Соғыс майдандарындағы, партизандық қозғалыстарда, қарсы тұру
қозғалыстарындағы қазақстандықтардың ерлігі.
Жаумен ұрысқа шегарашылар, Кеңес әскерінің батыс шегаралары маңындағы құрама- лардың офицерлері мен солдаттары бірінші болып кірісті. Олардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ қазақстандықтар нағыз ерлік пен батырлықтың небір үлгілерін көрсетті. Брест шегаралық жауынгерлерінің құрамында жаудың алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, Г.Абдрахманов, атқыштар В.Горянов, К.Иманқұлов, артиллерияшы Г.Жұматов, минометші В.Фурсов төтеп беріп, айрықша ерлікпен көзге түсті. Владимир-Волынский түбінде Кеңес Одағының Батыры С.Гуденко өзінің соңғы ерлігін жасады. Ол ақтық демі таусылғанша қоршауда қалған дот гарнизонын басқарды. Мурманск іргесіндегі алыс шеп- терде пулеметшілер Қ.Қайдаров, Г.Оқасов және К.Теміржанов дұшпанды өткізбей, жандарын құрбан етті.
1941 жылы 26 маусымда Н.Ф.Гастелло мен А.Масловтың (оның экипажының құрамында Б.Бейсекбаев болды) екі экипажы Минск облы- сы Радошковичи кентінің маңында дұшпандар- ды бомбалап, әуеден соққы жасады. Осы кезде зақымдалған ұшақтардың бірі неміс танкілері шоғырланған жерге әдейі барып соқтығады. Ұшақ экипаждары өз өмірлерін қиып, дұшпанға едәуір шығын келтірді. Осы ерлікті жасады деп есепте- ген Н.Ф.Гастеллоға қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Алайда 1951 жылы ол жерленген жерден басқа экипаждың сүйектері табылған. Тек 90-жылдардың соңында ғана тарихи шындық ашылып, ерлікті жасаған А.Масловтың экипажы екені айтылды . 1998 жылы экипаж құрамындағы Б.Бейсекбаевқа Ресейдің Батыры және Қазақстанның «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Ленинград үшін болған шайқастардағы қазақ- стандықтардың ерлігі. Ленинград үшін шайқас Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылдың 10 шілдесінен 1944 жылдың 10 тамызына дейін созылды. Кеңес қарулы күшінің негізгі мақсаты Ленинградқа (қазіргі Санкт-Петербург) неміс-фашист және фин әскери күштерін өткізбей, оларға соққы беру болатын. Үш жылға жуық (900 күн) уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл Солтүстік-Батыс бөлігін қамтыды. Қазақстандықтар да Ленинградты ерекше ерлікпен қорғады. 1941 жылдың қыркүйегіндегі ауыр күндерде қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» жырын арнады. Онда көпұлтты еліміздің бүкіл еңбекшілерінің ой-пікірін, сезімі мен алаңдаушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы әнұранына айналды. 1941 ж ылдың 9 қыркүйегінен бастап ақмолалық 310-атқыш- тар дивизиясы, ақтөбелік 312-атқыштар дивизиясы, кейінірек петропавлдық 314-атқыштар дивизиясы Ленинград қорғанысында қоршауды бұзуға белсене қатысты.
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |