1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы



бет17/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
Байланысты:
дәріс1

Әкімшілік актілердің нысандары
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әкімшілік акт жазбаша және (немесе) электрондық құжат нысанында қабылданады. Егер әкімшілік рәсім өтініш негізінде қозғалған болса, әкімшілік акт жазбаша және (немесе) электрондық нысанда ғана қабылданады. Әкімшілік акт ауызша немесе өзге нысанда қабылданады, егер:
1) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау талап етілсе;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге жағдайларда әкімшілік акт ауызша немесе өзге нысанда қабылданады.
Ауызша немесе өзгедей нысанда қабылданған әкімшілік акт әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша өтінішха мәлімделген күні жазбаша және (немесе) электрондық құжат нысанында ресімделуге тиіс.
Әкімшілік актіге қойылатын жалпы талаптар
Әкімшілік акт заңды және негізделген болуға тиіс.
Әкімшілік акт түсіну үшін анық, бірізді қолдануды қамтамасыз етуге, ол қолданылатын адамдар қатарын толық айқындауға тиіс.
Жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қабылданған әкімшілік актінің мазмұны
Жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қабылданған әкімшілік актіде:
1) әкімшілік актіні қабылдаған әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
2) әкімшілік актінің қабылданған күні;
3) әкімшілік акт адресаты туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды тұлғалар үшін: атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны;
4) әкімшілік актіні қабылдаған кезде шешілетін мәселелердің сипаттамасы және әкімшілік акт негіздемесі;
5) лауазымды адамның қолы көрсетіледі.
Жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қабылданған әкімшілік актінің негіздемесі, егер:
1) әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаған;
2) әкімшілік орган, лауазымды адам бір нысана туралы үздіксіз күнтізбелік отыз күн ішінде саны бестен асатын ұқсас әкімшілік актілерді қабылдаған немесе өзінің интернет-ресурсында орналастыруды қоса алғанда, әкімшілік актілерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған және әрбір жеке жағдайда негіздеу қажеттігі болмаған;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда талап етілмейді.
Жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қабылданған әкімшілік акт қолданысы әкімшілік актінің қолданыс мерзімінен аспайтын қосымшалар мен басқа да қосымша құжаттарды қамтуы мүмкін.Қосымшалар мен басқа да қосымша құжаттар әкімшілік актінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізу
Жазбаша нысанда қабылданған әкімшілік акт ҚР ӘҚБтК-тің 64-бабына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізіледі. Электрондық нысанда қабылданған әкімшілік акт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізіледі. Ауызша нысанда қабылданған әкімшілік акт ауызша хабарлау арқылы әкімшілік рәсімге қатысушыға назарына жеткізіледі. Өзге нысанда қабылданған әкімшілік акт оны көріп және (немесе) естіп қабылдау үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізіледі. Мемлекеттік құпияларды құраушы мәліметтерді немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын әкімшілік акт, егер әкімшілік актінің адресаты туралы мәліметтер белгісіз болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда интернет-ресурстарда орналастыруға жатады.
Жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзету
Әкімшілік орган, лауазымды адам өзінің бастамасы бойынша немесе әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша әкімшілік актінің мазмұнын өзгертпей, әкімшілік актіде жіберілген жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзетуге құқылы.
Әкімшілік орган, лауазымды адам түзету үшін қажет құжатты талап етуге құқылы.
Жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзету туралы өтінішхатты қарау арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жаңылыс, қате жазулар және арифметикалық қателер лауазымды адамның қолымен расталады. Түзетілген әкімшілік актінің көшірмесі әкімшілік акт түзетілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әкімшілік рәсімге қатысушыға жіберіледі.
Әкімшілік актінің күшіне енуі, қолданысқа енгізілуі және қолданысының тоқтатылуы
Әкімшілік акт, егер онда анағұрлым кеш мерзім көрсетілмесе, қабылданған кезден бастап күшіне енеді. Әкімшілік акт ҚР ӘҚБтК-тің 82-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізілген кезден бастап қолданысқа енгізіледі. Әкімшілік актіде көзделген оқиға болған, оның талаптары орындалған, әкімшілік актінің күші жойылған немесе қолданыс мерзімі өткен кезден бастап әкімшілік акт қолданысын тоқтатады.
Заңсыз әкімшілік актінің күшін жою
Қабылдану тәртібі және (немесе) мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін әкімшілік акт заңсыз деп есептеледі. Заңсыз әкімшілік актінің толық немесе бір бөлігінде күші жойылуы мүмкін. Заңсыз ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт міндетті түрде күші жойылуға жатады. Осында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер әкімшілік рәсімге қатысушының сенім құқығы Қазақстан Республикасы заңдарымен қорғалуға жатса, заңсыз қолайлы әкімшілік актінің күшінің жойылуына жол берілмейді. Әкімшілік рәсімге қатысушы мына:
1) әкімшілік рәсімге қатысушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) әкімшілік акт заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен, прокурордың, қылмыстық қудалау органының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы органның (лауазымды адамның) белгіленген құқыққа қарсы әрекеттерді жасау нәтижесінде қабылданған;
3) әкімшілік акт мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің қауіпсіздігін қозғаған не адамдар өміріне, денсаулығына ауыр еңсерілмес салдарға алып келуі мүмкін болған;
4) жағдайларда сенімді қорғау құқығына сілтеме жасауға құқылы емес.
Заңсыз қолайлы әкімшілік акт осы баптың 5-бөлігінде көзделген жағдайларда күші жойылуға жатады.
Заңды әкімшілік актінің күшін жою
Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде және талаптарына сәйкес қабылданған әкімшілік акт заңды болып есептеледі. Заңды әкімшілік актінің толық немесе бір бөлігінде күші жойылуы мүмкін. Заңды ауыртпалық түсіретін әкімшілік актінің, мұндай актінің күшін жоюға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, әкімшілік орган, лауазымды адам күшін жоюы мүмкін. Заңды қолайлы әкімшілік актінің, егер:
1) әкімшілік актінің күшін жою мүмкіндігі Қазақстан Республикасының заңдарында және әкімшілік актіде көзделсе;
2) әкімшілік акт талаппен қабылданған және бұл талап орындалмаса не тиісінше
орындалмаса, күші жойылуы мүмкін.
Әкімшілік актіні орындау тәртібі мен мерзімдері
Әкімшілік акт барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және орындалуға тиіс. Әкімшілік актіні, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, оны қабылдаған әкімшілік орган, лауазымды адам орындауға енгізеді. Әкімшілік акт, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе әкімшілік актіде өзгеше белгіленбесе, бес жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет