1. Электромагниттік сәуленің табиғаты және оның негізгі сипаттамалары, эмс спектрі Электромагниттiк сәуле спектрi


Сипаттауыш спектрлерді талдау нәтижесінде атомдардың К, L, M,… рентгендік термдері болатындығы анықталды



бет38/47
Дата11.12.2023
өлшемі6,59 Mb.
#137730
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
Сипаттауыш спектрлерді талдау нәтижесінде атомдардың К, L, M,… рентгендік термдері болатындығы анықталды.
Сонымен әрбір элементтің өзінің меншікті, тек өзіне тән сипаттамалық рентген сәулесінің спектрі болады.оптикалық спектрлерден өзгешелігі рентгендік спектрлер жеткілікті турде карапайым және бір элементтен екінші элементке жүйелі турде өзгеріп отырады. Рентгендік спектрлердің осы сипаты бір элементтен екінші элементке ауысканда ішкі электрондық кабыктар құрылымы емес, осы кабаттарды толтыратын электрондардың байланыс энергиясыөзгеретіндігімен тусіндіріледі.


47.Мозли заңы. Атомның әрбір электроны ядро мен “ішкі” және “сыртқы” электрондар тудыратын электр өрісінде болады. Сыртқы электрондар өрісінің ішкі электрондар энергиясына ешқандай әсері жоқ десе де болады. Сондықтан рентгендік деңгейлердің энергиясы бірінші жуықтауда сутегі тәрізді атомдар формуласына ұқсас формуламен есептеледі:
. (11.2)
Сутегі атомы формуласынан айырмашылығы бұл формулада nl түзетуі бар. Осы түзету тасалау (экрандау) тұрақтысы деп аталады; ол ядро өрісінің электрондармен экрандалуын ескереді. nl Z-ке тәуелді емес деуге болады, бірақ n мен -ге тәуелді. Жеңіл атомдардың К-қабығындағы электрондар үшін осы қабықтың негізінен екінші электроны экрандаушы әсер етеді; осы жағдайда 1. Жеңіл атомдардың L-қабығының электрондар үшін 8. nl-ның дәл мәндері тек тәжірибе жүзінде анықталуы мүмкін. Электронынан айрылған атом энергиясы оң таңбалы. Сондықтан, (11.2) формула мен сутегі атомы үшін формуланың таңбалары әр түрлі болады.
Энергияның сақталу заңына сәйкес рентген кванттарының энергиясы атомның алғашқы және соңғы күйлері энергияларының айырымына тең
(11.3)


Экрандау тұрақтысын деңгейлер үшін емес, тікелей спектрлік сызықтар үшін енгізуге болады. Сонда (11.3) формула ықшамдырақ түрге келеді
. (11.4)
(11.3) формуладан элемент неғұрлым ауыр болса, оның шыға-ратын сипаттамалық рентген сәуле-лерінің толқыны, соғұрлым қысқа (жиіліктері үлкен) болатыны көрі-неді. Сөйтіп рентген сәулесінің толқынының ұзындығы элементтің атомдық нөміріне тәуелді. Осы заңдылықты 1913 ж. ағылшын физигі Мозли тәжірибе жүзінде ашқан. Ол К-серияның берілген сызығы жиілігінің квадрат түбірінің элементтің Z атомдық нөміріне тәуелділігі сызықтық байланыспен өрнектелетінін тағайындаған (11.5-сурет):


(11.5)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет