Абай философиясындағы адам мәселесі бойынша эссе-негіздеме



Дата29.09.2023
өлшемі19,38 Kb.
#111284
Байланысты:
Курмангазиева А Р философия 7 апта


Абай философиясындағы адам мәселесі бойынша эссе-негіздеме
Жер бетінде ерекше жаратылған тіршілік иесі – Адам, оның пайда болуы, әлемдегі алатын орны, қоғамды құру мен дамытудағы рөлі, адам адамның рухани дүниесі мен танымының қабілеттері философиялық ой дамуының қай кезеңінде болмасын назардан түспегенін айтпасақ та түсінікті. Адам мәселесінің түйіні философия үшін әлі де жұмбақ, толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: «Барлық заттың өлшемі-адам» деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан»,- депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Адам мәселесіне толғанып, түйінін шешуге тырысқан, шығармалар жазған ғұламалар қаншама!? Олардың айтқан нақыл сөздері, еңбектері,қалдырған іздері үлкен мұра болып қала бермек.
Мен үшін солардың ішіндегі ең ерекшесі Хәкім Абай дер едім. Себебі, оның өлеңдері, қара сөздері адасқан адамға жол сілтер Темірқазық іспеттес. Абай Құнанбайұлын оқи отырып, адам – адал, қайырымды, әділетті болып қалыптасады. Оның шығармаларының негізгі мақсаты – адамға тура жолды сілтеп, жөн көрсету, өзгеге қиянат келтірмей, жақсылық жасауға ұмтылу, білім іздеп, қанағатшыл болу. Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Әуезов Абайдың: «ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады»;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады.
Абай өз өмірін шығармашылыққа арнады. Шығармалары арқылы халқының қамын ойлайтын, кемелденген адам тәрбиелеуге арнады. Бұған оның «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген сөзі дәлел. Ұлы ойшыл адамның жақсы-жаман қасиеттеріне көп көңіл болды. Адам баласын қор қылатын қасиеттерді атап көрсетті: надандық, зұлымдық, еріншектік . Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі адамның жақсы қасиеттерінің негізі деп білді. Осы жақсы қасиеттерді бойында ұстау үшін адам білім, ғылым іздеуі тиіс деп топшылады. Осындай нағыз Адам болудың дайын үлгісі тұрғанда, ешкімнің жаман болуға құқығы жоқ. Хәкім Абай айтып кеткен көркем мінездерді бойымызда ұстай білсек, жамандыққа бой алдырмасақ, нағыз aдам бола аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет