1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Ежелгі түркілердің «Тоныкөк», «Күлтегін» жазба ескерткіштеріндегі құндылықтық бағдарлар және олардың рухани-дүниетанымдық мазмұны мен сипаты



бет7/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
8. Ежелгі түркілердің «Тоныкөк», «Күлтегін» жазба ескерткіштеріндегі құндылықтық бағдарлар және олардың рухани-дүниетанымдық мазмұны мен сипаты. Тоныкөк жазба ескерткіші – Екінші Шығыс Түрік қағандығының (6 ғасыр) саяси, қоғамдық және әлеуметтік өмірін ежелгі түркі поэзиясы стилінде зор шеберлікпен бейнелеп көрсеткен, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі биік әдеби жәдігерлік. Бұл жырдың мәтіні көне түркі жазуымен бедерлеп жазылған. Құлпытасты 19 ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Селенга өзені бойынан Д.А.Клеменц тапқан. Тоныкөк Мұрағатталған 4 8)наурыздың 2016 жылы. Құрметіне қойылған бұл ескерткіш мәтінін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және оны ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне В.Томсен, В.В.Бартольд, С.Е.Малов, т.б. түркітанушы ғалымдар үлес қосты. Тоныкөк жазба ескерткішін қазақ әдебиеті тұрғысынан тұңғыш рет зерттеген М.Жолдасбеков болды. Тоныкөк жазба ескерткіші 313 өлең жолынан тұрады. Жырдағы жалпы оқиғалар желісін зерттеушілер оны он төрт циклға, яғни он төрт хикаяға бөліп қарастырады. Бұл жырда түркі елінің сан қырлы өмірінде Тоныкөкт Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. Ің тарихи рөл атқарғаны ерекше айтылады. Тоныкөк жазба ескерткішіне дидактикалық сарын беріп тұрған қанатты сөздер, афоризмдер, мақал-мәтелдер бертін келе қазақ ақын-жыраулары поэзиясында өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапты. Сол тас жазуда: «Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған. Бұдан Тоныкөктің түркі тайпасы көсемдерінің бірінің баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император сарайында оқып, тәрбиелене алған. Қытай сарайында жүріп, олардың өз еліне жасап жатқан қорлық-зорлығының бәрін көріп, біліп өскен Тоныкөк ақыры шыдай алмай, 683 жылы шыли иуән тайпасының басшысы Құтылықпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңіске жетіп,көп ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылықты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды. Жаңа шаңырақ көтерген елдің іргесін бекітуге мүмкіндік бермей құртып жіберуді көздеген табғаш билеушісі «жабайыны жабайының қолымен құрту» саясатымен түркілерге көрші тоғыз оғыз халқын айдап салды. Бірақ табғаш елінде болып, олардың қарсыластарын құрту үшін қандай әрекеттер жасайтынын жақсы білетін Тоныкөк асқан көрегендікпен бұл апаттың алдын алып, Тоғыла жазығында тоғыз оғыздардың әскерін тас талқан етеді. Қолға түскен тұтқындарды Тоныкөк Құтылық қағанға айтып, түгел босатып, еліне қайтарады. Оларға: «Түбіміз бір туыспыз. Өзара қырқысқаннан өзгеге жем болғаннан басқа пайда жоқ. Табғаш елі ортақ жауымыз. Сондықтан соған қарсы күш біріктірейік. Бір бірімізді өгейсітіп, көзге түрткеннен тапқан олжамыз кәні? Бірігіп ел болайық, осыны айта барыңдар. Кім де кім бірлік байрағын көтеремін, ата жауға қарсы бірлесіп күресемін десе, Отыкенге келсін. Біз сонда бірер күн еру боламыз» дейді. Тоныкөктің осынау сөзі қандастарының жүрегін жібітіп, оғыздар түгелдей түркі туының астына жиналады. Кейін бұл жөнінде Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Осыдан кейін оғыздар өз аяғымен көтеріле келді. Келтіргендей-ақ келтірдім-ау» деп ризалық сезіммен сол кезді еске алады.
Құтылық қаған өлгеннен кейін, орнына інісі Қапаған отырады. Тоныкөк оған да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді. Бұл ретте Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Ел төресі (Құтылық) қаған, Білге Тоныкөк қам жеп, иелік қылғаны үшін Қапаған қаған бар болып отыр» дейді. Онысы рас та секілді. Қытай жылнамасы Қапағанды қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарады, қартайған сайын қызғаншақ, ақылсыз бола бастады деп суреттейді. Тоныкөк осы кезде қағанына өкпелеп, қытайға өтіп кетуге жырыла көшкен ру тайпа көсемдерін тоқтатып, ел бүтіндігін сақтау үшін күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, ат үстінде жүреді. Бірақ Тоныкөктің халық алдындағы беделінің тым жоғарлығын қызғанған Қапаған оны ел билігінен оқшаулай бастайды. Қағанат құлауға айналады. Ақырында Қапаған қаған ойда жоқта өз қандастарының қолынан қаза табады. 1 Билікке таласып, ел бірлігіне зиян келтіреді деген қауіппен Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастаған Күлтегін батыр ағасы- Могиләнді (Білге қаған) қаған тағына отырғызды «Білге қаған» деген атпен таққа отырған Могилəн өз тайпасының ортасына кеткен Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс-тұстан анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді. Тас жазуда Тоныкөк: «Түркі Білге қаған түркі- сыр, оғыз халқын асырап, мерейін үстем қылып отырар» деп, оған үлкен сенім артады. Түркі жұртының азаттыққа қол жеткізіп, жеке дербестік ел болып отыруына айтулы еңбек сіңірген дала кемеңгері Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті.«Тәңірі жарылқады! Бүкіл түркі жұртына қарулы жау келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» дейді дана қарт. Тоныкөктің қай жылы өлгені белгісіз. Қытай тарихында білге қаған оны ордаға 716 жылы қайта шақырып алдырғанда Тоныкөктің жасының 70-те екені анық көрсетілген. Содан кейін ол Білге қағанның қасында болып, Түркі қағанатын төніп келген апаттан құтқаруға көмектесіп, оған пайдалы ақыл кеңесін береді. 734 жылы Білге қаған уланып өледі. Бұдан кейін Тоныкөкке қатысты дерек еш жерде кездеспейді. Білге қаған өлгеннен кейін оның орнына таққа балалары бірінен кейін бірі отырғаны және бар биліктің сол балалардың анасы, Білге қағанның әйелі, Тоныкөктің қызы Бопының (Пофудың) қолында болғаны белгілі. Осының бәрі Тоныкөкті бұл жылдарда да қаған ордасында болды деуге мүмкіндік береді. Тарихшылар оны әбден қартайып барып өлді дегенді айтады. Соған қарағанда ол 741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған тәрізді. Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, Скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды. 1893 жылы 25 қарашада Дания ғылым академиясының мәжілісінде В.Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екенін жариялады. Содан кейін академигі В.В.Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды. Радлов, С.Е.Малов, қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Қ.Өмірәлиев, т.б. түркітанушылар Орхон жазба жәдігерлерінің түркі тіліндегі мәтінін оқып, оны тілдік, әдеби, тарихи тұрғыдан зерттеді. И.В.Стеблева Орхон жазбаларын тұңғыш рет көркем туынды, поэзиялық шығарма ретінде қарастырса, оның қазақ әдебиетіне ықпалын алғаш рет М.Жолдасбеков ғылыми тұрғыдан негіздеді. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда «кіші жазу», ал екіншісі «үлкен жазу» деп аталып кеткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет