — Тəңірінің түркілермен бірге оларға арналған несібесі, үлесі, өмірлік күш-қуаты немесе қолдаушысы. Міне, осы негізгі наным-сенімдер мен діни ұғымдар түркі мемлекеттілігінің қалыптасуына, түркі қоғамындағы қоғамдық-əлеуметтік қарым-қатынастарды реттеуге, қағанаттағы сыртқы-ішкі істерді дұрыс ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралардың шеңберін белгілеп берді. Аспанға көз жіберген ежелгі түркілер өмірді өзінің дүниетанымдық кеңістік тұрғысынан қалыптастырған. Ол тік кеңістіктің үстіңгі бөлігін Тəңірі əлеміне жəне өзінің орталық əлеміне — Жер мен Суға бөлді, осылардың бəрінің жиынтығын тіршілік ету көзі деп қарады. Онда Жер мен Тəңірге табынушылық осы нанымда басты орын алады. Олар Тəңірі мен Көк аспанды бір ұғымда қарастырып, сыйынды. Тəңір — байырғы түрік халықтарында аспандағы Құдайдың аты. Бұл ұғым Хунну (Сюн-ну, Гун) дəуіріне дейін орнығып (б.з.б. ІІІ ғасырға дейін), кейіннен осы көшпелі Ұлы дала империясының идеологиясына айналып, кейінгі түркі империяларына да идеологиялық алтын қазық болғаны қақ. Бұл жайында қытай деректерінде хуннулардың билеушілерін «Танг-ли күтү» (Тəңіріқұты), «Тəңірі текті Шаньюй» (Мао-тун) деп ұлықтағанын білеміз. «Тəңірі» сөзін алтай текті халықтардың ішінде кең таралуына қарап-ақ осы сөздің түптөркінінің қаншалықты алысқа кетерін болжау қиын емес. Тəңірі сөзін: алтайлықтар – тенгри, тенгери; монғолдар – тэнгэр; шорлар –тегри; хакастар – тигир, тер; чуваштар – тура; сахалар – тангара; буряттар – тэнгэри; тувалар – дээр; тқалмақтар – тэнгер деп атаған. Түркілерде бір «Тəңір» ұғымы болғандығын ортағасырлық араб жəне парсы саяхатшылардың еңбектерінде көрініс тапқан. Х ғасырда араб географы Əл-Макдиси Орталық Азиядағы түркілердің наным-сенімі туралы былай деп жазады: «Түріктер бір Тəңірі, яғни «Тəңір біреу», — дейді. Олардың кейбіреулері Тəңірі дегеніміз — зеңгір көктің атауы деп пайымдаса ал енді біреулері Тəңірі деген — көктің нақ өзі, дейді»