анықтайтын F толық кванттық санымен сипаттайды. I және j берілген жағдайда векторының абсолют шамасы = (2) мұндағы Ядроның спині болған жағдайда j кванттық санымен сипатталатын әрбір энергетикалық деңгей дәл осыншама жеке деңгейшелерге жіктеледі (1а-сурет). Сутегі және сутегі тәрізді иондар үшін А тұрақтысының шамасы A= , (3) Мұнда R- Ридберг тұрақтысы ; нәзік түзіліс тұрақтысы. А тұрақтысы арқылы
формуланы ықшамдап жазуға болады . (4) Деңгейлер арасындағы көшулер мына сұрыптау ережелерін ΔF=0,±1 ( көшуден басқа) қанағаттандырады. (4) өрнегіне сәйкес көрші деңгейлердің арақашықтығы мынаған
- (5) тең болатындықтан,спектрлік сызықтардың аса нәзік түзіліске жіктелуі мына өрнекпен анықталады: (6) Аса нәзік түзіліс құраушыларының арақашықтықтары аралықтар ережесін қанағаттандырады: …=(F+1):(F+2):(F+3):… (7) Бұл ереже тәжірибеде өте дәл орындалады.Мұның өзі аса нәзік түзіліс табиғатының дұрыс түсіндірілгендігін көрсетеді және спектрдің аса нәзік түзілісі бойынша тікелей ядролық спиндерді анықтауға мүмкіндік береді. Сутегінің жеңіл изотопы үшін ядро спині I=1/2.Атомның негізгі күйі 1 (n=1,l=0,j=1/2) үшін F=I±j: болады.Сонымен,сутегі атомының 1 деңгейі екі деңгейшеге жіктеледі(2-сурет). Аса нәзік түзіліс,әрине,сутегі атомының 1 деңгейінде ғана емес қозған деңгейлерінде де бар.Бұл жағдайда n,l,j кванттық сандар өскен жағдайда жіктелу шамасы тез кемиді.Бір элемент изотоптары ядроларының спиндері әр түрлі болатындықтан,әрбір изотоп үшін өзінің,басқадан өзгеше аса нәзік түзілісі болады.