1. Химия пәнін ағылшын тілінде кіріктіріп оқытудың жолдарын ұсыныңыз
Қоғамның қазіргі кездегі әлеуметтік тапсырысы жаратылыстану – математикалық, химия – биологиялық пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру. Осы ретте химия пәнін ағылшын тілі пәнімен ақпараттандыру негізінде кіріктіре оқыту тиімді:
- Химия пәнінде қолданылатын негізгі терминдердің ағылшын тілінде аудармаларын үйрету, глоссариймен жұмыс істеу;
- Ақпарат көздерін пайдалану, ондағы мәліметтерді ағылшын тілінде пайдалану;
- Мазмұн сабақтастығын сақтай отырып ағылшын тілінің үндесуін қамтамасыз ету;
Ең бірінші сабақта химияға тоқталу керек. Себебі ол -ағылшын сабағы емес, -химия сабағы. Сондықтан химия сабағында көп кездесетін сөздердің қарапайым терминологиясын пайдаланған дұрыс.
Atom / атом/ ˈэтэм
|
грек. atomos (“indivisible”, “бөлінбейтін”)
|
Molecule / молекула/ ˈмоликьюл
|
лат. moles (“химиялық қасиетін сақтайтын бөлшек ”)
|
Element / элемент / ˈелимент
|
лат. elementum (“a first principle”, “алғашқы зат”, “стихия”)
|
Сабақты жоспарлаған кезінде пән мұғалімі сабақтың оқу мақсаттарын да, тілдік мақсаттарын да тұжырымдай алуы керек. Пәнді-тілдік кіріктірілген сабақта пәнді-тілдік кіріктіре оқытудың түбегейлі амалдарның бірі мәтінмен жұмыс істеу болсада, сабақта сөйлеу іс-әрекеттерінің барлық түрлері болуы керек. Оқу материалын таңдап алғанда оқушылардың жас ерекшеліктеріне және тілдік дайындық деңгейіне жауап беретіндей, стилі жағынан алуан түрлі түпнұсқалық мәтіндерді таңдау қажет.Тапсырмалар мынадай түрде берілуі керек:
-сұрақ-жауап, анықтама-термин, бөлік-тұтас;
-қалып қойған жерлерін толтыруға жататын тапсырмалар (көбіне сұрақтары бар парақшалар таратылады);
- нақты ақпаратты іздестіруге бағытталған тапсырмалар;
- сөзді табуды көздейтін ойындар;
-мәтін бойынша 20 сұрақ қойыңыз, бұл арада әр түрлі сұрақтар көрнекі схема түрінде болады;
Сонымен қатар сабақтарда аудио- және бейнематериалдарды пайдалануға болады. Нақты терминдердің ағылшын тіліндегі түсіндірмесі оқыту тілінде беріледі. Бұл тапсырмалар өз бетінше тұжырым жасау қабілетін дамыту, пікірталас, білім, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сөздікпен жұмыс, сызба-нұсқалар құрастыру, топтастыру, сәйкестендіру, семантикалық карта, мәтін аудару сияқты әдістерді сабақ барысында қолданамын барлық тапсырмалар химиялық терминдерді ағылшын тілінде жазу, жаттау, сәйкестігін табу, шағын мәтіндерді аудару болып табылады.
Химия сабағында «Matter», «Заттар олардың қасиеттері, таза заттар және қоспалар» тақырыбын өткенде осы тақырып аясында аталатын сөздерге ағылшынша-қазақша сөздік берілуі керек. Химия сабағында ғылыми терминдерді ағылшын тілінде қолдану өте қолайлы, әрі сабақ қызықты өтеді, үш тілде білімдерін кеңейтеді. Сабақтың ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды «I know you» әдісі арқылы топқа бөлу. Оқушылар жалғыз тұрғанда атомдар болып табылады, егер де мұғалім «5 атом молекула болып жиналып тұрыңыздар» -десе, олар 5 адамнан тұратын топты құрастырулары қажет және т.б. Әрбір топ нақты бір түсті стикер алады. Әр топ таңдаған стикердегі атауларына байланысты тест сұрақтарына жауап береді. Тест сұрақтары алдыңғы «Safety rules in laboratory» тақырыбына құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |