Байланысты: 1. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы кеңестік биліктің сырт-melimde.com
Халық шаруашылығының әскери жағдайға ауысуы. Қазақстан – Отан соғысының тылы Соғыс-шаруашылық жоспа- рына сәйкес республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Онсыз да әскери талаптарға сай мемлекеттік басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесі соғыс жағдайларына одан сайын бейімделе түсті. Кейбір мекемелер жаңа міндеттерді орындау үшін қайта ұйымдас- тырылса, басқалары жаңадан құрылды. Ең алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді. Жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды адамдарды жұмылдыру, автомобиль-жегін көлік міндеттілігін енгізу туралы шешімдер қабылдау кеңінен пайдаланылды. Қала тұрғындары да аэродромдарды тазалау, өндірілген отынды тасу сияқты жұмыстарға тартылды. Жаңа мұнай кәсіпшіліктерінің, Қарағанды шахталарының, Жезді, Шығыс Қоңырат, Мырғалымсай, Найзатас кеніштерінің, бірқатар байыту фабрикаларының, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының, Текелі және Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылысы жедел қарқынмен жүргізілді. Соғыс жағдайына бейімдеудің ең күрделі буыны өндіріс саласы болды Аса қиын жағдайларда жұмыс істеген қазақстандық геологтер марганецтің бірнеше кен көздерін ашты. Солардың ішінде Жезқазған ауданының Жезді шатқалындағы кеніш ең сапалы болып шықты.
Жезді марганец кенін ашуда Қ.И.Сәтбаев және Жезді геология-барлау партиясының ұжымы ерекше еңбек сіңірді. 1942 жылы өте қысқа мерзімнің ішінде (38 күн) даладағы шөлейт жерде Жезді марганец кеніші бой көтерді. 1942 жылы маусымда құрылыс жүргізумен қатар кеніш кен өндіріп, оны Магнитогорск комбинатына жөнелте бастады. Ақшатау молибден-вольфрам комбинатын тұрғызу аса ірі екпінді құрылыс болды. Балқаш мыс қорыту зауыты елдегі ең басты мыс өндірушіге айналды. Ертіс және Қарсақбай мыс қорыту (балқыту) зауыттары мыс балқыту қарқындарын үдетті. Қарсақбай зауытында тұңғыш рет ауырсалмақты мысты балқыту игерілді. Соғыс экономикасы тарихында Қарағанды кеншілері мен Ембі мұнайшыларының ерен еңбектері ерекше атауға тұрарлық. Қазақстанның ұжымшар шаруалары аса күрделі жағдайларда еңбек етті. 1942 жылы республиканың егістік алқаптары жаңа тың жерлерді игеру есебінен ұлғайды. Қант қызылшасының, техни- калық дақылдардың көлемі көбейді. Қазақ КСР-і елдегі қызылша егетін аудандардың біріне айналды. Соғыстың бірінші жылында-ақ 55 мың әйел механизатор мамандығын игерді. Соғыс жылдарында Батыс Қазақстан облысының Буденовка МТС-ында жұмыс істеген П.Ангелинаның әйелдерге «тракторға отырыңдар» деген үндеуі үлкен маңызға ие болды.