1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


§2. Әкімшілік процестің принциптері



бет2/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
§2. Әкімшілік процестің принциптері
Әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу осы тарауда баяндалған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттарының бұзылуы оладың сипатына және елеулі болуына қарай шешімдерді, әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күші жойылуына әкеп соғады.
Заңдылық қағидаты
Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімдерді өз өкілеттіктері шегінде және Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Сот әкімшілік істерді қараған және шешкен кезде
Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдардың, ҚР ӘҚБтК-тің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданылуға жататын басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
Соттар адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес. Егер сот заң немесе қолдануға жататын өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп санаса, ол әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді тоқтатып, бұл актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауға міндетті. Сот Конституциялық Кеңестің шешімін алғаннан кейін іс бойынша іс жүргізу қайтадан жалғастырылады.
Заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген, конституциялық емес деп танылған әкімшілік істерді қарауға уәкілетті соттардың шешімдері жойылуға жатады.
Даулы құқықтық қатынасты реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда, сот соған ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда, дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының жалпы негіздері мен мәніне сүйене отырып шешеді.
Әділеттілік қағидаты
Әкімшілік орган, лауазымды адам және сот әкімшілік істі қараған кезде объективтілік пен бейтараптықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрбіріне тең мүмкіндікті қамтамасыз етуге және әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге олардың құқықтырын іске асыру үшін жағдай жасауға міндетті.
Егер Қазақстан Республикасының заңында немесе дау тараптарының келісімінде тиісті мәселелерді сотта шешу көзделсе, сот бұл мәселелерді әділеттілік және ақылға қонымдылық өлшемшарттарын негізге алып шешуге міндетті.
Қорғалу құқығы
Кез келген тұлға бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін заңда белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде, жеке және заңды тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен басқа тұлғалардың немесе айқындалмаған тұлғалар тобының бұзылған немесе дауланатын заңды мүдделерін қорғау туралы талап қойып, сотқа өтініш жасауға құқылы.
Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында заңда белгіленген тәртіппен талап қойып, сотқа өтініш жасауға құқылы.
Егер Қазақстан Республикасының заңында дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі белгіленсе, сотқа өтініш жасау осы тәртіп сақталғаннан кейін ғана болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында шетелдік тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары сияқты әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотта қорғауға өтініш жасау құқығын пайдаланады, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей процестік міндеттерді орындайды. Соттарында Қазақстан Республикасы азаматтарының процестік құқықтарын шектеуге жол берілетін мемлекеттердің шетелдік тұлғаларына қатысты заңнамада шектеулер белгіленуі мүмкін.
Ешкімнің де өзінің келісімінсіз Қазақстан Республикасының заңында ол үшін көзделген соттылығы өзгертіле алмайды.
Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа өтініш жасау құқығынан бас тартуға мәжбүрлеу заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа өтініш жасау құқығынан бас тарту жарамсыз болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет