1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы



бет43/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
ӘҚБтК-тің 742-бабына сай (Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар), ӘҚБтК-тің 64-1-бабында көзделген жағдайда, сондай-ақ қылмыстық заңнамада көзделген қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болуына байланысты материал прокурорға, сотқа дейінгі іс жүргізу органына берiлген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу ӘҚБтК-те көзделген тәртiппен тоқтатылуы мүмкiн.
Хабардар ету (хабарлама)
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша iс жүргiзуге қатысушыларға істің қаралатын немесе жекелеген процестік әрекеттердің жасалатын уақыты мен орны туралы хабарланады және олар хабардар ету арқылы (хабарламамен) сотқа, органға (лауазымды адамға) шақырылады. Істің қаралатын уақыты мен орнын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада да көрсетуге болады.
Хабардар ету (хабарлама), оның тапсырылғаны туралы хабардар етуі бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар не хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі. Егер істе көрсетілген мекенжай бойынша адам шын мәнінде тұрмаса, хабарлама немесе шақыру заңды мекенжайы бойынша немесе оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Заңды тұлғаға арналған хабардар ету (хабарлама) оның тұрған жері бойынша жіберіледі.
Хабардар ету (хабарлама):
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың тиісті бағанында әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның қолы болған;
2) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабардар етуге қол қойып тапсырылатын тапсырыс хатпен, жеделхатпен адам хабарланған жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады. Заңды тұлғаға арналған хабарлама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне тапсырылады, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, тапсырылғаны туралы хабардар ететін хабарламаны алғаны жөнінде қол қояды;
3) хабарланатын адам іс бойынша іс жүргізу процесінде көрсеткен және өзінің қол қоюымен растаған, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар жіберілген;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға мемлекеттік кіріс органы электрондық тәсілмен хабардар етуді (хабарламаны) жіберген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады.
4-1. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама мынадай жағдайларда:

  1. көлік құралы меншік иесінің (иесінің) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып

жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне табыс етілгені туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабардар етуге қол қойып табыс етілетін тапсырыс хатпен жіберілген жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады. Заңды тұлғаға жіберілген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне табыс етіледі, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, табыс етілгені туралы хабардар етуге нұсқаманы алғаны жөнінде қол қояды;
2) адресат айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы алудан бас тартқан жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады. Бұл ретте оны жеткізуші адам табыс етілгені туралы хабардар етуге тиісті белгі жасайды, ол нұсқамамен бірге жөнелтушіге қайтарылады;
3) лауазымды адам айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы көлік құралы меншік иесінің (иесінің) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қол қойғызып тікелей табыс еткен;
4) айыппұл төлеу қажеттігі туралы өзінің атына шығарылған нұсқамалар туралы хабарламаларды алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде көлік құралының меншік иесі (иесі) көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне мәтіндік хабар жеткізілген жағдайда, тиісінше жеткізілді деп танылады.
Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүзеге асырылатын адам өзі көрсеткен тұрғылықты жері (тұрған жері) мекенжайының, жұмыс орнының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының дұрыс екендігімен танысқанын өзінің қол қоюымен растайды, ал көрсетілген мекенжайларға жіберілген хабардар ету (хабарлама) тиісінше және жеткілікті деп есептелетін болады.
5-1. Өзіне қатысты іс қозғалған адамға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің өзге де қатысушыларына ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлама арқылы сотқа келу туралы хабардар етуді алуға келісімі туралы талон беріледі, шығыстар олардың өз есебінен төленеді.
Талонның үзілетін бөлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесімен бірге беріледі.
Адресат хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартқан кезде, оны жеткізетін
немесе тапсыратын адам сотқа, органға (лауазымды адамға) қайтарылатын хабардар етуге (хабарламаға) тиісті белгі соғады.
Адресаттың хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартуы істі қарауға немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасауға кедергі болып табылмайды.
§4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде дәлелдемелер мен дәлелдеу.
Дәлелдемелерді және дәлелдеу процесін құқықтық реттеу тәртібі мен ерекшеліктері
Дәлелдемелерді, дәлелдемелер ретінде алынбайтын нақты деректерді, дәлелдеу мәні мен дәлелдемелердің дереккөздерін, сондай-ақ дәлелдемелерді (дәлелдеуді) жинақтауды, зерттеуді, бағалауды және пайдалануды құқықтық реттеудің тәртібі және дәлелдемелер мен дәлелдеу туралы басқа да ережелер заңда белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің нормаларында айқындалады.
Дәлелдеу міндеті
Талап қоюшы өз мүмкіндіктеріне сәйкес дәлелдемелерді жинақтауға қатысуға міндетті. Берілген талап қою түріне қарамастан, талап қоюшы өз құқықтарының, бостандығы мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы белгілі болған уақытты дәлелдеуге міндетті.
Дәлелдеу ауыртпалығын:
1) даулау жөніндегі талап бойынша - ауыртпалық түсіретін әкімшілік актісін қабылдаған жауапкер;
2) мәжбүрлеу туралы талап бойынша - сұратылып отырған әкімшілік актіні қабылдаудан бас тарту үшін негіз болған фактілер бөлігінде жауапкер және өзі үшін қолайлы әкімшілік актіні қабылдауға негіз болған фактілер бөлігінде талап қоюшы көтереді.
Егер жауапкер нақты жағдайда талап қоюшы қалаған әкімшілік актіні шығаруды болдырмайтын нақты шарттардың болуына сүйенсе, мұндай шарттарды дәлелдеу бойынша міндет осы жауапкерге жүктеледі;
3) әрекеттердің жасалуы туралы талап қою бойынша – сұратылып отырған әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасаудан бас тарту үшін негіз болып табылған фактілер бөлігінде жауапкер және өзі үшін қолайлы фактілер бөлігінде талап қоюшы;
4) мойындау туралы талап қою бойынша:
қандай да бір құқықтық қатынастардың болуын немесе болмауын растайтын фактілер бөлігінде талап қоюшы;
әкімшілік актісінің жарамсыздығын жоққа шығаратын фактілер бөлігінде жауапкер;
заңды күші жоқ ауыртпалық түсіретін әкімшілік актінің, сондай-ақ қандай да бір жасалған әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) заңдылығына негіз болған фактілер бөлігінде жауапкер көтереді.
Жауапкер әкімшілік актісінде аталған негіздемелерге ғана сілтеме жасай алады. Егер барлық дәлелдемелерді зерттегеннен кейін істің нәтижесіне байланысты қандай да бір факт дәлелденбей қалса, оның теріс салдарын осы фактіні дәлелдеудің ауыртпалығын көтеретін тарап көтереді.
Дәлелдеу ерекшеліктері
Сот формальды қателерді жоюға, түсініксіз сөйлеулерді нақтылауға, істің мәні бойынша өтінішхаттарды беруге, толық емес нақты деректерді толықтыруға, процестің барлық сатыларында істің мән-жайларын толық анықтау мен объективті бағалау үшін маңызы бар барлық жазбаша түсіндірмелерді беруге жәрдем көрсетуге міндетті.
Егер әкімшілік процеске қатысушылар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болып табылса, сот оларды өз бастамасы бойынша жинайды.
Сот тараптардың түпкілікті шешім шығару кезінде рұқсат етілетін дәлелдемелердің жарамдылығы туралы өтінішімен байланысты емес.
Әкімшілік процеске қатысушылар сот талап еткен құжаттарды, сондай-ақ қажетті
мәліметтерді ұсынуға міндетті. Сот бұл құжаттарды белгілі бір мерзімге талап ете алады.
Қатысушылар бұл құжаттарға электронды құжаттарды, құжаттарды не оларға сілтеме жасалған үзінді көшірмелерді қоса беруге міндетті.
Тараптар қандай да бір дәлелдемені жоюға немесе жасыруға не дәлелдемелерді алуға мүмкіндік тудырмай немесе қиындата отырып, өзге тәсілімен оны зерттеу мен бағалауға кедергі келтіруге құқылы емес. Мұндай жағдайда, кедергі келтіруші тарапқа жүктеуі мүмкін.
Сотты ол белгілеген мерзімде дәлелдемелерді ұсынудың мүмкін еместігі туралы хабардар етпеген, сондай-ақ сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша сот талап еткен дәлелдемені ұсыну міндеті орындалмаған жағдайда, сот ҚР ӘҚБтК-тің 126-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.
Егер осы құжаттар немесе актілер мазмұнының ашылуы заңмен қорғалатын мүдделерге нұқсан келтірілуі мүмкін жағдайда не олар мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын болса, сот осы құжаттарды немесе актілерді, сондай-ақ мәліметтерді жабық сот отырысында зерттеу туралы ұйғарым шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет