5. Ежелгі сақтар өнеріндегі түстердің әлеуметтік-символикалық мәні Сақ қоғамы үш топтан тұрды: жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер. Әр топтың киімдерінің символдық түстері болған. Жауынгерлер қызыл және сары-қызыл түсті киім киген. Ежелгі үнді-ирандық тілінде оларды “ратайштар” (арбада тұрғандар) деп атаған. Сақ қоғамының адамдары үш әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың әрқайсына бір түс тән болды.: Жауынгерлер (қызыл) Абыздар (ақ) Басқа қауым адамдары (сары, көк) Сақтарда қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер акинақ, қанжар, жебенің ұштарын т.б. жасаған. Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т.б. металдарды көп пайдалаған. Сонымен бірге теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Европа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Сауда Жібек жолы және б.з.б. I мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды. Сақ өнерінде аңдық стиль болды. Олар аңдар мен әр түрлі аңыздардағы жануар бейнесіндегі құбыжықтарды бейнелейтін еді. Аңдық стиль б.з.б. VII ғасырда Алдыңғы Азияда дүниеге келді. Арыстан бейнесіндегі «өмір ағашы» сақтарда ең көп тараған. Сақтар әр түрлі жануарлар бейнесіндегі құдайға, табиғат күштері күнге, желге, әр түрлі құбылыстарға табынды. Мысалы, күн күркіреу құдайы қабан бейнесінде бейнеленген. Олардың түсінігінше, әлем үш бөліктен құралған: Жер астындағы әлем, Орта жер әлемі, Аспан әлемі
6. Түркілер өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуы және оның ерекшеліктері. Біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың басынан бастап, негізінде ежелгі ғұндар арқылы тарих сахнасына шыққан және біздің заманымыздың 542 жылындағы қытай жылнамаларында «құдіретті империя мемлекет құрған, олармен бәсекелес ірі суперэтнос» ретінде баяндалған. Ал VII-VIIII ғасырларда болса, өздері тудырған жазба ескерткіштері арқылы (Орхон-Енисей немесе Өтүкен түркі ескерткіштері) өздерінің шыққан тегінің тарихын құжаттандырған түркілер («түрк бұдын») барлық түркі текті халықтардың (оғыз, қыпшақ, қырғыз, ұйғыр т.б.) одағын құруға үлкен мән-маңыз берген. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасыр қытай деректерінде және одан кейінгі деректерде «ту-у», «тукю», «тукюе», «түркіт», «төрүк», «түрүк» және нақты атауымен «түркі» деп аталған түркі халықтары Еуразияның, әсіресе, соңғы 1500 жылдық тарихында архаикалық сипаттағы мемлекеттілікті заманауи мемлекеттілік деңгейіне дейін дамытқан, әрі өз тағдырын ежелгі дүниенің бүкіл халықтарының тағдырымен бірге байланыстырған халық болған. «Түркі» этнонимінің этимологиясы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылса да, XIX-ғасырдың танымал мажар түрктанушысы Арминий Вамбери мен профессор Фарук Сумер оның «төремек» (сөздің түбірі - «төрә»; «төрү», яғни туындау, пайда болу) етістігінен пайда болғанын шындыққа жақындау жорамал деп санаған. IX ғасырдың ұлы түркі ойшылы, энциклопедист тіл маманы Махмұд Қашқари «Диуан-и лұғат-ит түрк» атты классикалық еңбегінде «түркі» атауын түркілерге Тәңірдің бергенін айта келе, аталмыш сөзді «жастық, жетілушілік, құдірет пен күш-қуат» деген мағыналармен байланыстырған. Х ғасырдағы ұйғыр мәтіндерінде де «түрк» сөзінің «күш, қуат» деген мағына бергені бұл пікірді күшейте түседі. XX ғасырдың басында өмір сүрген неміс археолог, түрколог Альберт фон Лекок да осы пікірді қолдайды. Түркі саяси мәдениетінің ықпалында жазылған Иран деректерінде «түркі» сөзінің мағынасы «сұлу адам» деп түсіндіріледі. Тарихи фактілер бойынша, түркі әулеттік бірлестіктерінде «түркі» тектілік, ақсүйектікті білдірген сөз ретінде де қолданылған, түркі аристократиясының жоғары шенді өкілдеріне, әскер қолбасшыларына қатысты болған. Мысалы, еуразиятанушы Лев Гумилевтің түсіндіруі бойынша, «Көктүрк» (немесе Ұлы Түрк) қағанатының (552-745) құрушы қолбасшыларының бірінің «Қара Чурин Түрк» деп аталуы кездейсоқ емес. Орхон-Енисей ескерткіштерінде бұл семантика ерекше назар аудартады. «Түркі» сөзінің басқа тілдерден енбегендігі, сондай-ақ басқа тілдерде ешқандай мағына білдірмейтіндігі де анық мәлім. Түркілер бұл атауды өздеріне өздері берген. Кейін әлем де мұны қабылдаған.