2. Су және сулы ерітінділердің өндірістегі, ауылшаруашылығындағы және тұрмыстағы маңызын анықтаңыз Тірі ағзада судың атқаратын ролі:
ағзада зат алмасу процестеріне белсене қатыса отырып қоректік заттардың тасымалдануы мен сіңірілуін қамтамасыз етеді;
адам ағзасының 60% судан тұрады;
ағзадағы судың 42% жасушаның ішкі сұйықтығын құраса, қалғаны - сыртқы (жасушааралық) сұйықтықты құрайды;
су тіршілік процестерінде, атап айтқанда ісіну, осмос т.б. белсенді роль атқарады, қанда және ұлпаларда онкотикалық қысымның белгілі бір шамасын құрайды;
күнделікті судың қажеттілігі 1 кг дене салмағына ересек адам үшін 35 г, сәби үшін 100-130 г құрайды;
Адам ағзасы 20% суды жоғалтқанда жасушаларда болатын қайтымсыз өзгерістердің нәтижесінде адам қазаға ұшырайды.
Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор . Су болмаса , өсімдік өспейді . Жануарлар да , адам да сусыз тірішілік ете алмайды . Фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет .Сусыз ас дайындау да мүмкін емес . суды ішеміз , сумен жуынамыз , кір жуамыз .Мұхит , теңіз , өзен – көлдер табиғатқа ерекше тартымдылық түр береді . Өзен – көлдердің жағасы керемет демалыс орны ретінде пайдаланылады.
Жер бетінде су көп . Бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді.Адамның пайдалануына тұщы су қажет . Тұщы сулар өзен – көлдерде , мұздықтарда және жер астында кездеседі . Жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда . Оның азаюына адамның әсері көп .
Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс . Зауыт , фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс . Ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады.
Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр адам ескеруі тиіс . Суды үнемді пайдалану керек . Егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең , оны бұрап бекіт . Суды ретсіз шашып , ысырап етуге болмайды