1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы



бет16/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Хабарламалар (хабарлаулар)
Әкiмшiлiк рәсімнiң қатысушысы әкiмшiлiк рәсiмі отырысы өткiзудің уақыты мен орны, әкiмшiлiк рәсiмдi iске асыру үшiн қажеттi өзге де іс-шаралар туралы хабардар етiледi.
Хабарлама (хабарлаулар) тапсырыс хатты табыс етілетіндігі туралы хабарламамен, телефонограмма немесе телеграмма арқылы, ұялы байланыс абоненттік нөміріне мәтіндік хабарламамен немесе электрондық пошта не хабарлама немесе шақыру белгіленімін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырыпжіберіледі.
Егер әкімшілік рәсімнің қатысушысы аталған мекенжайда іс жүзінде тұрмаса,
хабарламалар (хабарлаулар) заңды мекенжайға немесе оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін.
Заңды тұлғаға жіберілетін хабарламалар (хабарлаулар) оның орналасқан жері бойынша жіберіледі.
Әкімшілік рәсімнің қатысушысы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекен-жайы, жұмыс орны, ұялы байланыс абоненттік нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабарлау) тиісті және жеткілікті деп санайтындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
Әкiмшiлiк рәсімнің қатысушысы хабарламаны (хабарлауды) қабылдаудан бас тартқан жағдайда, оны жiберген немесе табыс еткен адам әкiмшiлiк органға, лауазымды адамға қайтарылатын хабарламаға (хабарлауға) тиiстi белгі жасайды.
Әкімшілік істерді жүргізу және есепке алу
Әкiмшiлiк орган, лауазымды адам қағаз түрінде және (немесе) электрондық нысанда әкiмшiлiк рәсімді iске асыру үшiн қажеттi құжаттардан тұратын әкiмшiлiк істі қалыптастырады.
Әкiмшiлiк істерді, олардың есепке алу журналдарын жүргізуді мұрағат және құжаттаманы басқару саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларының негізінде әкімшілік орган, лауазымды тұлға жүзеге асырады.
Мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келiп түскен өтiнiштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық өтiнiштер" ақпараттық-талдау жүйесiнің жүргiзу тәртiбiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыретi шегiнде статистикалық қызметтi белгіленген тәртіппен атқаратын мемлекеттік орган жүзеге асырады.
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, жарнамасы бар ұсыныстар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетулер мәселелері бойынша келіп түскен өтініштер есепке алынуға жатпайды.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары азаматтар мен заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiткен қабылдау кестесiне сәйкес айына кемiнде бiр рет жеке қабылдауға мiндеттi.
Қабылдау жұмыс орны бойынша жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізілген және белгіленген күндер мен сағаттарда өткізілуі тиіс.
Егер өтінішті лауазымды адам қабылдау кезінде шешіле алмаса, ол жазбаша түрде жазылады және онымен жұмыс жазбаша өтінішті қарау сияқты жүргізіледі.
§2. Мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың ұсыныстары мен өтініштері бойынша өндіріс сатылары
Әкімшілік рәсiмді қозғау негіздері
Әкiмшiлiк рәсiмді қозғау үшін:
1) өтініш;
2) әкiмшiлiк органның, лауазымды адамның бастамасы негіз болып табылады.
Осы аталған жағдайда, әкiмшiлiк рәсiм өтініш қабылданған кезден бастап қозғалды деп саналады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасының талабы немесе әкімшілік қарау осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіз болып табылады.
Өтініш қойылатын жалпы талаптар
Өтініш жазбаша, ауызша немесе электрондық құжат нысанында берiлуi мүмкiн.
Ауызша түрде түскен өтінішті әкімшілік органның қызметкері немесе лауазымды
адам жекелеген хаттамаға енгізеді.
Жазбаша немесе электрондық құжат нысанында берiлген өтініште, хаттамада:
1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке тұлғаның пошталық мекенжайы немесе атауы; заңды тұлғаның пошталық мекенжайы немесе атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) өтінішті берген әкiмшiлiк органның, лауазымды адамның атауы;
3) өтініштің мәні;
4) өтініштің берілген күні;
5) өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш беруші төлемді растайтын құжатты ұсынуға міндетті.
Өтінішті қабылдау, тіркеу, қайтару және кері қайтарып алу
Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініш міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады. Өтініш мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға берілген жағдайда өтініш білдірушіге күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, лауазымы көрсетілген бірегей нөмірі бар талон беріледі. Өтініш келіп түскен күні тіркеледі. Егер өтініш жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол кейінгі жұмыс күні тіркеледі.
Жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасы талаптарына сәйкес келетін өтінштер заңда белгіленген тәртіппен қаралуға тиіс.
Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференция байланысы немесе бейнеөтініш арқылы өтініштің тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Өтініш заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге жүгіну қандай талаптарға сай келмейтінін көрсетеді және оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.
Егер өтініш беруші әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзімде өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келтірмесе, әкімшілік орган, лауазымды адам өтінішті кері қайтарады. Өтінішді кері қайтару өтініштің қайта берілуіне кедергі келтірмейді. Өтініш беруші өзінің жазбаша арызы негізінде әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін арызын кері қайтарып ала алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш берушінің өтінішті кері қайтарып алуы мерзімді сақтай отырып қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.
Уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға өтінішті қайта жіберу
Өкілеттігіне берілген осы өтінішті қарау кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.
Өкілеттігіне ұсынымдарды, өтінішхаттарды, талаптарды, өтінулерді, хабарламаларды қарау кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініште қамтылған бір немесе бірнеше өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.
Қайта жіберілген өтініш немесе оның бөлігі бойынша уәкілетті әкімшілік орган, лауазымды адам заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімді қозғайды.
Әкімшілік рәсімді тоқтату
Мына мән-жайлардың бірі болған кезде:
1) өтініште көрсетілген нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша әкімшілік органның, лауазымды адамның шешімі бар болса;
2) нақ сол адамға қатысты, нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер бойынша шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар болса;
3) әкімшілік орган, лауазымды адам өтінішті қайтарса;
4) әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіден өтінішті қабылдаса;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бар болса, өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсім тоқтатылады.
Әкімшілік орган, лауазымды адам өз бастамасы бойынша қозғалған әкімшілік рәсімді, егер әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болған әкімшілік рәсімді жүзеге асыру мән-жайлардың өзгеруіне байланысты қажет болмай қалса немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа негіздер бойынша тоқтата алады.
Әкімшілік рәсім әкімшілік органның, лауазымды адамның шешімімен тоқтатылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әкімшілік рәсімге қатысушыға хабарланады.
Әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімге заңда белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Өтініш беруші егер жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бар болса, заңда белгіленген тәртіппен қаралған мәселелер бойынша қайта өтініш беруге құқылы.

Әкімшілік істі қарау


Әкімшілік істі жеке-дара және алқалы түрде қарау
Әкімшілік істі лауазымды адам жеке-дара, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда не әкімшілік органның шешімі бойынша – алқалы құрам қарайды.
Әкімшілік істің нақты мән-жайларын зерттеу
Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдауға міндетті. Әкімшілік істің нақты мән-жайларын зерттеу тәртібі мен шектерін әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушылардың пікірлерін ескере отырып айқындайды. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істің дәлелдерімен, нақты мән-жайларымен байланысты болмайды және әкімшілік істі толық көлемде тексереді. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істің нақты мән-жайларын белгілеу мақсатында өз бастамасы бойынша дәлелдемелерді жинауға құқылы. Әкімшілік орган, лауазымды адам қарау өздерінің құзыретіне жататын әкімшілік рәсімге қатысушылар ұсынған арыздар мен құжаттарды зерттеуден бас тартуға құқылы емес.
Тыңдау
Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік істің нақты мән-жайлары туралы өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті.
Егер:
1) бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы өтінішхат берсе;
2) әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкiмшiлiк актіні қабылдаса;
3) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау талап етілсе;
4) әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік рәсім отырысы өткізілетін уақыт пен орын туралы дер кезінде хабардар етілсе де әкімшілік рәсім отырысына келмесе;
5) әкімшілік рәсім тоқтатылса;
6) оңайлатылған әкімшілік рәсім жүзеге асырылса;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тыңдау өткізілмеуі мүмкін.
Әкімшілік рәсімге қатысушының әкiмшiлiк іс материалдарымен танысуы
Әкiмшiлiк рәсімге қатысушыға әкімшілік іс қаралғаннан кейін өтінішхат мәлімделген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкiмшiлiк іс материалдарымен танысу мүмкіндігі берілуге тиіс. Әкiмшiлiк рәсімге қатысушы әкiмшiлiк іс материалдарымен танысқан кезде әкiмшiлiк орган, лауазымды адам
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс материалдарымен танысу процесінде кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқылы.
Әкімшілік рәсім отырысының хаттамасы
Әкімшілік рәсім отырысында әкімшілік рәсімге қатысушының және (немесе) әкімшілік іске қатысушы өзге де адамдардың қатысуымен әкімшілік істі қараған кезде хаттама жүргізіледі.
Хаттама компьютерлік, электрондық, машинкамен жазу не қолжазба тәсілімен дайындалады.
Әкімшілік рәсім отырысының хаттамасында:
1) отырыс орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты;
2) әкімшілік органның атауы, лауазымды адамның, әкімшілік рәсім отырысы хатшысының тегі, аты-жөні;
3) әкімшілік рәсімге қатысушы және (немесе) әкімшілік іске қатысушы өзге де адамдар туралы мәліметтер;
4) қаралатын мәселенің мазмұны;
5) әкімшілік рәсім отырысына қатысушылардың түсініктемелерінің, сұрақтары мен жауаптарының, сөйлеген сөздерінің мазмұны көрсетіледі.
Әкімшілік рәсім отырысына қатысушылар әкімшілік істі қарау үшін олакр айтарлықтай деп есептейтін нақты мән-жайлар туралы мәліметтерді хаттамаға енгізу туралы өтінішхат беруге құқылы. Әкімшілік рәсім отырысының хаттамасын төрағалық етуші мен хатшы дайындап, солар қол қоюға тиіс. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға және әкімшілік іске қатысатын өзге де адамдарға әкімшілік рәсім отырысының хаттамасымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Әкiмшiлiк рәсiмге қатысушылар және әкімшілік іске қатысушы өзге де адамдар әкімшілік рәсім отырысы хаттамасының жазылу толықтығы мен дұрыстығына қатысты өздерінің ескертулерін беруге құқылы. Ескертулердің қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы әкімшілік рәсім отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсім мерзімдері
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсім мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды. Өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсім мерзімі ол қозғалған кезден бастап есептеледі. Өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсім мерзімін әкімшілік органның басшысы немесе оның орынбасары ақылға қонымды мерзімге, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттігіне орай екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әкімшілік рәсімге қатысушы хабардар етіледі.
Әкімшілік рәсім мерзімін ұзарту туралы шешімге заңда белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Әкімшілік істі қарау нәтижелері бойынша шешімдер түрлері
Әкімшілік істі қарап, әкімшілік орган, лауазымды адам:
1) әкімшілік актіні қабылдау;
2) әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімдердің бірін шығарады.

Әкімшілік акт




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет