Дөрекі тербелістік түзіліс:прогрессиялар.Айналысқа байланысты нәзік түзілісті ескермегенде (1) формуланы мына түрде жазуға болады Е=Eэл+Етерб н/еε= εэл+ εтерб (см-1) εν=(ν+1/2)ν̃е- (ν+1/2)2ν̃ех̃е (см-1) теңдеуін пайдаланамыз,сонда ε= εэл+ (ν+1/2)ν̃е -х̃е(ν+1/2)2ν̃е (см-1), ν=0,1,2... (2) Қарастыруды оңайлату үшін негізгі электрондық күйден болатын жұтылу спектрін қарастырайық.Осы жағдайда барлық молекулалар іс жүзінде ең төменгі тербеліс күйінде,яғни ν΄΄=0 күйінде болады.Сонд. 1-суретте көрсетілген ауысулардың ғана елеулі интенсивтігі болады.Бұлар ν΄ ж/е ν΄΄мәндері бойынша белгіленген,яғни (0,0),(1,0),(2,0) ж/е т.т. Ауысулардың жиынтығы ν΄-прогрессия д.а.Жиілік өскенде прогрессия жолақтары өзара жақындаса беретіні суреттен көрініп тұр.Осы жоғары тербеліс күйлерінің ангармониялығы,қозған тербеліс деңгейлерінің жақындасуын тудырады. (2) теңдеуді пайдаланғанда спектр былай өрнектеледі Δε= Δεэл+Δεтерб ν спектр =(ε΄- ε΄΄)+[ (ν΄+1/2)ν̃΄е-х̃΄е(ν΄+1/2)2ν̃΄е]- [(ν΄΄+1/2)ν̃΄΄е-х̃΄΄е(ν΄΄+1/2)2ν̃΄΄е] (3) Электрондық-тербеліс ауысулардың нәзік түзілісі.Екі атомды молекуланың электрондық спектрі бір шекараға жинақтала түсетін сызықтардың бір н/е бірнеше серияларынан тұрады, бұл өзі электрондық ауысудың «дөрекі» тербелістік түзілісі.Бірақ осы «сызықтардың» әрқайсысы не кеңейген әрі жайылған жолақ сияқты,не егер спектрлік құралдың ажыратқыштығы жеткілікті үлкен болса, онда жақын орналасқан көп сызықтарға жіктеледі.Осылай спектрдің нәзік,айналыс түзілісі байқалады.Борн-Оппенгеймер жуықтауына сәйкес екі атомды молекуланың толық энергиясы мынаған тең: ε= εэл+ εтерб+BJ(J+1)(см-1)(4) Толық энергия өзгерісін былай өрнектеуге болады: Δε= Δ(εэл+εтерб)+Δ[BJ(J+1)] )(см-1)(5) ν̃сп=ν̃(ν΄, ν΄΄)+ Δ[BJ(J+1)]