1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


§3. Тіркеу өндірісінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктері



бет21/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
§3. Тіркеу өндірісінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктері
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі №2198 Заңымен заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуді реттейді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеруді, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға есептік тіркеу туралы анықтама беруді, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізуді қамтиды.
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудiң және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаттары
-Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
-заңды тұлғаның құрылу, қайта тіркелу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу, қайта ұйымдастырылу және қызметінің тоқтатылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу, есептік қайта тіркелу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу және қызметiнің тоқтатылу фактiсiн куәландыру;
-Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және өз қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
-Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу;
-заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу мақсатында жүзеге асырылады.
Тiркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер
Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар
Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тіркеуші органға осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және екі данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi.
Акционерлiк қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттарын қоспағанда, коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды. Акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу үшін қазақ және орыс тілдерінде жасалған, нотариат куәландырған жарғы қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңның 6-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу кезінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның рұқсатының бар-жоғы туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы алады.
Тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органға мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімімен құрылған олармен үлестес тұлғалардың тізбесін ұсынады.
Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу
кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi қол қояды не шетелдiк немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына бередi.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші органға береді.
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ тұлғаларды қоспағанда, шетелдік қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:
-құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесінің көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;
-нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.
Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi мемлекеттік тiркеу "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Саяси партиялар туралы", "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" және "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тіркеуші органға бір мезгілде коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат не шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделгендерден басқа қандай да бір құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңның 6-1-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы міндетті түрде банктік шот ашуға және жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түспей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.
Екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктік шот ашудан бас тартуға құқылы.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде субъект Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектісінің критерийлеріне сәйкес санатты дербес айқындайды және оны өтініште көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет