1. Топырақ пен ауа шекарасында заттардың тасымалдануын талдаңыз. Топырақ жер бетiнде Күннiң энергиясы заттардың екi айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық жəне заттардың топырақ, өсiмдiктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы- кiшi немесе биологиялық айналымды туғызады. Екi айналым да бiр-бiрiмен тығыз байланысты.
Топырақ түзуші тау жыныстарының құрамымен салыстырғанда топырақ бетіндегі ауаның құрамы, ондағы кездесетін аз элементтердің қатынас мөлшері өте алшақ.
Ауадағы азот – топыраққа берілетін азоттық негізгі көзі əрі биологиялық тірі организмдерге қажетті белок түзетін элемент. Топыраққа ол ауадан түсетін ылғалдар жəне ауадан aзотты сіңіретін микроорганизмдер арқылы келеді. Ауаның құрамындағы екінші негізгі элемент – оттегі. Онымен тотықтандыру реакциялары, соған байланысты тау жыныстарының үгілуі мен топырақ түзілу құбылыстары тікелей байланысты. Озон – ауа құрамындағы өте аз, өте белсенді тотықтырғыш.
Жасыл өсімдіктер үшін жəне топырақ түзуде ауадағы көмір қышқыл газының маңызы ерекше. Жасыл өсімдіктердің жапырағы арқылы фотосинтез жүреді. Осының нəтижесінде көмір қышқыл газындағы көміртегі өсімдіктердің барлық органикалық бөліктерін түзеді: олар кейін топыраққа беріледі.
Органикалық заттардың 46 шіріп-ыдырау құбылыстарынан пайда болған топырақтың қара шіріндісінде (гумус) көміртегінің үлесі – 58%, ол негізінен ауадағы көмірқышқыл газынан түседі.
2. “Изомерия” тақырыбына химиямен пәнаралық байланыс тапсырмасын ұсыныңыз «Изомерия» түсінігімен алғаш оқушыларды таныстырған сәтте химия пәнін қазақ тілімен байланыстыруға болады. Ол үшін тақтаға «қышқыл – қылшық», «азот – озат» «колба – бокал» сөздер жазылады. Сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу ұсынылады. Әріптері бірдей сөздер, әріптер орыны ауысқанда басқа мағына беретіндей құбылыс химияда бар, ол «изомерия» д.а. Мыс: