1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


Әкімшілік істі алдын ала тыңдауға дайындау мақсатында судья



бет35/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59
Әкімшілік істі алдын ала тыңдауға дайындау мақсатында судья:
1) талап қоюшыға талап қоюдың жоюға болатын кемшіліктерін көрсетеді және оларды түзету үшін, әдетте, мұндай талап табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді, оған соттың талаптарын орындамаудың процестік салдарларын түсіндіре отырып белгілейді;
2) әкімшілік істі дұрыс және уақтылы қарау мен шешу үшін қажетті, ҚР АПК-де көзделген процестік әрекеттерді жүргізеді.
Судья жауапкерді ҚР АПК-нің талаптарына, әкімшілік іске (бар болса) сәйкес дайындалған және ресімделген жазбаша пікірді он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беруге міндеттейді.
Талап қоюшы алдын ала тыңдау сатысындағы пікірмен танысады.
Пікірді судья белгілеген мерзімде ұсынбау ақшалай өндіріп алуды қолдану үшін негіз болып табылуы мүмкін және әкімшілік істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.
Талап қоюмен бір мезгілде келіп түскен талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья талап қою келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Осы бес күндік мерзім өткен соң талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз келіп түскен кезде арызды судья ол сотқа келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей шешеді.
Судья әкімшілік істі дайындалған деп танып, тараптарға және әкімшілік процестің басқа да қатысушыларына әкімшілік істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабарлайды.
Сот талқылауын жүргізудің тәртібі мен ерекшеліктері
Сот талқылауы, сот отырысын өткізу тәртібін, төрағалық етушінің өкілеттіктерін, хаттама, оның ішінде қысқаша хаттама жасау, сот отырысын тіркеп-бекіту, соттың өтінішхаттарды шешу және дәлелдемелерді зерттеу тәртібін қоса алғанда, осы бапта белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте қысқаша хаттама мәтінді автоматты түрде тану жолымен алынған аудиожазбаның мәтінін ашып жазумен бірге жүруге тиіс.
Әкімшілік іс бойынша сот жарыссөздерінен кейін сот шешім шығаруға кетеді. Сот шешімнің қарар бөлігін сот отырысының залында жария етеді. Сот шешімінің қарар бөлігі жария етілгеннен кейін төрағалық етуші оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарын, шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді, шешімнің түпкілікті нысанда жасалған және әкімшілік іске қатысушы адамдар оның көшірмесін ала алатын күн туралы хабарлайды.
Әкімшілік іске қатысушы адамдар келмеген жағдайда шешімді сот отырысында жариялану жүргізілмейді.
Егер шешімнің қарар бөлігін жария ету тікелей сот отырысы аяқталғаннан кейін жүргізілмесе, онда төрағалық етуші сот отырысы залындағы адамдарға жария ету күні мен уақытын хабарлауға міндетті.
Жариялау тәртібі іс бойынша іс жүргізу аяқталатын өзге де сот актілеріне қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет