1. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы кеңестік биліктің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары


Фашистік басқыншылықтан Отанды қорғаудың басталуы



бет2/4
Дата19.04.2023
өлшемі18,16 Kb.
#84386
1   2   3   4
Байланысты:
1. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы кеңестік биліктің сырт-melimde.com

Фашистік басқыншылықтан Отанды қорғаудың басталуы
Кеңес әскері қатарында барлық республиканың және барлық ұлттың өкілдері жаумен бірлесіп шайқасты. Олардың арасында 18–50 жас аралығындағы барлық ер адамдардың 70%-ын құраған 1 млн 366 мың қазақстандық болды. Сондай-ақ еңбек армиясы мен арнайы құрылыс бөлімдеріне 700 мыңдай адам мобилизацияланды (әскерге немесе жаппай қара жұмысқа алу). Яғни әрбір бесінші қазақстандық майданға және еңбек армиясына аттанды. Қазақстандықтардың басым бөлігі майдандағы әскерді толықтыру- ға шақырылса, шамамен үштен бірі республикада құрылған құрама- лар мен бөлімдерге алынды. Республика офицер кадрларын және әскер мен флотқа резерв- тер дайындауға үлес қосты. 1941–1945 жылдары 42 мыңнан аса жас қазақстандық әскери оқу орындарына жіберілді. Ал республи- ка аумағында жұмыс істеген 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. Жалпыға міндетті оқу, спорт және басқа да қоғамдардан 2 млн-ға жуық адам алғашқы жауынгерлік даярлықтан өтті. Шымкент қаласындағы Чугуев әскери авиаучилищесінде үш рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған И.Н.Кожедуб оқыды. Қазақстан әскери комиссариаттары шақырған адамдардан рес- публикадан тыс жерлерде ірі құрамалар жасақталды. Атап айт- қанда, 1942 жылдың бас кезінде Чкалов облысында жасақталған 196-атқыштар дивизиясы жауынгерлері құрамының 80%-ы қазақтар еді. Өзбекстан аумағында әскери құрамалар жасақтау үшін Оңтүстік Қазақстан облысының әскери комиссариаты көп адам жіберді. Шыршықта жасақталған 69-атқыштар дивизиясының құрамына Шымкенттің, Ащысайдың, Мақтааралдың, Арыстың жұмысшылары мен ұжымшар еңбекшілері кірді. Қазақстандықтарды майданға жұмылдырудың жоғары пайыздық көрсеткішке ие болуы республиканың аграрлы ел болуына байланыс- ты еді. Ал жұмысшыларды, инженерлік-техникалық қызметкерлерді жұмыста қалдыру мүлдем кеш, соғыстың аяқталатын кезінде енгізілді. 700 мың еңбек жауынгері, солардың ішінде 200 мың егде жастағы қазақ арнайы жер аударылғандармен және әскери тұтқындармен бірге Оралдың, Сібірдің, Қиыр Шығыстың қорғаныс нысандарын салуға қатысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет