Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру шарттары Лицензиялар лицензиардың орналасқан жері бойынша беріледі. Егер жергілікті атқарушы органдар немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиарлар болып табылса, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша:
1) олардың қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаны не шетелдік заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін тіркеу орны бойынша;
2) Қазақстан Республикасының аумағында филиалы немесе өкілдігі жоқ шетелдік заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, оның қызметті жүзеге асыру орны бойынша беріледі.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтiнiш;
2) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оған патрондардың айналымына байланысты қызметті, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті, күзет қызметін жүзеге асыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – жарғысының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
3) заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;
4) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтініш берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезінде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi де және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган да белгiлей алады.
Лицензиясы бар қызмет түрi немесе әрекет (операция) шеңберiнде жарамды лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) өтiнiш;
2) өтініш берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
3) ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттар.
Егер иеліктен шығару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда иеліктен шығарылуы мүмкін "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияларды қоспағанда, лицензиялар иеліктен шығарылмайтын болып табылады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты мен экспорты саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 37-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімдерде береді.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (бұдан әрі – лицензиялық алым) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес лицензия (лицензияның телнұсқасы) беру (қайта ресімдеу) кезінде, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген өзге де жағдайларда алынады.
Лицензиялық алымның мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленеді. Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту, егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген
қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды беруден бас тарту үшін қосымша негіздерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына және импортына лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша негіздер "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық құжат нысанындағы уәжді бас тартуды лицензиар өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдерде береді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;
6) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
Рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар.
Атауы өзгерген қызмет түріне лицензиясы бар лицензиат лицензияны алдын ала қайта ресімдеген жағдайда, лицензияға қосымша алуға құқылы.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:
1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша өтiнiштi;
2) лицензияларды қайта ресімдеу жағдайлары үшін – "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты;
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды
қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін;
4) ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттарды ұсынады.
Осында көзделген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтінішті өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беруге тиіс.
Лицензияны осы 7) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта ресімдеген жағдайда, өтініш берушінің лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беру мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексермейді.
Осы көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған қайта ресімдеуден бас тартады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қажеттігі көзделсе, осы талаптарға сәйкес келмеу де лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Бір немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметіндегі бір немесе одан көп сынып лицензияланатын қызмет түрінен алып тасталған жағдайда, өтініш беруші тиісті нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енген күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияның қосымшасымен бірге лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Қаржы саласындағы қызмет және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс лицензияланатын қызмет түрі және (немесе) кіші түрі мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, өтініш беруші тиісті нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енген күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Осы көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензиар лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.
Қайта ресімделген лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 48-бабының ережелері сақтала отырып, электрондық нысанда ресімделеді.
Егер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 34-бабында өзгеше мерзім белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді лицензиар осында көзделген құжаттар берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Бұдан әрі ең жауапты кезең басталады - лицензиялық іс материалдарын қарау, оның мақсаты лицензия іздеушінің лицензиялық талаптарды орындау мүмкіндігін тексеру болып табылады. Лицензиялық іс жүргізуде лицензиялық істі қарау сатысының өз ерекшеліктері бар. Лицензияға өтініш беруші өзінің және оның қызметкерлерінің тиісті біліктілік дайындығы, материалдық-техникалық базасы және т.б. болуын растауы керек, бұл оған лицензияланған қызметті қауіпсіз жүргізуге, құқықтық актілердің талаптарына сәйкес нормативтік-техникалық талаптарды орындауға, арнайы білімді тиісті түрде қолдануға, лицензиаттың кейбір басқару функцияларын орындау кезінде экономикалық стандарттар мен ұйымдастырушылық әкімшілік ережелерді сақтауға мүмкіндік береді. Қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін лицензия беру туралы өтінішпен жүгінген жағдайда ізденуші міндетті: * өзінің қаржылық дәулеттілігін растау; * кадрлық құрамның біліктілік деңгейі туралы мәліметтерді ұсыну. Үшінші кезең-лицензиялық іс бойынша шешім қабылдау, оның мақсаты алдыңғы сатыларда билік субъектілерінің және лицензиялық іс жүргізуге өзге де қатысушылардың іс жүргізу әрекеттерімен дайындалған қызметтің нақты түрін жүзеге асыруға лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы негізделген шешім қабылдау болып табылады. Лицензия беруші орган барлық қажетті құжаттармен бірге лицензия беру туралы өтініш түскен күннен бастап 45 күннен аспайтын мерзімде лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тиісті шешім лицензиялаушы органның бұйрығымен ресімделеді. Лицензиялар беру жөніндегі іс жүргізу қорытындылары бойынша екі негізгі шешімнің бірін қабылдауға болады: а) лицензия беру туралы; б) өтініш беруші рұқсат етілмейтін, жеткіліксіз немесе дұрыс емес дәлелдемелер ұсынғанына байланысты лицензия беруден бас тарту туралы. Лицензия беруші органның лицензия беру туралы бұйрығына (өкіміне) және лицензияға мынадай мәліметтер енгізіледі: 1. лицензиялаушы органның атауы; 2. заңды тұлғаның толық және (Бар болған жағдайда) қысқартылған атауы, оның ішінде фирмалық атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны, оның орналасқан жерінің мекенжайы, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру орындарының мекенжайлары, заңды тұлғаны құру туралы жазбаның мемлекеттік тіркеу нөмірі; 3. дара кәсіпкердің тегі, аты және (Бар болған жағдайда) әкесінің аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, оның тұрғылықты жерінің мекенжайы, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру орындарының мекенжайлары, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы жазбаның мемлекеттік тіркеу нөмірі; 4. салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; 5. лицензияланатын қызмет түрін құрайтын орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көрсетіле отырып, лицензияланатын қызмет түрі; 6. лицензияның нөмірі және тіркелген күні; 7. лицензия беруші органның лицензия беру туралы бұйрығының (өкімінің) нөмірі мен күні. Лицензиялар қатаң есептілік құжаттары болып табылатын және полиграфиялық өнімді қолдан жасаудан қорғалған бланкілерде ҚР Үкіметі бекіткен нысан бойынша (үлгілік нысан) ресімделеді. Сондай-ақ лицензия лицензиатқа оның талабы бойынша электрондық қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін. Лицензия беруші органның лицензия беруден бас тарту туралы бұйрығында (өкімінде) лицензияны ізденуші туралы мәліметтер және лицензия беруден бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі көрсетілуге тиіс. Лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешімдер лицензиялар беру жөніндегі іс жүргізуді аяқтайтын басқарма актілерінің негізгі түрлері болып табылады. Алайда, іс жүзінде шешімнің үшінші түрін шығаруға болады - іс бойынша іс жүргізуді тоқтату, дегенмен заңнамада мұндай мүмкіндікті реттеу жоқ. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату нәтижесінде болуы мүмкін: * ізденушінің өтінішті кері қайтарып алуы; * істі қарау барысында оның лицензиялаушы органның ведомстволығына жатпайтынын анықтау; * қызметтің осы түрімен айналысуға лицензияның бұрын лицензиатқа берілген мән-жайын анықтау; * белгілі бір салада лицензиялаудың күшін жоятын не лицензиялаудың шарттары мен тәртібін Елеулі өзгертетін нормативтік актіні қабылдау; * өтініш беруші ретінде әрекет ете алмайтын адам, яғни қабілетсіз субъект өтініш берген жағдайды анықтау. Лицензия беруден бас тарту туралы іс бойынша шығарылған шешімге ізденуші шағым жасай алады. Алайда, іс жүзінде шешімнің үшінші түрін шығаруға болады - іс бойынша іс жүргізуді тоқтату, дегенмен заңнамада мұндай мүмкіндікті реттеу жоқ. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату нәтижесінде болуы мүмкін: * ізденушінің өтінішті кері қайтарып алуы; * істі қарау барысында оның лицензиялаушы органның ведомстволығына жатпайтынын анықтау; * қызметтің осы түрімен айналысуға лицензияның бұрын лицензиатқа берілген мән-жайын анықтау; * белгілі бір салада лицензиялаудың күшін жоятын не лицензиялаудың шарттары мен тәртібін Елеулі өзгертетін нормативтік актіні қабылдау; * өтініш беруші ретінде әрекет ете алмайтын адам, яғни қабілетсіз субъект өтініш берген жағдайды анықтау. Лицензия беруден бас тарту туралы іс бойынша шығарылған шешімге ізденуші шағым жасай алады. Лицензиялық іс жүргізудің қорытынды, төртінші сатысы лицензия беру (беруден бас тарту) туралы қабылданған шешімнің орындалуы болып табылады. Бұл кезеңде бағынышты емес субъект қызметтің тиісті түрін жүзеге асыру кезінде белгіленген лицензиялық талаптарды орындауға міндеттенетін лицензиат болады. Лицензиялық өндірістің ерекшелігі-лицензия беру туралы шешім қабылдаған атқарушы орган лицензиат туралы ақпараттың барлық өзгерістерін тиісті мемлекеттік тізілімге енгізе отырып, лицензиялық бақылауды жүзеге асыру және лицензиялық істі жүргізу міндеттерін өзіне жүктейді. Лицензиялық өндірісте орындау сатысының негізгі кезеңі лицензиат туралы деректерді тізілімге енгізумен байланысты. Бұдан әрі лицензиатқа қызметтің нақты түрін жүзеге асыру құқығына Лицензиялау туралы Заңның талаптарына сәйкес ресімделген лицензия беріледі. Заңда белгіленген жағдайларда мұндай лицензиялар электрондық түрде берілуі мүмкін. Сондай-ақ, лицензиат лицензияланатын қызмет түрін тиісті шешім мемлекеттік тізілімге енгізілгеннен кейін бірден (тиісті шешім қабылданғаннан кейінгі келесі күні) жүзеге асыра бастайтынын атап өткен жөн. Лицензияның қағаз немесе электрондық нысанын алу шешім қабылдау фактісін ғана растайды.